Тақырыбы: «Менің құқығым» Сыныбы: 7 «Ә» Мақсаты



бет1/4
Дата07.03.2022
өлшемі23,73 Kb.
#27175
түріСабақ
  1   2   3   4

Тақырыбы: «Менің құқығым»

Сыныбы: 7 «Ә»

Мақсаты:

  • Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

  • Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

  • Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.


Тәрбие сағатының түрі: квест-ойын

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, интерактивті тақта, слайдтар.

 

Сабақ барысы:



І. Ұйымдастыру.

 

ІІ. Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.




  • Бүгін біз ертегілер еліне шағын саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің негізгі құжаттарымен және оқушылардың құқықтарымен танысамыз.

  • Бірде адамдар жер шарының барлық бұрышынан бір жерге жиналуды ұйғарыпты. Біреулері шығыстан, енді біреулері солтүстіктен, оңтүстіктен, батыстан, сонымен қатар бай елдерден және кедей елдерден келіпті. Онда ер азаматтармен қатар әйелдер де болыпты. Олардың бір-бірінен айырмашылығы ұлтына, нәсіліне және де әр түрлі тілді сөйлеуімен ерекшеленіпті.

Көпшілігі соғыс жүріп жатқан жерлерден кейбіреулері өз діндерін және саяси көзқарастары үшін қадалайтын мемлекеттерден келді.

Барлығын біріктіретін бір ғана тілек:ешқашанда соғыстың болмауы, ешкімде қорқыныш пен үрейдің болмауы, ешқашан адамдарды жазықсыз кінәламау.

Сондықтан да жер бетіндегі әр адамның оның ішінде балалардың да құқық тізімдері көрсетілді. Осы құқықты білу, құрметтеу үшін олар бірігіп Заң құжатын жазды.


  • Адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.

  • Конституция дегеніміз не?

Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.

  • Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/

  • Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/

  • Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.



Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады.

Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.

Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды.

Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.

Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.

Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды.

Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.

 


  • Бүгінгі саяхатымызда біз сендермен «Оқушының құқықтары мен міндеттері» туралы танысамыз.

  1. «Бала құқықтары» бекеті

  2. «Жағдаят шешу» бекеті

  3. «Ертегі» бекеті



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет