Тақырыбы: Манту сынамасы,бцж орындаған: 7-016 ждт



бет1/5
Дата12.06.2023
өлшемі103,72 Kb.
#100661
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5

ТАҚЫРЫБЫ: Манту сынамасы,БЦЖ

Орындаған:7-016 ЖДТ


Манту сынамасы – екпе емес, бұл диагностикалық туберкулиндік (проба)сынама, ол туберкулезге қарсы иммунитеттің немесе осы инфекцияның бар — жоғын анықтайды. Ол білектің ішкі бетіне тері ішіне енгізіледі.
Құрамында 2 ТБ (туберкулиндік бірлік) болады. Манту сынамасының енгізілу орнында туберкулинге жергілікті қабыну реакциясы болып табылатын папула түзіледі.
Осы папуланың диаметрін сынамадан кейін 72 сағат өткен соң, миллиметрмен бөлінген мөлдір сызғышпен өлшейді.
Манту сынамасын орындау техникасы:
Манту сынамасын жүргізуге 1 грамдық туберкулин шприцтері қолданылады. Білектің ішкі жағының білезік тұсынан сәл жоғары орта тұсының 1/3 бөлігіне жасалады.Сынаманы дұрыс жасағанда, теріде ақшылдау түсті, диаметрі 7-8 мм папула пайда болады.

Манту сынамасына көрсеткіштер:


Балаларда туберкулезді анықтау үшін туберкулиндік Манту сынамасы қолданылады, оның мақсаты:
  • туберкулез микобактериясы алғаш рет жұқтырғандарды және туберкулинге гиперергиялық реакциясы бар балалар мен жасөспірімдерді анықтау;
  • БЦЖ вакцинасымен вакцинациялау және ревакцинациялауға контингентті іріктеу;
  • ауруды ерте анықтау үшін.

Манту сынамасымен зерттеп-тексеруге мынадай балалар жатады:

Манту сынамасымен зерттеп-тексеруге мынадай балалар жатады:

  • туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған балалар (отбасылық, туыстық, мектептік (ұжымдық), пәтерлік және басқа қарым-қатынастар);
  • 2 айдан асқан балалар вакцинациялау және ревакцинациялау алдында;
  • жоғарғы тәуекел тобындағы балалар.

Туберкулезбен ауру бойынша жоғарғы тәуекел тобына:

Туберкулезбен ауру бойынша жоғарғы тәуекел тобына:

  • ата-аналары АИТВ жұқтырған, бас бостандығынан айыру орнынан шыққан, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін, табысы аз, көшіп-қонушы отбасыдан шыққан;
  • қант диабеті, бронх-өкпе жүйесінің тән емес аурулары, тамақтанудың бұзылуы (дене массасының тапшылығы) АИТВ-инфекция бойынша диспансерлік есепте тұрғандар, иммундық супрессивті терапия алатындар (глюкокортикоидтер, цитостатиктер, гендік-инженерлік биологиялық препараттар және басқалары), мүгедектер;
  • БЦЖ вакцинасымен егілмеген және вакцинасының белгісі қалыптаспаған балалар;
  • стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде және психоневрологиялық диспансерлерде арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алатын балалардың контингенті жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет