Тақырыбы: «Ойын терапиясы»



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі114,71 Kb.
#117515
  1   2   3   4
Байланысты:
сөж-1 (2)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ


Тақырыбы: « Ойын терапиясы »
Тобы:ДДО-101с
Орындаған: Қанатова Арайлым
Тексерген: Куребаева Гульнара Ахметовна
Семей, 2023жыл
Терапия – медицина ғылымының ішкі орган аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін саласы. 19 ғасырда патологиялық анатомия, физиология, бактерология ғылымдарының қол жеткен ғылыми табыстары және Ж.Корвизар, Р.Лаэннек (Франция), Р.Брайт (Ұлыбритания), И.Л.Шенлейн, Й.Шкода, Л.Траубе(Германия, Австрия) және С.П.Боткин (Ресей), тағы басқа белгілі ғалымдардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары Терапияның жедел дамуына негіз болды. 20 ғасырда Терапияның құрамынан кейбір бөлімдер (гастроэнтерология, нефрология, т.б.) өз алдына жеке ғылыми сала болып бөлініп шықты. Радиоактивті изотоптар арқылы зерттеу кеңінен пайдаланылды.
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.
Ойын терапиясы — балаларға және ересекерге ойынды пайдалана отырып психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын — жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға, тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі. Ойын психотерапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау барысында жалғасын табады.
Психологиялық білім адам әрекет ететін аймақтарда, әсіресе адамның мінез-құлқына қатысты мәселелер бар жерлерде кең қолданылады. Білім беру ісінде психологияның қажеттілгі өте ерте пайда болды, ал қазір психологиясыз қадам жасау мүмкін емес. Қазіргі психологиялық психотерапияның әлемі – бұл пациенттармен клиенттарға көмек көрсетудің әр түрлі 500-ден астам белсенді түрі. Әрбір осы түрдің ерекше тілдерімен түсінік шеңберлері, ерекше әдістері, жұмыс техникаларымен тәсілдері бар. 
Психологиялық терапия практикалық психологияның бір саласы болып табылады. Психотерапия сферасын практикалық психология бөлімі ретінде қарастыра отырып, оның негізін салушылар –З.Фрейд, К.Г.Юнг, К.Роджерс, Р.Мея теориялық, концептуалдық негізінің міндеттілігін атап өтті. Соңғы жылдары кеңестік психолог- психотерапевтар Ф.Е.Васильюк, Е.Т.Соколова, Т.А. Флоренская, А.Ф.Копьев, А.У.Хараш т.б. психологиялық-терапияны диалогтық тұрғыда қарастырады. Бұл көзқарастың теориялық базасы А.А.Ухтомскийдің доминантасының физиологиялық концепциясы болып табылады. Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі ересектермен, өз қатарластарымен қарым-қатынасты тиімді жасалуы педагокикалық, психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Осы тұрғыда қорда материалдардың аздығы аңғарылмайтын сияқты-да. Балалардың жас ерекшеліктерін қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Осы күндері балалардың ойын әрекеті біршама зерттелінген [25] 
Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта, қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А, Роджерс К, Леви Д, Тафт Д және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.
Ойын әрекеттерін оқыту үрдісіне қолданудың тиімділігі, әлеуметтік- психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педогогикалық әдебиетте жеткілікті (Вербицкий А.А, Пахомов Ю.В, Бедерханова В.И және т.б).
Зерттеу жұмысының мақсаты. Кіші сынып оқушылары эмоционалдық қатынасының ойын терапиясына тәуелділігін анықтау және балаларда жағымды психикалық күйді қалыптастыруда ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде тиімді қолдану.
Зерттеу болжамы. Баланың ішкі эмоционалдық күйі бала психикасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ойынды психокоррекция әдістерін қолдану бастауыш мектеп жасындағы балалардың қалыпты психикалық дамуын қамтамасыз етеді деген болжам жасаймыз. 

1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.
Психологиялық ойын түрлері:

  1. «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:
Оң қол оң қолмен!
Мұрын мұрынмен!
«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.
Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.


  1. «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10 минут)

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.
Талдау:

  • Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?

  • Өзіңді қандай күйде бейнеледің?

  • Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет