Сабақ моделінің жасалуы. Сабақ қалай туады? Білім- өркениеттіліктің өлшемі, әр тетігі. өлшем болатындығы- кез- келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік- экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.
Сабақ - біртұтас күрделі процесс. әр сабақ мұғалімнің жеке шығармашылығынан туады.
Я.А.Каменскийдің ілімінен бастап бүгінге дейін оқыту әдістемесінде білім беруді ұйымдастырудың басты формасы сабақ болып табылады.
Сабақ оқытуды ұйымдастырудың формуласы ғана емес, жалпы педагогикалық процесс жүйесіндегі ең жауапты бөлік. Сондықтан бүкіл білім беру мен тәрбиелеудің заңдылықтарына сүйенгенде, бүгінгі сабақ оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әрекеттерінің жүйесі болып шығады.
Сабақ - біртұтас күрделі үрдістік жүйе, онда оқыту мен тәрбиенің мәселелері қарастырылады.
Мұғалімнің міндеті- қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы мен білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын уақыт ағымына сәйкес оқушының жеке қасиетін ескере отырып, мектептің дамуынынң әрбір кезеңінде қазіргі сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің негізгі жолдарын тауып, оның нәтижесін жоғарлатудың тәсілдерін меңгеру.
Сабақ барысында мұғалім педагогика мен психология ғылымын жетік игеріп, сабақты құрудың және өткізудің диалектикалық ыңғайын тауып жаңарған техника мен икемді технологияны пайдалана білу керек. Сондай- ақ педагог оқушының жеке қасиетін ескеріп, еңбек ету барысында бір- бірімен қарым- қатынас жасай алатын ізгілендірілген психологиялық ортаны қамтамасыз етуі және сабақта ақыл- ойды ғана дамытып қоймай, әсерлілігін туғызуы қажет.