Тақырыбы: Мектепте басқарудағы инновация бойынша табысты көшбасшыны әзірлеу



бет1/2
Дата27.03.2023
өлшемі29,58 Kb.
#76610
  1   2

Халықаралық Тараз инновациялық институты
СӨЖ


Тақырыбы: Мектепте басқарудағы инновация бойынша табысты көшбасшыны әзірлеу.


Орындаған:Өмірәли Динара
Қабылдаған:Ажибаева Роза



2021 жыл
Мектепте басқарудағы инновация бойынша табысты көшбасшыны әзірлеу.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мектеп басшысының көшбасшылығын дамыту сапалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе
Бүгінгі мектеп басшысының көшбасшылық сапалары оның педагогикалық
тəжірибесі, адамдарды ынталандыруы, ұжымды дамытуды жоспарлай алуы, басқару
шешімдерін қабылдауға қабілеттілігі сияқты кəсіби құзіретіліктерінен тұрады.
Менеджмент теориясы мен тəжірибесі туралы зерттеулерде қазіргі заманғы
ұйымдарды тиімді басқаруға қажетті сапалар мен дағдылар терең талданған. Олар
бүгінгі қоғамда, ұйымдар мен мекемелерде болып жатқан күрделі өзгерістерге
басшыларға аса қажетті сапалар мен қабілеттіктерге, дағдыларға назар аударады.
Менеджер-басшылар қызметінің төрт негізгі түрі айқындалған: коммуникативтік
қарым - қатынас (өзара араласу, ақпарат алмасу, есеп беру, кеңселік қызметтер, т.б.);
дəстүрлі менеджмент (жоспарлау, шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, тағы
басқалар); адам ресурстарын басқару (мотивация, қолдау, келіспеушіліктердің алдын
алу, кадрлармен жұмыс, персоналды дамыту); байланыстар орнату (əлеуметтік- саяси
байланыстар жəне басқалармен қарым – қатынастар орнату)

Негізгі бөлім
Көшбасшының қызметі ұжымдағы педагогтармен тікелей байланысты: ұйым
мүшелерін барлық жұмыстармен хабардар ету, сұрақтарына жауап беру,
ақпараттарды дер кезінде алып, оны өңдеп отыру, кері байланысты қамтамасыз ету,
келіспеушіліктердің алдын алу, қызметкерлерді оқыту жəне дамытып отыру, т.б.
Нəтижелі басқарушылардың өзгерістерге байланысты туындап отыратын кез –келген
проблемаларды шешуге құзыреттілігі болуы тиіс. Қазіргі заманғы көшбасшыларға
қажетті сапалар төмендегідей белгіленген:түрлі мəдениеттерді қабылдай алу; қарым -
қатынас жасай алу;адам ресурстарын дамытуға қабілеті; шығармашылық қабілеті;өз
бетімен білім ала білуі. Басшылардың көшбасшылық құзыреттіліктерін дамытуға
жобалау қызметі, тұлғалық дамыту тренингтері, өз əрекеттерін басқару қызметтері
мүмкіндік береді. Көшбасшы директорлардың көрсеткіштері олар басқаратын
ұйымдағы жұмыс нəтижесінің жоғары стандарттар талабына сəйкестігі жəне онда
қызмет істейтін адамдардың өз жұмысына берілгендігі мен оған қанағаттанғандық
деңгейінен белгілі болады. Басшының қызметкерлерді кəсіби дамытуды басқаруға
көңіл бөлуі жалпы ұжымның нəтижелілігін арттыруға үлкен үлес қоса алады, ол
ұжымның болашағына қызмет ететін, алдағы өзгерістерге жауап бере алатын адамдар
дайындау болып табылады. Адам ресурстарын дамыту құзыреттілігі, білім беру
ұйымдарында басқару қызметінің өзекті мəселесі ретінде əдістемесі мен жолдары
жаңадан қалыптасып келе жатқан бағыт болып отыр. Көшбасшылықты дамытуда
басты назар мектептің ұйымдастыру құрылымына жəне ондағы өкілеттіктердің
дұрыс бөлінуіне ғана емес, оның жеткен, немесе күтілетін нəтижесі ретіндегі
мақсаттарына аударылу қажет. Білім беру ұйымдары осы жағдайда ғана рефлексия
жасаушы кəсіби мамандар қоғамы ретінде қарастырыла алады. Бұлай түсіну қазіргі
менеджерлер арасында кең тараған жалпы сапаны басқару теориясының
«қызметкерлерді дамытуға», бағытталуына негіз болады.

Көшбасшы директорлар мен мұғалімдер мектепте бірлесе отырып өззін өзі
оқыту мен дамытуды қолға алу нəтижелі жұмыстың бірі. Бұл ұжымды жұмыс
жасайтын жерде командалық жұмысқа үйретуге мүмкіндік береді. Адамдар тиісті
міндеттерді орындау үшін бірге жұмыс жасауы керек, өйткені олар ішкі процестерді
қозғалысқа келтіреді, сол арқылы адамдар өздері айналысып жатқан жұмысты одан
да жетілдірудегі жаңалықтарды, жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуді үйренеді.
Əлемдік білім реформаларын зерттеуші М.Фуллан былай дейді: «егер біз нəтижелі
мектеп басшыларын көргіміз келсе, онда біз оларға мектепті алға тарту мақсатында өз
жұмысын жақсартатын, жəне дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін
қабілеттерін дамытуға барлық жағдайды туғызымыз керек, өйткені, мектеп
директорынан барлығы да инновациялық өзгерістердің қозғаушысы жəне оның
бастушысы болады деп күтеді.
Тəжірибеден белгілі, көбінесе тек директордың өзі
мектептің табысты болуының негізгі күші болып табылады, сонымен қатар, оларды
осы рольге дайындау үшін жасалған мүмкіндіктер де өте көп емес. Қазіргі білім беру
жүйесін басқарудың жаңа талаптарына сай мектеп басшыларының көшбасшылық
құзыреттілігін төмендегі сапалармен белгілеуге болады: карым - қатынас
құзыреттілігі (сыртқы, ішкі байланыстар, өзара қарым - қатынастар, өзара əрекеттесу,
, т.б.);ақпараттық құзыреттілік (ақпарат алмасу, ақпараттарды өңдеу жəне пайдалану,
ақпарат көздерімен жұмыс, т.б.);кызметтік басқару құзыреттілігі (проблеманы анықтау, мақсат қою, жоспарлау, шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, т.б.);адам
ресурстарын дамыту құзыреттілігі (ұжым мүшелерін қолдау, кадрлармен жұмыс,
педагогтарды дамыту, ынталандыру, т.б.).
Басшының педагогикалық ұжымды дамыту деңгейі: педагогтарды нəтижелі
еңбек етуге мотивациялау; олардың кəсіби дамуына ықпал ету;ұжымда
шығармашылық жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу; ұжым мүшелерінің
ынталары мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу; ұжымда педагогтардың өзара
қарым –қатынасын тиімді ұйымдастыру; ұжымдағы келіспеушіліктерді байқай алу
жəне дұрыс шеше білу; педагогтармен қарым –қатынаста əркімнің ерекшеліктерін
ескеру əрекеттерін ұйымдастыра білуінен көрінеді.
Кез - келген ұйым, соның ішінде
білім беру ұйымының дамуы ұжымда қалыптасқан қарым - қатынастарға
байланысты. Мектептерде ұйымдастырушылық:біріншіден, өзіндік ерекшеліктері,
білім беруді ұйымдастыру тəжірибесі, педагогикалық дəстүрлері, əлеуметтік -
психологиялық жағдайлары, т.б., екіншіден, ұйымның ішкі ұйымдастырылу тəртібі,
басшының тұлғалық - кəсіби сапалары, педагогтардың кəсібилігі жəне жалпы деңгейі,
ұйымның құрылымы, қарым - қатынастар, мақсаты мен міндеттері т.б. сияқты
өзгерістерден тұрады. Қалыптасқан ұжымдық құндылықтар ұйымның мүшелеріне
белгілі бір дəрежеде еркіндік пен сенімділік береді.

Білім беру ұйымдарын дамыту
өзгерістері қалыптасқан құндылықтардың өзгеруіне əкелетіндіктен, оларды енгізу
ұйым мүшелерінің мақұлдауын қажет етеді. Ұйымдастырушылық өзгерістердің
табысты болуы оны ең əуелі сол ұжымдағы адамдардың дайындығын қамтамасыз
еткен жағдайда ғана тиімді жүзеге асырылады. Көшбасшы директорлар барлық жеке
адаммен жəне ұйыммен орындалатын қызметтердегі əркімнің өзіндік дамуы мен
ұжым дамуындағы ортақ мүдделерді айқындап, тиімді əрекеттерге жетелейтін
жағдайлар жасау қажет. Ол үшін педагогтардың бірлескен шығармашылық
жұмыстар жасау, өз мүмкіндіктерін анықтай білу жəне пайдалану, өзгелермен қарым
- қатынас, проблемаларды талдау мен шеше білу жолдарын игеруіне жағдайлар
туғызылуы тиіс. Басқарудағы мақсатты қызметтер ең əуелі педагогтарды дамытуға
арналса, ол өз кезегінде ұйымда жүзеге асырылатын жаңа субъектаралық қарым -
қатынастар мен ұйымдастырушылық құрылымдағы өзгерістер негізінде жүйенің
жаңа сапаға ие болуын қамтамасыз етеді.
Ұйымның адам ресурстарын басқару ең əуелі, педагогтардың инновациялық
мүмкіндіктерін дамытуға бағытталса, оның нəтижесі ұйымда атқарылатын қарым -
қатынастық əрекеттердің өзгеруіне əкеледі. Бұлардан құрылымдық өзгерістер
қажеттігі туындап, одан арғы қадамдар ұжымның мақсаттық стратегиясының əр кіші
жүйесінің мақсатына айналып, жалпы жүйенің сапалық өзгерістеріне, ұйымның
жаңаруына ықпал етеді.
Құрылым күнделікті жұмысты
қадағалап отыратын басшылардың, орынбасарлардың, сала басшылары мен
əдістемелік қызметтер, сонымен қатар, белгілі бір маңызды мəселерді шешу
мақсатында құрастырылатын топтар мен қызметтік жобалардың орындалуын тігінен
жəне көлденең басқарудың матрицалық түрінде берілген. Дəстүрлі құрылымнан
өзгешелігі, онда ақпаратық - талдау орталығы, жобалау қызметінің жетекшісі, оқу-тəжірибе
алаңы орын алады, сонымен қатар, ұйымдағы күнделікті қызметтің
орындалуын оның иерархиялық мазмұны қамтамсыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет