Тақырыбы:”Сауат ашу”пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсат міндеттері және оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



Дата18.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#25834
түріБағдарламасы

Тақырыбы:”Сауат ашу”пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсат міндеттері және оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер.

Дайындаған: Аманжолқызы Аружан, Аманғазы Гүлім, Әбдінағи Гүлім, Қабибулла Әсем, Амандыққызы Ақбота.

«Сауат ашу» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері.

  • «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.

«Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында оқу мен жазуға қатысты жұмыс интеграциялау арқылы жүзеге асады.

  • «Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында оқу мен жазуға қатысты жұмыс интеграциялау арқылы жүзеге асады.
  • «Сауат ашу» пәнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

«Сауат ашу» пәні оқушылардың:

«Сауат ашу» пәні оқушылардың:

  • 1) қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;
  • 2) оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;
  • 3) айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;
  • 4) жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне; өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.

Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:

  • Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:
  • 1) қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;
  • 2) әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;
  • 3) оқу дағдысы (дұрыс, мәнерлеп, шапшаң және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;
  • 4) тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;
  • 5) кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;
  • 6) қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

7) сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

  • 7) сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;
  • 8) сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
  • 9) ана тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
  • 10) коммуникативтік дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;
  • 11) алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;
  • 12) оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер.

  • Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.
  • Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
  • 1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
  • 2) зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін? нені білгім келеді? нені білдім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
  • 3) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);

4) дамыта оқыту технологиясы (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

  • 4) дамыта оқыту технологиясы (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
  • 5) уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);
  • 6) оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);
  • 7) саралап оқыту технологиясы (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).

Назарларыңызға Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет