Таланттар


Егеменді елдің ұлттық өз мәдениетін, тарихын, тілі мен ділін



Pdf көрінісі
бет185/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   256
Егеменді елдің ұлттық өз мәдениетін, тарихын, тілі мен ділін 
зерттеп,  насихаттайтын  мәні  бар  төл  оқулықтардың  болуы 
қажет-ақ.  Кейбір  білім  ұяларында  оқулық  жайы  өзекті 
мәселеге айналып отыр. Ал сіздерде қалай?  
–  Бізде  бірлі-жарым  оқулықтар  болмаса,  жеткілікті,  
оқулықты  өзіміз  береміз  және  оны  оқушылар  ешқандай 
төлемақысыз тегін пайдаланады.  
–  Лицейдің  ашылғанына  біраз  уақыт  болыпты. 
Лицейдің  ашылуына  атсалысып  қиналғанда  қол  ұшын 
берген  демеушілеріңіз  бар  шығар.  Олардан  нақты  қандай 
көмек көріп отырсыздар?  
–  Демеушілер,  әрине,  керек.  Аудан  халқының  болашағын 
ойлаған түсінігі бар адам бізге ұшын беруі тиіс. Біз қазір жоқтан 
бар жасап отырғанымызда шамасы келетін адамдар көмек беріп 
жатса,  оларға    қиыншылық  тудырмас  деп  ойлаймын.  «Ақша  – 
қолдың  кірі.  Бүгін  барда  ертең  жоқ»,  –  деп  халық  айтқан  ғой. 
Қолында  ақшасы  бар,  дәулетті  кісілер  болса  осындайда 
көмектесіп,  қол  ұшын  берсе,  оларда  еңбегі  тегін  кетпесіне 
кепілдік бере аламыз.  Басты мақсат  – көп болып, жас ұрпақты 
заман талабына сай тәрбиелеу емес пе?  
Лицейдің  басқаларға  емес,  әсіресе  өз  ұлтымыздың 
болашағына  қажет  екенін  терең  түсінген  қазақтың  кейбір 
азаматтары  қолдарынан  келген  мүмкіндіктерін,  көмектерін 
жасады, әлі де жасауда... «Жақсының жақсылығын айт» демекші, 
біздің  ең  бірінші  демеушіміз  –  осы    Жандосов  кеңшарының 
директоры Б. Темірбеков лицей шаңырағына айналған үйді тегін 
пайдалануға беріп отыр. Егер арендаға берсе, онда жағдайымыз 
өте  қиын  болар  еді.  Сондай-ақ  «Жалын»,  «Мектеп»  баспалары 
мен «Қонаев» қоры қол ұшын беріп отыр. Сонымен бірге қазіргі 
мынадай  қиын  заманда  шын  пейілімен,  нәтижелі  ісімен  көмек 


331 
 
беріп  отырған  «Бөбек»  қорын  айтпай  кетуге  болмайды.  Сара 
апамыз  өзі  келіп  жағдайымызды  біліп,  жылы  лебізді  сөздерін 
айтып,  әр  оқушыға  сыйлықтарын  беріп  кетті.  Әлі  де 
жанашырлық танытып, қамқорлыққа алуда. Бұл кісілерге менің 
және біздің мұғалімдеріміздің алғысы  шексіз.  
–  Қазіргі  заманда  заң  өзгеріп  қолма-қол  ақыға  көшіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет