Тақырып: Бас ми физиологиясы



бет1/5
Дата30.01.2023
өлшемі10,98 Mb.
#63882
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Амангалиева Айнур 202 пед бас ми физиологиясы, онж зерттеу әдістері.


«Астана медицина университеті» КеАҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Тақырып: Бас ми физиологиясы.

Орындаған: Амангалиева А.А


Топ: 202 Педиатрия
Тексерген: Шандаулов А.Х
Нұр – Сұлтан
2022

ЖОСПАР:

  • Жұлын
  • Сопақша ми
  • Ортаңғы ми
  • Аралық ми
  • Мишық

1. Бас ми бөлімдері, физиологиясы:

ОНЖ-нің бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ортаңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми жатады. Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді.

Жұлын

Жұлын — орталық жүйке жүйесінің негізі. Жұлын –омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, өткізгіш және рефлексті қызмет атқаратын ОЖЖ бөлімі. Жұлынның ерекшелік белгісі: оның сегменттік құрылысы.

Сопақша ми:


Сопақша ми ми сауытында орналасқан. Төменгі жағы жұлынмен, жоғары жағы ми көпіршесімен жалғасады. Онда жұйке клеткалары шоғырланып, ядролар құрайды. Сопақша мидың атқаратын қызметі жұлынға ұқсас, ал бірақ бұның реттеу қызметінің әсері күрделірек. Мұнда тіршілік әрекетіне өте қажетті көптеген орталықтар бар. Мысалы, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту т.б.

Ортаңғы ми:

Ортаңғы ми көпіршенің алдыңғы жағында орналасқан. Oртаңғы ми төрт төмпешіктен, қызыл ядродан және субстанциядан тұрады. Ортаңғы мидың жақсы дамуы бала өмірінің жасөспірім кезеңінде (16 жаста) байқалады. Мидың бұл бөлімі құрылысының күрделі болуына байланысты рефлекторлық қызметі де күрделі болып келеді.

Аралық ми:

Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан. Ол көру төмпешегінен (таламус) және төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Мидың бұл бөлімі, әсіресе, адамда жақсы жетілген.

Аралық мидың негізгі массасы-көру төмпешігі. Бұл қабаттала келіп, бірнеше ядроға бөлінеді (алдыңғы, ішкі, сыртқы және артқы). Көру төмпешігі арқылы ми қыртыстарына баратын афференттік импульстер өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет