Тақырыбы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Мақсаты



Дата14.02.2023
өлшемі120,5 Kb.
#67975

Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы
Бисен ауылы
Б.Жәнекешов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернаты тәрбиешісі Сабирова Айгулек Хайроллақызы
Тақырыбы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды»
Мақсаты: Оқушының саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Өз іс-әрекетіне жауап беретіндей ой-өрісін кеңейту. Оларға тәртіп туралы мәлімет бере отырып, рухани мықтылыққа, саналы ойлауға, адамгершілікке баулу.
Көрнекілігі: Видеопроектор, плакат, маркер
Өту барысы: Құрметті оқушылар, бүгін мен сіздерге «Тәртіпке бас иген құл болмайды» атты тәрбиелік шара өткізгелі отырмын. Енді балалар, шарамызды бастамас бұрын жақсы көңіл-күймен сергіту мақсатында бәріміз ортаға шығып «Атом молекула» ойынын ойнайық. Жақсы, рахмет! Көңіл-күйімізді нешеге бағалаймыз. Орташа болса 3, жақсы болса 4, өте жақсы болса 5 баллмен бағалаймыз., Өте жақсы! Ендеше балалар, топқа бөлінейік.
Ендеше, балалар «тәртіп деген не?» қалай ойлайсыздар? (Ассоциация құру)
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
біреуге жазықсыз Мәдениетті болу
ұрынбау
Тәртіп
Адамгершілігі ерік-жігерін
мол болу ұстай білу

қоршаған ортаны таза ұстау сыпайы болу


Ал, жақсы балалар тәртіптің не екенін білдік. Ал осы тәртіп қай кезде бұзылады? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік. Мен қазір 3 топқа үш тапсырма беремін.
І топ. Көрініс көрсету (тәртіпсіздік жайлы)
ІІ топ. Досқа хат (Үгіттеу хат, өлеңт.б)
ІІІ топ. Ассоциация құрастыру (тәртіп қай кезде бұзылады?)
Досына хат
Ей бауырым ұят болды қылығың,
Сөзге қалды сол ісіңнен сыныбың.
Сөзге қалды құрбыларың достарың
Бізден басқа, саған айтар бұны кім
Айтшы достым,ұрлық осы қажет пе?
Сен қандай ең болған кезде нәресте
Өстің,өндің бірақ қатты өзгердің.
Сол күндерді ұмытпаймыз бәрі есте.
Ұрлық деген түбі жақсы болмайды,
Әдет қылма таста достым ондайды.
Бір ұрларсың,екі ұрларсың түбінде,
Қанға сіңіп кетсе ұрлық,сол қайғы!


Хат
Құрметті де қадірменді Марат Есенұлы!
Қолға қалам алу себебім сіздің келеңсіз, қисынға келмейтін,
оғаш тау көрінген әрекеттіңізден туындап отыр.
Баршаға қадірлі, қасиетті, үлкенге де кішіге де сыйлы
бола білген сіздей жанға бұл әдетіңіз тым оғаш екені хақ.
Ата-аналардың үкілі үмітін арқалап, мектеп оқушылары
мен ұлағатты ұстаздардың қолғанаты болып жүрген
сізді бұндай өрескелдікке еш жан баласын қимасы даусыз.
Алдағы болашағыңыз өз қолыңызда.Сондықтан,
Алтын ұя мектебімізде ендігіде оғаш қылықтан ада болып,
тек биіктен көрінсеңіз деймін!
«Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуді»
әрқашан жадыңызда сақтағайсыз! Хат иесі:

Осындай жағдайда кикілжің пайда болады екен?
Енді осы кикілжің дегеніміз не?
Мұғалім: Кикілжіңдер біздің өмірімізде жиі кездеседі. Біз үйде, мектепте,дүкенде, көшеде, бір-бірімізбен келіспей жатамыз. Кикілжің жақын таныс адамыңмен кейде мүлде танымайтын, дамадармен мәселен кезекте тұрғанда, қоғамдық көлік, автобус. Кикілжің ол әрқашан күшті, жағымсыз эмоциялардан тұрады.
Бүгін өз-өзімізді ұстай алмай, мұғалімдер ересектермен, сыныптастарымен келіспей қалып жүретін болсақ, кейін өскенде де жұмыста да сондай жағдайға тап болатынымызды ұмытпайық. Тіпті өзіміздің ең жақын достарымызды ренжітіп аламыз. Олай болса егер адам кикілжің жағдайлардың алдын-алып олардан шығу жолдарын білсе мектепте де, үйде де, көшеде де, өзін жақсы ұстай алады, жақсы сезінеді.
Кикілжің дегеніміз- бұл екі адамның ойлары мақсаттары, пікірлері,
позицияларының көзқарастарының қарама-қарсы бағытта болып
келіспеушілікке келуі
Мұғалім: Ал балалар, ол қалай туындайды?


Кикілжің мынандай жағдайда туындайды:
1.Бір немесе бірнеше адамдардың арасында
2.Қарама-қарсы көзқарастардың, пікірлердің туындауынан
3.Адамдардың бір-бірін дұрыс түсіне алмаудан;
4.Адамдардың бір-бірін сыйламаудан;
Енді балалар « Өмірлік сабақ» тренингі. Алдарыңызда аппақ плакат тұр. Егер өздеріңіз біреуді ренжіттім деп ойласаңыз мына қара маркермен белгілеңіз.
Ал жақсы. Енді осы қара маркермен белгілегеннің үстінен осы кезге дейін қандай қайырымдылық істедіңіз. Қызыл маркермен белгілеңіз.
Енді балалар қара маркермен белгілеген идақ қайырымдылық жасағанда кеттіме? Жоқ. Олай болса балалар біреуді ренжітсең қанша кешірім сұрап, қайырымдылық жасасаңда. Ол бәрібір жүрегінің түкпірінде дақ боп қалады екен. Жүрекке түскен дақты қанша өшірсеңде кетпейді екен. Сондықтан да балалар әрнәрсені жасар алдында ойланып, өз үніңе құлақ түріп, таразылап жасау керек. Яғни бұл сіздерге әрқашанда өмірлік сабақ болсын. Тек қайырымдылық іс жасауға асығыңыздар.
Мұғалім: Қалай ойлайсыздар ондай жағдайлардан шығудың, қандай жолдарын білесіңдер?
Осы ойымызды түйіндей келе біз мынадай алдын-алу ережелерін ұсынғым келеді.
Кикілжіңнің алдын-алу ережелері:

  • Сергіңнің ар-намысына тиме, ауыр сөздер айтпа;

  • Әрқашан да өзіңді сабырлы, сенімді ұста;

  • Өзіңді сезімге, ашуға билетпе;

  • Кінәлі болсаң кешірім сұрауға ұялма;

  • Өзіңді тым жоғары ұстама;

  • Егер серігің соншалық ашу ызаға берілсе,

оны сабасына түсіруге көмектес;
«Өрмекші» тренингі
Рахмет! Құрметті оқушылар бүгін біз сіздердің аз да болса маңызды шығармашылық жұмыстарыңыздың бір бөлігіне куә болдық. Балалар Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. «Тәртіпке бас иген құл болмайды»- демекші, барлығыңыз тәрбиесі мен білімі ұштасқан азамат болып өсе беріңіздер дегім келеді!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет