«БИОЭТИКА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» Мамандығы: «5В060700-Биология»
Курс- 2 Семестр - 3
«Биоэтика және қоршаған ортаны қорғау»
курсы 2 бөлімнен тұрады:
I-бөлім:Биоэтика (7дәріс);
II-бөлім:Қоршаған ортаны қорғау (7 дәріс)
және 10 дәріс
Барлығы- 15 дәріс, 15-практикалық сабақ, 7-СӨЖ.
ЛЕКТОР а.ш.ғ. кандидаты, доцент Тоқбергенова Ж.А. 2022 ж. 10 дәріс. Тақырыбы: Атмосфералық ауаның ластану көздері мен сипаттамасы. Атмосфералық ластанулардың тұрғындар денсаулығына әсері.
Жоспары. 1. Қоршаған ортаның ластануына түсінік. Ластану түрлері.
2. Атмосфералық ауаның ластануының негізгі көздері.
3. Атмосфералық ластанулардың жедел әсері.
4. Атмосфералық ластанулардың созылмалы әсері.
5. Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау
6. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар жүйесі
Дәрістің мақсаты:Атмосфералық ауаның ластану көздерімен танысып, білу.
Атмосфералық ауаның ластану көздері мен сипаттамасы. Атмосфералық ластануының халық денсаулығына әсері.
Қоршаған ортаның ластануына түсінік. Ластану түрлері.
Ластану – бұл қоршаған ортаға тән емес жаңа физикалық, химиялық, немесе биологиялық агенттердің (ластағыштардың) енуі немесе пайда болуы және әртүрлі орталарда оның табиғи орташакөпжылдық денгейден асуы.
Ластаушы көздерге қоршаған ортаның сапасын нашарлататын зиянды заттарды шығаратын нысандар жатады.
Өзінің табиғаты бойынша ластаушылар әртүрлі болуы мүмкін:
- биологиялық – экологиялық жүйеге бөгде тірі ағзалар түрлерінің енуі
- физикалық - қоршаған ортаның физикалық параметрлерінің өзгеруі
- механикалық – ортаның ластануы, физикалық-химиялық әсерлер болмайды
- химиялық – қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің өзгеруі немесе қоршаған ортада нормадан жоғары концентрацияда химиялық заттардың жиналуы
- радиоактивті – радиоактивті элементтердің қоршаған ортаға қосымша түсуінің салдарынан сәулеленудің табиғи фонының жоғарлауымен байланысты физикалық ластану түрі.