Сценарий 2024 жыл Бастауыш сыныпқа арналған



Дата26.12.2023
өлшемі17,74 Kb.
#143891
түріСценарий

Төрлет, төрлет жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2024 жыл)
Бастауыш сыныпқа арналған

Жүргізушілер: Аққу


АЯЗ АТА - а
АҚШАҚАР - Аяжан
ЛУНТИК – Асылназ
АРА – Нұрайым
АЮ – Аяулым.
МАША – Сабина
СМЕШАРИКИ – Мөлдір, Амира
СПАНЧ-БОБ – Нұрмұхамбет

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.


1 Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
(Мерекелік музыка ойналады)
2 Жүргізуші:
Случилась радость на дворе,
К нам Новый год подкрался!
Сверкают ели в серебре,
Чтоб каждый улыбался.

Шыршаның артынын Лунтик -- Ара - шығады да:


Тым алыстан, Айдан келдім
Досымды да ерте келдім
Сендермен ойнап – күліп
Көп қызыққа батар едім

Секіріп билеп жүрген Лунтик пен араның алдынан Аю - мен Маша - шығады.



Лунтик: Сәлеметсіздер ме Аю, Маша!

Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін
Қасыма ертіп Машаны
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.

Барлығы қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана Смешариктер келеді.


Смешариктер –

Сәлем, достар, аман ба?


Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көніл ашайық.
Бәрі билеп жатқанда,
Босқа қарап тұрмайық

Барлығы бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына Спанч боб келеді



Спанч боб :
Тра - ля - ляй! Тра - ля - ляй!
Өнершіл аңдар - ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге бір сәлем.

Бәрі қосылып, билейді.Оқушыларды да билетеді.


БӘРІ БІРГЕ: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ал, енді қәне балалар ойын ойнайық:
1.
2.

Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Ақша қар! Ақша қар! – деп айғайлап шақырады.
Аяз ата мен Ақшақар шығады
Аяз ата мен Ақшақар би билетеді

Лунтик: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1 - 2 - 3
Аяз - ата: Ал, енді балапандардың өнерін тамашалайық
Сыныптар өнер көрсетеді.
27.12.23 - 0 – 1 – 2 сыныптар
28.12.23 - 3-4 сыныптар

Смешарики:Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма?


Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет