Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің композициялық ерекшеліктері мен көркем тілі



Дата14.03.2023
өлшемі100,17 Kb.
#74035
түріСабақ

Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің композициялық ерекшеліктері мен көркем тілі

ОҚУ МАҚСАТЫ

Анализ және интерпретация

10.2.1.1. Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау.

10.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

САБАҚ МАҚСАТЫ

Шығарманың құрылымына талдау;

Шығарма тіліне талдау

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Шығарманы құрылымдық-сюжеттік тұрғыда талдайды;

Шығармадағы көркемдік құралдардың жұмсалу мақсатын анықтайды.

1-тапсырма. С. «Аялдама»

  • Әр топ сағаттың тілі бойынша басқа топтардың жауабын оқиды, толықтырады, өздеріне қосымша мәлімет алады.
  • Шығарманың композициялық құрылысы:
  • 1-аялдама.Оқиғаның басталуы – Жоңғаровтың редакцияға келуі, алғашқы тапсырма.
  • 2-аялдама. Оқиғаның дамуы – Жоңғаровтың лабораторияға келуі. Жоңғаровтың бойын билеген сезім. Профессордың келісімі.
  • 3-аялдама. Оқиғадағы шиеленіс – Лабораторияны шарлау. Ғажайып көздер дүниесі.
  • 4-аялдама. Шарықтау шегі –Профессор Созақовтың әңгімесі.
  • 5-аялдама. Оқиғаның шешімі – керегелердегі көздермен қоштасу. Мақала жазу туралы ұсыныс.
  •  
  • Дескрипторлар
  • Шығарманың cюжеттік-композициялық құрылысын талдайды;
  • Топтарды толықтырады, талқылауға қатысады.
  •  

2-тапсырма. Ж. «Бинго 101» әдісі

  • Мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. Мұғалім әңгімеде қолданылған теңеу, эпитет, метафора, т.б. көркемдегіш құралдары бар сөйлемдер мен сөздерді тақтаға жазады (сөз саны бинго карточкасындағы торлардың санына сәйкес болуы шарт), ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының торларына шашыраңқы ретпен орналастырады. Содан соң мұғалім тақтаның алдында тұрып жазылған сөздерге қатысты сұрақтары мен дұрыс жауабын сызып отырады. Кімде көлденеңінен немесе тігінен сәйкес тізбек шықса, сол оқушы «бинго» деп айқайлайды. Мұғалім сол оқушыға ынталандыру сыйлығын береді. Топтарда олар өздері жасаған жұмыстың нәтижелілігін талқылау үшін кезекпен айтады.

Үзінді

Эпитет

Теңеу

Көркемдегіш құралдардың
атқарып тұрған қызметіне
түсінік




3-тапсырма. Төрт сөйлем әдісі арқылы авторлық тәсілдеме туралы айтады.

  • 1. Пікір. Шығармадағы автордың шығармашылық тәсілдемесі туралы өз пікірін бір сөйлеммен айтады.
  • 2. Дәлел. Пікірін шығарманы талдау бойынша бір сөйлеммен дәлелдейді
  • 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
  • 4. Қорытынды. Ойын автордың жазушылық ерекшелігі туралы бір сөйлеммен қорытындылап айтады.

Кері байланыс Рефлексия баспалдағы бойынша



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет