Сынауды қайталау.Ықтималдықтар теориясы мен оның қолданылуында осы уақытқа дейін қарастырылып келген жеке сынау нәтижесінің іс тұрғысынан қарағанда қажеттігі шамалы. Өйткені практика жүзінде жеке сынау нәтижесін алдын-ала болжау мақсат етілмейді. Мұның орнына сынаудың сан алуан қайталанып отыратын жағдайы мен осыған тиісті ықтималдықтарды есептеуді мақсат етеді. Осы айтылғандарды жай мысалдармен түсіндірейік.
Сынау жүргізгенде бірнеше нәтиженің пайда болуын күтуімізге болады. Бұлардың ішіндегі ең қарапайым сынау нәтижесі тек екі оқиға. А және оған қарама-қарсы болатын және әрбір тәуелсіз сынауда оқиғаның пайда болу ықтималдығы тұрақты (пайда болмауы ) тең болатын схемасы. Мұндай қарапайым схеманы тұңғыш қарастырған Швейцария ғалымы Я. Бернулли (1654-1705), сондықтан бұл схеманы Бернулли схемасы немесе тәуелсіз сынауларды қайталау схемасы деп атайды.
Мысал. Нысананы көздеп 3 рет оқ атылды. Әрқайсысының дәл тию ықтималдығы бірдей, яғни ол -ге тең. Нысанаға дәл екі оқтың тию ықтималдығы неге тең.
Шешуі: Оқтың нысанаға тиюуі А десек, тимеуі оқиғасы болады. Олардың ықтималдығы берілген шарт бойынша
Теорема. Егер әрбір сынауда оқиғаның пайда болу ықтималдығы тұрақты және ол р-ге тең болса, онда п рет тәуелсіз сынау жүргізгенде ол оқиғаның дәл т рет пайда болу ықтималдығы мынаған тең:
.
формуласын ықтималдықтардың биномдық үлестірімділігі не биномдық үлестірімділік заңы деп атайды.
-нің жуық формуласы
Сынау саны п үлкен болған сайын ықтималдықта Бернулли формуласымен есептеу қиындай түседі. Сондықтан ғалымдар осы формула жарық көрісімен-ақ, оған жуық формулаларды іздестіре бастаған. п жеткілікті үлкен болғанда, ол р мәні 0 мен 1-ге мейілінше жуық болмаған жағдайда төмендегі формуланы пайдаланады:
(1)
мұнда
(2)
формуламен ықтималдықтың жуық мәнін табу өте оңай. Ол үшін