Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация пәні
Тақырып:Асептика.Антисептика
Күні:02.02.2022
Орындаған:Алдаберген Жансая
1.Тақырыбы: «Асептика.Антисептика»
2.Мақсаты: Білім алушыларға асептика,антисептика туралы түсінік беру.
3.Оқыту міндеттері: Білім алушылардың асептика,антисептика туралы білімін тереңдету
4.Өткізу түрі: жұптық жұмыс
5.Тақырып бойынша тапсырмалар: Топ оқушылары жұпқа бөлініп, тақырыпты талқылап, манекенде асептика,антисептика ережелерін орындап мейіргерлік үрдісті жүргізеді. Рольдік ойында ойнап,видеофильм жасалады.
6.Тарату материалы: тақырыпқа байланысты ситуациялық есептер,чек парақтар.БӨҚ № 26.№ 30.№ 31. №32. Тестер жинағы. №3 Тақырып«Механикалық ашық,жабық зақымдар».БӨҚ №1-№ 23.глоссарий.дәрістер кешені: № 3 Тақырып. «Механикалық ашық,жабық зақымдар» видеофильм.
7.Негізгі әдебиет:Е.Әбдірахманов,Қ.Е.Әбдірахманов. «Хирургиядағы мейірбике ісінің тәжірибелік нұсқауы» 23-70 беттер.
Қосымша әдебиет: Нурмаков Аман Жәменұлы «Хирургиялық аурулар» ( клиникалық дәрістер) Алматы: Асем-Систем: 2008ж . Қ.Дурманов «Жалпы хирургия», Б.М. Буянов, Ю.А. Нестеренко «Хирургия» С.Н. Муратов «Хирургические болезни с уходом за больными», С.И. Игісінов, Д.А. Даулетбаев «Хирургиялық аурулар туралы дәріс баяндама», интернет көздері.
Графологиялық диктант,глоссарий, дәріс.
8.Бақылау сұрақтары:
1.Асептиканың негізгі заңын біліп, оны ескеру – жарамен жанасқан заттардың барлығы зарарсыз болу керек;
Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нәрсенің бәрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Асептикаға кол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату аркьілы стерильдеу) жене кейде өр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сәулелену пайдаланылады.
2.Бактериялардың жараға ену жолдарын білу;
Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған, сөйтіп, оны жұкпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың (жара жұқпасынан сақтандыру әдістері) жиынтығы асептика деп аталады. Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нәрсенің бәрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика деп аталды.
3.Антисептикалық факторлар.
Антисептиканың төмендегідей түрлері бар:
Механикалық (жұқпа түскен жараны алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізу, яғни микробтар мен өлі тіндерді алып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойып кесу):
Физикалық (жараға ылғал тартқыш мақта-дәке таңғышын салу, кептіргіш ұнтақ, тампон, білте, дәкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік түріндегі білтені пайдаланау, сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудін ашық әдісімен кептіру). Осылайша микробтардың өмір сүруі мен көбеюіне кедергі келтіретін қолайсыз және тіндердің ыдырау өнімдерімен улы заттар токсиндерінің сіңуін азайтатын жағдайлар жасалады.
химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен көбеюін басып тастайтын және бактерицидті әрекеті — олардың өлуін қамтамасыз ететін антисептикалық заттар қолдану).
4. Антисептиканың негізгі заңын біліп, оны ескеру – жарамен жанасқан заттардың барлығы зарарсыз болу керек;
Асептикаға кол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату аркьілы стерильдеу) жене кейде өр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сәулелену пайдаланылады.
5.Экзогенді инфек
Экзогенді инфекция-жұқтырудың нәтижесіне болады.
6.Эндогенді инфекцияны айыра білу
Эндогенді инфекция – ағзаның өз қоздырғыштарының белсенуі нәтижесінде дамитын инфекция.
7.Жанаспалы, имплантациялық, ауа-тамшылы инфекцияны алдын алу ережелерін біліп, оларды ескеру;
Жұқпалы ауру жағдайларының едәуір бөлігі ауа-тамшылы жұқпалар тобына жатады, ең алдымен жіті респираторлық вирусты жұқпалар (ЖРВИ) мен тұмау.
8.Операциялық маталар мен таңғыш заттарды қолдану тәсілдері
Таңу түрлері және дененің әртүрлі бөліктері: кеуде, іш-құрсақ, … пайдаланылады немесе мата үзігінен жасалады.
9.Хирургтың қолын залалсыздандыру тәсілдері
Қолды хирургиялық жуудың негізгі мақсаты – хирургиялық бригаданың қолдары мен … хирургтың терісінде өмір сүретін микробтар үшін үлкен шығу есігін құрайды.
10.Залалсыздандыру алдындағы өңдеу сапасын бақылау
Залалсыздандырудың технологиялық барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:
Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру.
Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.
Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.
Залалсыздандырудың өзін жүргізу.
Залалсыздандыру сапасын бақылау.
Залалсыздандырылған материалдарды сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |