Тақырып: «ожж қозу. Қозудың таралу ерекшеліктері»



Дата18.02.2023
өлшемі2,76 Mb.
#69037

Тақырып: «ОЖЖ қозу. Қозудың таралу ерекшеліктері»

Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын, ОЖЖ-нің белгілі бір жерінде топтасқан нейрондар жиынтығын айтады.

Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері

  • Жүйке орталығында қозу бір бағытта өтеді
  • Жүйке орталығынан қозу баяу өтеді, яғни әр синапста 1 – 2 мс кідіреді (0,5 мс медиатордың бөлінуіне, 1,5 мс медиатор диффузиясына).
  • Тез қажу (медиатор санының азаюы, қуат қорының азаюы, постсинапстық рецепторлардың медиаторға бейімделуі)
  • Қозудың жинақталуы – (1863 жылы И.М. Сеченов) ОЖЖ табалдырық күштен төмен қозуларды жинақтап, рефлекс жауапты тудырады.
  • Жинақы қозудың екі түрін ажыратады:
  • - кеңістік, ол конвергенцияға
  • негізделген;
  • - бір іздік немесе уақыттық.
  • 5. Конвергенция – бірнеше нейроннан келіп түскен әртүрлі серпіністер бір жүйке орталық-тарында (нейрондарда) жиналуы. Конвергенцияның келесі түрлерін ажыратады:
  • - мультисенсорлық;
  • - мультибиологиялық;
  • - сенсорлы-биологиялық;
  • - аксосенсорлық.
  • 6. Дивергенция – бір аксон тармақталып әр түрлі нейрондармен байланысады да көптеген синапстар құрайды. Сондықтан жүйке орталықтары бірден бірнеше рефлекстік іс әрекетке қатысады. Адекватты рефлекстік реакция пайда болады.
  • 7. Окклюзия - «бітелу». Рецептивтік өрістердің бір бөліктерінің жабылуы. Жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан төмен болады.
  • 8. Жеңілдеу – жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан жоғары болады.
  • 9. Қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіш жиілігі мен күшіне тең болмайды, өзгереді – Трансформация.
  • 10. Әсерден кейінгі жауап. Рецепторды тітіркенуі тоқтағанмен рефлекстік әсерлер жалғасады:
  • - қысқа мерзімді (ізді деполяризация);
  • - ұзақ мерзімді (қозу нейрондар арасындағы
  • тұйық тізбектермен айналып жүреді).
  • 11. ІЗ САЛУ – кейінгі серпіністер алғашқы серпіністерден жылдамырақ өтеді (морфобиохимиялық және физиологиялық өзгерістер)
  • 12. Лабильбілділігі төмен.
  • 13. Гипоксияға өте сезімтал.
  • 14. Орталықтар кейбір фармакологиялық
  • заттарға өте сезімтал.
  • 15. Үздіксіз тонуста болуы.
  • 16. Пластикалық қасиет тән.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет