Тақырыбы: Кіріспе. Цитология тарихы. Клетка теориясының негізгі ережелері Клетка биологиясы пәнi



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі23,99 Kb.
#12441
  1   2   3
Байланысты:
клет биол


Тақырыбы: Кіріспе. Цитология тарихы. Клетка теориясының

негізгі ережелері
Клетка биологиясы пәнi - адам, жануарлар мен өсімдік организмiндегi клеткалардың дамуын, құрылысын, қызметiн, олардың пайда болғанынан өлгенге дейiнгi тiршiлiк әрекетiн зерттейтiн ғылым.

Клетка биологиясы биология мамандығында дербес пән, осы атаумен шет елдерде ертеден аталады, ТМД мемлекеттерiнде цитология атауы кең қолданылады. Сондықтан клетка биологиясы - цитология жалпы және арнайы деп екiге бөлiнедi. Клетка – адам, жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар организмдерінің ең қарапайым құрылымдық, қызметтік бірлігі.

Жердегі көптеген организмдер (саны, мүмкін биологиялық салмағына орай, әлде түрлер санына байланысты) – бір клеткалы: олардың денесі тек бір ғана аталған қапшықшадан тұрса, өте ірі – ақ саңырауқұлақ, қарағай немесе адам организмдерінде – олар көптеген қапшықшалардан тұрады. Адам организмінде олар 1013 — 10.000.000.000.000 (10 триллионнан) артық. Қандай да таңқаларлық болса да, олардың әр қайсысы – тірі болып келеді. Ол барлық тіріге тән қасиеттерге ие болады. Оның ішіндегі ең бастысы сол, ол бөлінуге қабілетті, әрі тұқым қуалаушылық қасиетін сақтайды.

Қазіргі әртүрлі зерттеу әдістері (авторадиография, иммунохимия, цитохимия және басқа) көмегімен клетканың ядро аппаратында, цитоплазманың тұрақты қосындыларында және сыртқы жарғақшасында өтетін өте күрделі қызмет процестері - өсу, даму, қарқынды және төмен белсендiлiгi, қайтадан қалпына келуі, қартаюы, басқа күйдегi құрылым заңдылықтары мен ерекшелiктерi және тiршiлiк әрекеттерi анықталып, олар туралы құнды ақпараттар алынған.

Сыртқы ортаның әсері, атап айтқанда клеткаға түрлі сыртқы және ішкі әсерлерден пайда болған жайттарды клетка аралық және клетка матриксінің өзара қарым-қатынасын зерттемей бағалау мүмкін болмайды. Мұндай зерттеулер қатерлі өспелердің өсу механизмдерін, күшіктеуін (метастаз), организмдегі иммундық қадағалауды түсінуге мүмкіндік береді. Ол обыр, иммунды дерттерді емдеуге қажет жаңа тәсілдерді әзірлеуге көмектеседі.

«Клетка биологиясы» пәнінің негізгі міндеттеріне: 1) Клетканың микроскопиялық, субмикроскопиялық және химиялық құрылымын одан әрі зерделеу; 2) Клетка құрылымының және өзара іс-қимыл жасау қызметтері; 3) Клеткаға заттардың ену тәсілдері, олардың шығуы және бұл процестердегі жарғақтың рөлі; 4) микроорганизмдер мен сыртқы ортадан пайда болатын жүйке мен гуморальді әсерлерге клеткалар реакциясы; 5) бүліну әсерлеріне деген клеткалар реакциясы; 6) қалыпты клеткалардың обыр түріне ауысуы және басқалар жатады.

Жасуша теориясы – жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым. Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т.Шванн (1838-1839жж.). жануарлар жасушасын зерттеген Т.Шванмен қатар, жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М.Шлейден де атсалысты. Олар өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т.Шванн мен М.Шлейден жануарлар мен өсімдіктер ағзасының органикалық табиғаты біртекті екендігін көрсете білді. Осылайша “Өсімдіктер мен жануарлардың дамуы, олардың құрылысындағы ұқсастықтар туралы микроскоптық зерттеулер” атты еңбегінде жануарлар ұлпасы өсімдіктердегі сияқты жасушадан тұратындығын көрсетіп, жария етті. Сөйтіп атақты клетка теориясын жарыққа шығарды. Бұл ілім барлық организмдер өте ұсақ құрылым бірлігі – жасушалардан құрылатынын, олардың іріктелген тобы организмде белгілі қызмет атқаратынын дәлелдеді. Жаңа жасуша тек басқа жасуша екіге бөлінгенде ғана пайда болатыны баяндалды. Клетка теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады. Оның негізгі қағидалары:


  1. Клетка – тірі ағзаның тым ұсақ құрылымдық бірлігі;

  2. Жануарлар мен өсімдік организмінегі әртүрлі ұлпалар жасушалары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан, цитоплазмадан, негізгі органеллалардан құралған;

  3. Жасуша тек бөліну арқылы көбейеді;

  4. Жасушалар біртұтас ағзаның бір бөлігі.

Клетка теориясы дамуын 5 кезеңге: ХIХ ғасырға дейiнгi; ХIХ ғасырда теорияның пайда болуы; теорияның ХХ ғасырдың ортасына дейiнгi дамуы; ХХ ғасырдың ортасындағы теорияның дағдарысы; теорияның қазiргi күйi деп бөлуге болады.

Клетка теориясының даму кезеңдері



Жылдары

Ашылған жаңалықтар


1590 ж.

Ағайынды Янсендер алғашқы микроскопты құрастырды

1665 ж.

Роберт Гук «клетка» атауын енгізді

1696 ж.

Антони ван Левенгуктың өзі микроскоппен көрген микробтар мен басқа микроскоптық объектілер жайлы еңбегінің жариялануы

1833 ж.

Р.Броун өсімдік клеткасын сипаттап жазды

1939 ж.

М.Шлейден мен Т.Шванн ядрошықты ашты және клетка теориясының негізгі қағидаларын ұсынды

1859 ж.

Рудольф Вирховтың: «әрбір клетка - клеткадан» деген принципінің жариялануы. (М.Шлейден мен Т.Шванн организмдегі клетка клеткалық емес заттан пайда болады деп қате пікір айтты)

1880 ж.

Уолтер Флемминг хромосомалар мен клетканың бөлінуі (митоз) кезінде жүретін процестерді сипаттады

1892 ж.

И.И.Мечников фагоцитоз құбылысын ашты

1903 ж.

Генетика дами бастады

1930 ж.

Электронды микроскопия белсенді дами бастады, бұл ғалымдарға клетка органоидтарын егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік берді

Қазіргі кезде ғалымдардың еңбектері тұжырымдалып, жасушаның құрылысы, тіршілік әрекеттері, дамуы, маңызы толық айқындалды. Қазіргі заманғы клеткалық теорияның негізгі қағидалары мыналар:

  1. Барлық қарапайым және күрделі организмдер қоршаған ортамен зат, энергия, биологиялық ақпаратпен алмасуға қабілетті клеткалардан құралған;

  2. Клетка – тірі ағзаның элементарлы құрылымды, функциональды және генетикалық бірлігі;

  3. Клетка – тірі ағзаның көбеюі мен дамуының элементарлы бірлігі;

  4. Көп клеткалы организмдерде клеткалар құрылысы мен қызметіне қарай жіктелген. Олар ұлпаларға, мүшелерге және мүшелер жүйесіне біріктірілген.

  5. Клетка элементарлы ашық жүйені құрайды, ол жүйе өзін өзі реттеуге, өзін өзі жаңартуға, өзін өзі туындатуға қабілетті.

Түрлі ағзалардың құрылысындағы ұқсастық, олардың қасиеттерінің жалпылығы олардың шығу тегінің жалпылығын тұжырымдайды және органикалық дүниенің бірлігі туралы қорытындыға әкеледі.

Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді.

Жасушалық құрылысы ұқсас өсімдіктердің, жануарлардың және саңырауқұлақтардың барлығы эукариоттарға жатады. Сонымен бірге өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар ағзалары жасушаларының аралығында тіршілік әрекеті үдерістерінің құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктерінде айырмашылық бар.

Өсімдіктер жасушасына пластидтердің, ірі вакуольдің және жасунықтан тұратын жасуша қабығы болуы тән қасиет. Өсімдік жасушаларындағы қор заттары крахмал болып есептеледі.

Саңырауқұлақтар жасушаларының қабырғасы хитиннен түзілген, пластидтері болмайды. Қорға жиналған зат - гликоген.

Жануарлардың жасушаларында жасуша қабырғасы тығыз болмайды, пластид және нағыз вакуоль жоқ. Жануарлар жасушаларында да көмірсулар қоры - гликоген.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет