«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар



бет1/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков
Қатысушылар.
Қамажай.
Омар – інісі,
«Тим», Тимур – інісі,
«Наз», Нәзила – сіңлісі,
Гауһар – Нәзиланың құрбысы,
«Кама» Камила – Тимурдың сүйген қызы, кейіннен әйелі,
Сұлтан – Тимурдың досы,
«Сұлухан» Светлана – Сұлтанның қасындағы қыз.
«Қабен» - көрші


1 – көрініс
Сахна төрінен Қамажай мен Қабеннің тұлғалары көрінеді. Қараңғыдан шығып олар бері жақындайды.
Қабен. Мен сені үш күн бойы күттім. Адамды осылай қорлауға бола ма? Балалар оянып кетеді деп телефон соқтырмайтын өзің, сондықтан бір парақ қағаз жазып отырмын. Қымбаттым-ау, күтудің де, шыдамның да шегі болады ғой. Неге келмейсің? Мені ұнатпайтын болсаң, күндіз телефон сөйлескеніңде оныңды ашық айт. Кісіні әуре-сарсаңға салып қойғаның не? Бүгін тағы да күтем! Екеуміз әуелгі келіскен жерде. Өтінемін. Жүздесіп кет. Бүгін сөз жоқ келгейсің. Өтінемін. Асыға күтемін. Соңғы рет.


Қамажай.
Бір алапат сезім кіріп кеудеме,
Жұлқынғанда айта алмадым деп неге?
Өмір деген жалғыз сенің үйің бе?
Қалап тастап, далаға жүр күйінде.

Деді маған ыдыс жауып жатқанда


Ән естілді, көктем кеткен шақтан ба
Дала кезген самал болып кеттім мен
Оралдым ба баяғы бір шақтарға.
Толқын болып тулап шықтым далаға,


(Екеуі қол ұстасады. Бірақ, ұстасқан қолдары еріксіз ажырай береді).


2 – көрініс
(Қамажайдың үйі. Шашылған, бей-берекет көрініс. Қамажай, Омар, Тимур, Нәзила, Кішкентай Ермек. Ортада Тимур отыр. Ол ішкенге ұқсайды. Алдынды бөтелке).
Тимур. Кетіңдер, бәрің де кетіңдер.Маған ешкімнің де қажеті. Өйткені мен ешкімге қажет емеспін. Анам болса бүйтпес едіңдер.
Қамажай. Саған не болған? Не айтып тұрғаныңды білемісің өзің.
Нәзила. Білмейд. Ол бүгін тұңғыш рет азамат болып арақ ішіп келіп отыр. Азамат болғаныңыз құтты болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет