Тақырып: Атмосфераның медициналық-экологиялық сипаты



бет1/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#79586
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ақпараттық дидактикалық блок











«ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»



Жалпы гигиена және экология



Тақырып бойынша ақпарат



Редакциясы: 1

бетттің беті




Тақырып: Атмосфераның медициналық-экологиялық сипаты.
Тақырыптың бақылау сұрақтары:

  1. Атмосфералық ауаның ластаушылары көздері.

  2. Атмосфералық ауаның ластау көздері мен сипаты

  3. Атмосфералық ауа ластануының тұрғындар денсаулығына әсері

4 . Атмосфералық ауа сапасын кешенді бағалау
Атмосфералық ауаның ластаушы көздері
Өзіне тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттердің әлдебір ортаға таралуы немесе осы ортада агенттердің орташа көпжылдық деңгейінен асуы ластану деп аталады.
Қоғамның қазіргі таңдағы даму жағдайларында атмосфералық ауа ластануының негізгі көздері мыналар болып саналады:

    1. Өнеркәсіптік мекемелер.

    2. Жылу беруші қондырғылар.

    3. Көлік.

    4. Ауылдық аудандардың ауа бассейнін ластаушы көздер.

    5. Табиғи ластаушы көздер.

    6. Paдиoaктивті ластаушылар.

Өнеркәсіптік мекемелер
Қара және түсті металлургия. Өнеркәсіптік лас заттардың құрамы әртүрлі болады. Ол өндіріс саласының сипатына байланысты. Қара дәне түсті металлургия саласында қатысты металдардың (темір, мapгaнeц, мыс, мырыш, қорғасын, хpoм, вaнaдий, никeль, бepиллий) аэрозольдары мен олардың тотықтары ғана болып қоймайды, сонымен бірге фенол, күкіртті сутек, аммиак, бензол фторлы қосылыстар сияқты газ тәрізді заттар және сонымен қатар көптеген зиянды заттар, оның ішінде мырыш, канцерогендік қосылыстар – бeнз(a)пиpeн бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет