Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет1/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-бет 36 беттен 
Әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
Заң факультеті 
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы 
Бағыты: 5В030300 
Мамандығы Құқық қорғау қызметі
пәнінен дәрістер қоры 
 
1-тақырып :
Криминоологияның
 
ұғымы, оның пәні және әдістері. 
Түйінді сөздер: 
криминология, қылмыстылық, жәбірленуші. 
 
Негізгі сұрақтар:
1.
Криминология пәні;
2.
Криминологияның түсінігі;
3.
Криминологияның жүйесі; 
4.
Криминологияның міндеттері. 
Дәріс тезистері:
 
1.. 
Криминология - салааралық ғылым. Сол себепті оның анықтамасын бір сөйлеммен айтып шыққанда 
түсініксіз болып қалуы мүмкін. Сондықтан да криминолгияның қандай ғылым саласын екендігін білу үшін ол 
туралы жалпы картинаны қалыптастыру керек, ол үшін, әрине, оның нені зерттейтіндігін, яғни пәнін анықтау 
ләзім.
Жалпы, криминолгия сөзі екі бөліктен тұрады, яғни латынша ''
crіmen
-қылмыс’’ және грекше ‘’
logos
-ілім’’. 
Демек, қылмыс туралы ілім болып шығады, бірақ та оның атауы аталған ғылымның немен айналысатындығын 
әлі де толық ашпайды. Себебі, қазіргі күні қылмыс мәселесімен айналысатын ғылымдар саны бірқатар. Оның 
ішінде қылмыстық құқықтың да, қылмысты іс жүргізу құқығының де, қылмыстық-атқару құқығының да 
ғылымдары, сол сияқты құқықтық психология, социология (құқық социологиясы, қылмыс социологиясы және 
қылмыстық құқық социологиясы), философия (құқық философиясы мен қылмыс философиясы), статистика 
ғылымдары, тағы да басқа бірқыдыру ғылым салалары бар. Осы салалардың барлығы да қылмыс мәселелерімен 
айналысқанмен әрқайсысы әр қырынан келеді. Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады. 
Демек, криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі - қылмыс сияқты боп көрінеді, бірақ бұл әлі 
де нақты емес. Криминологияның ең басты мәселесі, жүрегі -
қылмыстылық. 
Жұрт қылмыстылық пен 
қылмысты бір-ақ нәрсе деп ойлауы әбден ықтимал. Тіпті, қылмыстылықтың жасалған қылмыстардың жиынтығы 
деп те түсінеді. Иә сыртынан қарағанда солай: қылмыстылық - қылмыстардың жиынтығы, бірақ ішкі жағы мүлде 
олай емес. Себебі, қылмыс адам әрекетінің бір түрі ғана, ал қылмыстылық - құбылыс. Қылмыстылық 
қылмыстардың жиынтығынан тұрғанмен де одан мүлде бөлек сапаға ие болған. Бұл жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет