2. Мультимедианы пайдалану 3. Мультимедиа әдістері
1)Оқушыларды оқытудағы мультимедиа Қазіргі кездегі мультимедиа технологиялары компьютерлендірілген сыныптағы, мысалы, интерактивті тақтасы бар пәндік сабақ жайында айтуға мүмкіндік береді.
Мұндай сабақта мұғалім, өзінде бар барлық әдістемелік тәсілдердің арсеналын сақтай отырып, оны көптеп мультимедиа технология мүмкіндіктерімен көбейте алады. Ол үшін, барлығынан бұрын, сабақ құрылымында жеңіл еңгізуге болатын мультимедиалық құралдар қажет.
Мультимедиялық технология құралдары – компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үрдістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық (компьютер, интерактивтік тақта, принтер, проектор, телекоммуникациялық блок, пернетақта және тышқан, компьютер құрылғыларын басқару, сыныптағы және мектептегі желі, дыбыс-бейне құралдары) және программалық құралдар (интернет, виртуалды конструкторлар, жаттықтырғыштар, компьютерлік тест программалары, электрондық басылымдар, басқарудың ақпараттық жүйелері).
Білім берудегі электрондық басылым білімнің сәйкесінше ғылыми-практикалық аясындағы оқушылардың білім, білік және дағдысын белсенді және шығармашылық меңгеруін қамтамасыз ететін жүйеленген материалдар жиынтығынан тұрады. Бұл құралдар сабақты жаңаша өткізуге, жекеше алғанда оқушылардың ана тілі сабақтарында білім беру сапасын жаңа деңгейге жеткізуге жағдай жасайды деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі оқыту барысында оқушы мұғалім мен сыныптастарымен қарым-қатынасқа түседі. Ал мультимедиалық технология құралдары қолданылған сабақтарда компьютермен қарым-қатынас жасауға және танымдық, ақпараттық .
Мультимедиа технологиялары оқушыны дайын оқу матреиалының тек қана меңгерушісі емес, сонымен қоса оны құрудың, қалыптасуының, жедел қолдануының қатысушысы ретінде шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі бар мультимедиалық курстар мен білім берудің бағдарламалық өнімдері бүгінгі күннің өзінде сабақты жаңаша түрде құруға мүмкіндік туғызуда.
Мультимедиа технологиялары оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың мүмкіндіктерін өлшеусіз кеңейтуде және дәстүрлі оқыту шегінде табылған перспективалы әдістемелік жұмыстардың өте үлкен әлеуетін тәжірибе жүзінде нақтылауға мүмкіндік береді, бірақ қажетсіз болып қалды немесе қандай да бір нақты объективті себептердің күшінде қажетті нәтижені бере алмады.
Сондықтан мультимедиа технологиялары тіптен түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдану жағдайында да оқушылардың ішкі белсенділігін бастамашылық етуге және ынталандыруға мүмкіндік береді.