Тақырып Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздері Тапсырма 1



Дата27.09.2023
өлшемі16,96 Kb.
#110342

Тақырып 1. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздері
Тапсырма 1. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері ұғымдарының анықтамалары бойынша материалдарды дайындау.
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері – адамның өмір сүру ортасының қауіпсіз қарым- қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне,табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға,сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануына бағытталған шаралар кешені.
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері – тқтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін,адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынасу әдістерін,қазіргі заманға зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи,техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын пән.
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері” курсының мақсаты:

  1. Өмір сүрудін қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын құру үшін қажетті теориялық білім мен және тәжірбиелік дағдылырмен қаруландыру.

  2. Төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар,табиғи қасиеттердің зардаптардын жою барысында халықты,өндіріс мамандарын және ауыл шаруашылық обьектілерін қорғау жөнінде бағдар алу.

  3. Сауатты шешім қабылдап,қорғаныс құралдарын пайдалана білу және ұйымдастыру мәселелері бойынша ҚР-ның заннамалық актілерін оқып үйрету.

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері”курсының міндеттері:



  1. Халықты бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайлардан қорғана білу әдістерін және зардабын жоюға үйрету.

  2. Зардап шеккен адамдарды құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерімен таныстыру; адамдардың өмір сүру ортасындағы қауіпсіздік шараларын теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру.

  3. Зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету.

  4. Студентерді жарақаттандырулар мен қауіпті жұқпалы аурулардың алдын ала білу мен алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуге үйрету.

  5. Қазіргі заманға жаңа қару түрлерімен,яғни жаппай қырын жою қару құралдармен төтенше жағдайлардың зардабынан халықты қорғау әдістерін меңгерту.

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері”курсы екі бөлімнен тұрады.

  1. Азаматтық қорғаныс

  2. Алғашғы дәрігерлік көмек көрсету

Азаматтық қорғаныс – басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан,табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.
Алғашғы дәрігерлік көмек көрсету - алғашғы дәрігерлік көмек жасақтары,зақым ошағы аймағында емдік-профилактикалық мекемелерін дәрігерлері көрсететін көмек.
Алғашғы дәрігерлік көмектің басты мақсаты.

  1. Кенеттен қатты ауырғанда,жарақаттанғанда және адамның денсаулығымен өміріне қатты төнетін жағдайда алғашқы қарапайым жәрдем шараларының жасалуы.

  2. Жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалуының қарапайым шараларын жасау,қажетті көолемде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

  3. Азаматтар денсаулығын жасарту кепілдендірілген көлемде тегін медициналық қызметтер көрсету,қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыру.

Тапсырма 2 . Қауіпсіздік психологиясының маңызы.
Қауіпсіздік – жеке адамнын, қоғамнын,мемлекеттің өмірлік маңызды мүделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалу.
Қауіпсіздіктің негізгі нысандары:жеке адам оның құқықтары мен бостандығы. Қауіпсіздік

  1. Қауіп – қатерлерден қорғаныс;

  2. Нысаның , құбылыстын немесе процестін басқа нысандардың, құбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау,сақтау қабілеті;

  3. Аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы ;

  4. Қызмет ету барысында жағымсыз өзгерістерге ұшырау мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы;

  5. Қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу , қауіп- қатерден аса жоғары емес денгейі;

  6. Басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізу мүмкін емес нысанның қалпы.

Қауіп қатердін жіктелуі

  1. Шығу тегіне қарай;

  2. Пайда болу уақытына қарай;

  3. Әсер ету орнына қарай;

  4. Физикалық-импульстік (лездік);

  5. Ғарышпен байланысты,

  6. Химиялық;

  7. Кумулятивтік ;

  8. Атмосферамен байланысты

  9. Биологиялық

  10. Гидросферамен байланысты

  11. Психофизиологиялық

  12. Литосферамен байланысты

  13. Салдарына қарай

  14. Келтірілген зияндарына қарай

  15. Пайда болу айасына қарай

  16. Шаршаңқылыққа әкелетін

  17. Әлеуметтік

  18. Өндірістік

  19. Ауру туғызатын

  20. Техникалық

  21. Тұрмыстық

  22. Жарақаттар туғызатын

  23. Экологиялық

  24. Спорттық

  25. Өрттің шығуына әкелуі мүмкін

  26. Әскери апаттар туындататын


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет