Тақырып 7: Классикалық неміс философиясы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі144,3 Kb.
#21577
  1   2


 

Дәріс 7.  

Модуль . Философияның пайда болуы және дамуы 

Тақырып 7: Классикалық неміс философиясы 

 

Сұрақтар                   Проблемалық дәріс 

1. Канттың таным теориясы және антропологиясы  

2.Гегельдің  философиясы  дамудың  диалектикалық  тұжырымдамасы 

ретінде 


3. Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі және дінді сынауы 

 

1.Классикалық неміс философиясының ерекшеліктері. 

XVIII  ғ-дың  екінші  жартысындағы  және  ХІХ  ғ-дың  бірінші 

жартысындағы неміс философиясына «классикалық» деп анықтама берген Ф 

Энгельс  болатын.  «Классикалық»  деген  анықтаманың  мәні-  үлгілі,  жан-

жақты  дамып  жетілген,  ең  жоғарғы  дәрежеге  көтерілген,  философияның 

іргелі  мәселелерін,  басты  бағыттарын  жан-жақты  дамытқан,  әлемдік 

философияға елеулі ықпал еткен дегенді білдіреді. 

Классикалық неміс философиясының ерекшеліктері. 

1)  Ойлау,  таным,  тарих,  табиғат,  рух  мәселелерін  терең  зерттеді, 

тұғырнамасын жасады. 

2)  Танымның,  таным  субъектісінің  белсенділігін  ашып  көрсетті, 

«объект» және  «субъект» ұғымдарына нақты, тарихи анықтама берді. 

3)  Диалектиканы  теория,  тұғырнама,  әдістеме  және  көзқарас  ретінде 

идеалистік  тұрғыдан  терең  зерттеп  негіздеді,  диалектиканың  заңдары  мен 

категорияларын қарастырды. 

4)  Субъективтік  және  объективтік  идеализмнің  классикалық  түрін 

дамытты. 

5)  Антропологиялық  және  метафизикалық  материализм  тұрғысынан 

объективтік идеализм ұстанымын сынады. 

6)  Классикалық  неміс  философиясының  өкілдері  философиялық  жүйе 

құрды. 


7)  Неміс  философтары  тарихты  тұтас  үрдіс  ретінде  қарастырып, 

тарихтың идеалистік түсінігін жасады. 

8)  Классикалық  неміс  философиясы  ХХ  ғасырда  бүкіләлемдік 

мәдениетке,  ғылымға  және  философияға.  ХХ  ғасырдағы  қоғам  дамуына  зор 

ықпал еткен маркстік философияның теориялық негізі болды. 

2. И.Канттың философиясы. 

Классикалық  неміс  философиясының    негізін  қалаған  және  даму 

барысын    анықтаған  И.Кант  болды.  Кант  таным  саласында,  субъект  және 

объект  мәселесінде,  антропологияда  «коперниктік»  төңкеріс  жасады. 

Философияның    іргелі  мәселелерін  нақты  тарихи  тұрыдан  қоя  білді. 

Әдебиетте  кездесетін  «Канттың  субъективтік  идеализмі»,  «  Канттың 

дуализмі»,  «Канттың  агностицизмі»  деген  сипаттамаларға  жан-жақты  қарау 

керек. 



Канттың  ілімінде  сабақ  боларлық  ойлар,  пікірлер,  идеялар  көп.  Кантты 

дұрыс түсіну керек. 

Кант - әрі ғалым, әрі ойшыл, дана философ. 

Философияның  алдында  Кант  қойған  мына  мәселелер  шын    мәнісінде 

философияның  мәнін,  негізгі  бағыттарын,  функцияларын  ашып  көрсетеді. 

Мен нені біле аламын? Мен не істеуім керек? Мен неге  үміт арта аламын? 

Адам деген не? 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет