Тақырыбы:Оқыту мен оқудың белсенді әдістерін тәжірибеде қолдану
Мақсаты:Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақта қалай тиімді қолдану керек екендігін ұғындыру және жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру.
Көрнекілігі:слайд,кеспе қағаздар,стикер
Түрі: дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз: «Оқыту мен оқудың белсенді әдістері» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер! Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған әріптестер, біз сіздермен оқыту мен оқудың белсенді әдістері туралы әңгімелеспекпіз .Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына,оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақта қалай тиімді қолдану керек екендігін ұғындыру және жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру.
Қатысушыларға: қандай мадақтау түрі жүрегіңізге жылы тиеді стикерге жазып қойыңыз (стикер беру-қалыптастырушы бағалау)
Енді бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Қандай белсенді әдіс-тәсілдерді білеміз?
2. Өздеріңіз үнемі қолданып жүрген белсенді әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп тоқталып өтіңіз?
3.Белсенді әдіс-тәсілдердің оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді
меңгеруіне пайдасы туралы.
4.Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық
қызығушылықтар мен қабілеттердің,шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл- ой еңбегінің қалыптасуы тигізетін әсері туралы.
5.Белсенді әдістер қалай қолданылады ?
6.Оқушы үшін маңыздылығы неде?
7.Өз тәжірибелеріңіздегі қолданудағы қиындықтар?
Жүргізуші дөңгелек столға қатысушыларды белсенді әдіс-тәсілдермен слайд арқылы таныстырып өтеді.
Ситуациялық тапсырма : мына белсенді әдіс-тәсілдерді төмендегі схема бойынша орналастырыңыздар, сабақтың қай кезеңінде сізге тиімді болады.
Сабақтың басы:
Сабақтың ортасы:
Сабақтың соңы:
Пікірталасымызды ары қарай жалғастырайық. Қажетті де, қызықты мәліметтерді алдық, келесі ой қозғайтын сұрақ:
1. Таңдаған белсенді әдістің сізге тиімділігі туралы ой бөлісіңіз?
2. Өздеріңіз сабақта үнемі қолданып жүрген белсенді әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп тоқталып өтіңіз?
«Кім жылдам?» сұрақ – жауап өткізу.
Сұрақ–жауап
1.Он сұрақ әдісін қалай түсінесіз?
2. «ДЖИГСО» сабақтың қай кезеңінде тиімді?
3.Жетістік сатысын басқаша қалай атайды ?
4.Шағын топ неше адамнан тұрады ?
(Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.)
Жауаптарыңызға рахмет!
Бейнежазба көрсету. Кері байланыс алу:Енді өздерініз бағалаңыздар бүгінгі дөңгелек столда «Ең белсенді кім болды?»
Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Біз бүгін бірлесе отырып жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын екеніне көз жеткіздік.Әрбір мұғалімнің басты міндеті - оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету.Сөзімді Альберт Эйнштейннің «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын деп» айтпақшы біз де оқушыларымызға жағдай жасайық.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Үйге тапсырма:Бір сабақтың жоспарын белсенді әдістерді тиімді қолдана отырып жазып келу.