Тақырыбы: «Келді, міне, Жаңа жыл»



Дата02.05.2023
өлшемі46 Kb.
#88896

Тақырыбы: «Келді, міне, Жаңа жыл».
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір - біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.
Мереке өтетін бөлме әдемі безендірілген. Шырша шамдары өшіп тұр. Ақшақар орман ішімен әндетіп келе жатады.
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса,- деп әндетіп, билеп келе жатып кілт тоқтайды.
- Ой, біздің әсем шыршамыздың шамдары неге жанбай қалған, мен балаларды жаңа жылдық кешке қонаққа шақырған едім. Енді не істеймін, кімнен сұрасам екен?- деп ары – бері қарап жүреді. Бір кезде шырша түбінен қорсылдап жылаған дауыс шығады. Сәбізін ұстаған қояндар жыламсырап отырады.

Ақшақар: Ақ қоян - ау, ақ қоян


Неге жылап отырсыңдар?
1. Қоян: Бәрі - бәрі жақсы - ау, бірақ біздің әсем шыршамыздың шамдарын мыстан әже келіп өшіріп кетті. Тойды жасамайсыңдар деді.
2. Қоян: Мыстан әже Аяз атаны да адастырып жіберемін деді.
Ақшақар: Ой, енді балаларға не деймін, енді қайттім?
2. Қоян: Ақшақар түлкіден сұрасақ қайтеді, оның қулығында шек жоқ қой, сау болыңыздар! бізге осы қулығыңмен көмектес, біздің жаңа жылдық шыршамыздың әсем шамдарын
Мыстан Ақшақар: Ендеше түлкіден көмек сұрайық.
Сол кезде жолмен жортып, әндетіп түлкі келе жатады.
Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бәріңде маған жетпейсің
Алдымнан келсе, өтпейсің ля, ля, ля, деп Ақшақар мен қояндарға кездеседі.
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Түлкіжан, сенің қулығыңда шек жоқ қой, сен әже өшіріп тастапты. Бүгінгі жаңа жыл мерекесін қалай тойламақпыз. Мыстан әженің жүрегін жылытып, қалайда шамдарды жағуымыз керек.
Түлкі: ә, ым, м - деп түлкі ойланып тұрады. Ә, жарайды, мені - мен бірге жүріңдер, кеттік,- деп өзі, мен түлкімін, түлкімін деп
әндетіп, бірге жүріп отырып, мыстан әжеге келеді.
Мыстан: Неге келдіңдер, неғып жүрсіңдер менің үйімде? Шығыңдар, кетіңдер.
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Мыстан әже.
Түлкі: О, біздің құдіретті Мыстан әже біз ең алдымен сізді құттықтағалы келдік.
2. Қоян: Сізге әкелген сыйымызда көп.
1. Қоян: Бізбен бірге шырша мерекесін тойлауға шақырамыз, қалай қарайсыз?
Мыстан: Ым, м, әуелі менің бір шартым бар, менің көңілімді көтеріңдер....
Ақшақар: Ендеше бәріміз қалыс қалмай бар өнерімізді ортаға салайық.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Құрметті ата - аналар. қонақтар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жаңа жылға арнап әзірлеген «Балауса» тобы балаларының ән - жырын қабыл алыңыздар!
Хор: Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
Мыстан: Ой жарайсыңдар балалар, менің көңілімді көтердіңдер. Енді шамдарды жағайын.
Мыстан: Балалар маған көмектесіңдерші «Шырша шамы жарқыра» деп 3 рет дауыстап айтайықшы.
Жүргізуші: Мыстан әже енді біздің бір топ балаларымыздың тақпақтарын тыңдап көріңіз.
Мансур: Жасыл шырша төрдегі,
Дейді бәрің көр мені!
Неткен әсем құлпырып,
Ойыншықтар тұр тұнып.
Ә. Ақерке: Жаңа жылды қарсы алып
Барлық бала ән салып.
Ақша қар жүр би билеп,
Қол соғады барша жұрт.
Сымбат: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
С. Аружан: Той мереке, салтанат
Думандаты шартарап.
Келді міне жаңа жыл,
Тартуларын арқалап.
Азамат: Бүгінгі кеш көңілді,
Шаттық қайда да.
Сүйеміз біз өмірді
Қызық айнала.
Би: Гномдар
Орындайтындар: Д. Бағдаулет, К. Бағдаулет, Нұрлыбек,Нұрислам, Жанболат.
Жүргізуші: Балалар біздің тойымызда кім жоқ?
Балалар: Аяз ата
Мыстан: Балалар мені кешіріңдерші, мен Аяз атаны сиқыр - лап адастырып жіберіп едім. Маған көмектесіңдерші.
Аяз ата: Алыс - алыс жерлерден
Ормандардан, белдерден
Биік - биік таулардан
Белес асып, баулардан
Сыйымызды сендерге
Ұсынуға келемін
Өнеріңді көрсетсең
Хош алып, сый беремін!
Сәлеметсіңдер ме, балақайлар, қонақтар, келген жылымыз құт - береке, ырыс - мереке әкелсін.
Жүргізуші: Балалар енді Аяз ата арнап ән айтайық.
Хор: Сәлеметсің бе Аяз ата
Жүргізуші: Енді балалардың Аяз ата мен Ақшақарға арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Ақниет: Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып, қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Жанел: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындым Аяз атаны.
Гүлстан: Ақ қыс келіп сән құрды,
Тау, далаға жараса.
Әйнектердің сан түрлі,
Әшекейі тамаша.
А. Анел: Аяз ата, Ақшақар!
Келіңіздер ортаға
Біз сіздерді сағындық
Асыға күттік қаншама
Д. Бағдаулет: Қараңыз мынау шыршаға
Неткен әсем көрікті
Жаңа жылдық думанға
Аяз атада келіпті.
Мыстан: Аяз ата балалар жаңа жыл деп ән айтып, би билеп жатыр. Сенің жаңа жылың қайда?
Аяз ата: Ойбуй кәрі басым - ай ұмытып кетіппін ғой, жаңа жылым қайда екен? Әлде оның басын адастырып жібердің бе?
Мыстан: Жо - жоқ жаңа жылды адастырғаным жоқ.
Тосын сәт: Залға жылан жылы келеді
Жылан: Сәлеметсіңдер ме шат - шадыман балалар, Қадірменді қонақтар! Жаңа жылда мына мені
қарсы алғандарыңа қуанып тұрмын.
Әдемі - әдемі ән салып, бұрала - бұрала билеп берсеңдер, менде інімнен шығып, сендерді қуантуға әрдайым әзір боламын.
Би: Батырлар биі
Орындайтындар: Берікболсын, Ерасыл, Мадияр, Аңсат, Арнұр, Нұрбақыт.
Ән: «Қошақаным»
Орындайтын: И. Әнель, Ақайша, Қ. Аяжан
Хор: «Жасыл шырша жанында»
Жүргізуші: Тағы да бір топ балалар тақпақтар айтқысы келіп тұр екен.
Б. Ерасыл: Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңалық ізде сен
Жаңа ән, жаңа жыр
Жазып бер бізге сен
Жаңадан көп түрлі
Машина бергейсің
Жаңадан көк сырлы
Үйлерге кіргейсің
Ақбота. М: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Алмажан: Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық, бәріміз
Күліп, ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз
Гүлсая: Жаңа жыл, жаңа жыл
Тамаша тойымыз.
Алақай, алақай!
Өседі бойымыз.
Нұрбақыт: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Жүргізуші: Бір топ балаларымыздың орындауында орыс биін тамашалаңыздар.
Орындайтындар: Мансұр, Ақбота, Берікболсын, Жұлдыз - ай
Ән: «Балдырғандар» маршы
Орындайтындар: А. Аяжан, Перизат, Ақжан.
Жанболат: Аяз беттен өбеді,
Ай барады жылыстап,
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Нұрлыбек: Шыршамызда керемет
Ойыншықтар тағылған,
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
К. Бағдәулет: Көрсін біздей балғынды
Көңілденсін ол енді.
Шырқатайық ән жырды
Шырқатайық өлеңді.
Нұрислам: Әдемілеп біз ілген
Ойыншақтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Енжарлықты тастайық
Шырша тойын бастайық
Хор: Ақшақар
Мыстан: Балалар мен шаршадым, үйіме қайтайын. Сендерге көп рахмет. Сау болыңыздар.
Ақайша: Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер.
Аңсат: Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз
Өлеңде әзір, ән де әзір
Ойында әзір, бәрі әзір
Кел, жаңа жыл біздерге
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
Арнұр: Мол сыйлықпен келер ол
Шырқатып ән салар ем
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен
Жұлдыз - ай: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Перизат: Жүзімде қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт
Келе жатқан жаңа жыл,
Әкелсін көп жақсылық!
И. Әнел: Балалар да көңілді
Би билеп жүр ән салып
Ақайша: Жаңа жыл жаңа өмірді
Қуанышпен қарсы алып
Жүргізуші: Біздің бір топ қыздарымыздың орындауында түрік биін тамашалаңыздар.
Орындайтындар: Ж. Аружан, А. Әнел, Ө. Ақбота, Жанел.
Жүргізуші: Біздің Алмажанның орындауында
«Бақытты баламыз» әні.
Ж. Аружан: Әкелсін жыл ырыс - құт,
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылым тамаша!
А. Аяжан: Тілеймін мен бар әлемде
Дос көп болсын жанашыр
Ата - әжә, ата - әже,
Құтты болсын жаңа жыл.
Мадияр: Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Папа - мама, папа - мама
Құтты болсын жаңа жыл!
Абылай: Төрлет кәне, жаңа жыл
Үлестір құт береке
Көп қуаныш ала жүр
Көп болсыншы мереке.
Қ. Аяжан: Тізбек шамдай жұлдыздар
Көкке мойын бұрғызар...
Әшекейлеп әйнекті
Өрнек салды түнгі ызғар...
Бүгін бәрі өзгерек,
Жарқын күлкі,
Сөз бөлек....
Тілек айтып, күттік біз:
«Кел, жаңа жыл, төрле!»- деп...
Жүргізуші: Енді біздің Берікболсын баламыздың аяз ата туралы өлеңін тыңдап көрейік.
Берікболсын: Шеберін - ай аяздың
Әйнектерді қағаз қып
Бірнеше ою ойыпты
Әшекейлеп қойыпты
Жапырақтың, гүлдердің.
Сан алуан түрлерін
Өркештерін өр таудың
Мүйіздерін арқардың
Бәрін - бәрін анық қып
Айнытпай - ақ салайық
Суреттерді әр үйге
Әйнектердің бәріне
Түнде салып береді
Көз қалай көреді?
Жүргізуші: Жаңа жылды тойлауға
Дайындалды қанша қыз
Ұлпақар болып ортада
Би билейді шаттана
Би: «Ұлпа қарлар» биі
Орындайтындар: -----------
Хор: «Шырша» әні
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар осыменен «Балауса» тобы балаларының дайындаған ән - жыры аяқталды. Қош, сау болыңыздар.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,


Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі
Баймұратова Айсауле

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет