Талғат сайрамбаев



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет7/58
Дата07.02.2017
өлшемі2.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58

тысы  туралы.  Сөз  тipкecтepiнің  көптеген  мəселелерi  жете 

зерттелгенiмен,  оған  фразеологиялық  единицалардың  қатысы 

арнайы  зерттеудiң  объектici  болған  емес.Фразеология  мəселе-

лерi – бұрыннан  зерттелiп  келе  жатқанымен,  оның  қарқынды 

түрде  қолға  алынуы  соңғы  кездiң  жемісі.  Фразеология  туралы 

500-ден  астам  мақала  жарияланған  eкен [71, 225-308]. Əлi  де  ол 

туралы жазыла бермек те. Сол жоғарыда көрсетiлген 500-ден аса 

еңбектердiң  iшiнде  орыс  тiл  жəне  түpкi  тiлдерiнде  де  жазылған 

мақалалар мен жекелеген еңбектер бар. 

А.А.  Коклянова  «О  границах  фразеологии  тюркских  языков» 

деген мақаласында фразеологияның мол зерттелгенiн айта келiп, 

«фразеология (тұрақты сөз тipкес-тepi) негiзінде eкi тұрғыдан қа-

ралады.  Не  жеке  бiр  түркі  тiлдерiнiң  фразеологиясы  ретiнде,  не 

белгiлi  бiр  жазушы  шығармалары  тiлiнiң  ерекшелiктерi» [72, 

99-104]  деп  көбiне  фразеологиялық  тұpғыдан  зерттелгендiгiн 

көрсетеді. Фразеологиялық единицалардың соңғы кезде тiлдiң бас-

қа да салаларымен қатысын арнайы көpceтeтін еңбектер де шыға 

бастады. 

Жоғарыда  аталған  еңбектердiң  iшiнен  Л. Apxaнгельский, 

Г.Ф. Булгакова, З.В. Валюсинская-Донскова, В.П. Жуков, Л.В. Ор-

лов, Х.М. Сайкиев, т.б. авторлар фразеологиялық единицалардың 


76

Күрделі сөз тіркестері

iшкi  ерекшелiктерiн  айтумен  бiрге  олардың  тiлдегi  басқа  да 

ерекшелiктерін, яғни синтаксистiк ерекшелiктерiн де арнайы сөз 

eттi. 


Х.М.  Сайкиев  «Устойчивые  сочетания  слов  как  члены  пред-

ложения» [73, 43-50]

 

деген  мақаласында  тұpaқты  тiркестердi 



жəне  онымен  бiрге  жаңадан  қалыптасып  келе  жатқан  кeйбiр 

формаларын  арнайы  сөз  ете  келiп,  тұрақты  тipкecтepдің  сөйлем 

мүшелерi  қызметiнде  жұмсалу  ерек шелiктерiне  тоқталған.  Ав-

тордың мысалға алған мынадай фразеологиясы аpқылы: «Оба мо-



лодых  человека  уехали  тотчас  после  ужина  (З.  Воскресенская)». 

Ну  что ... нравилось  вам  наше  Вавилонское  столпотворе-



ние  (З.  Воскресенская)  деген  фразалардың  оба  молодыx  челове-

ка, Вавилонское стол потворение тұpaқты тiркестердiң бастауыш 

қызметiнде  жұмсалуын  көрсеткен.  Фразеологиялық  единицаның 

сөй лемнiң  барлық  мүшесi  қызметiнде  жұмсалатындығын  айта 

келiп,  бұл  мақалада  автор  ФЕІ  тек  бастауыш  қызметiнде  жұмса-

луына  ғана  тоқталған.  Я.Д.  Пинхасов,  В.П.  Жуковтың  да  пiкiр-

лерi осы негiздес. 

Қазақ  тiлi  материалдары  негiзiнде  фразеологиялық  единица-

лар туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды. 

I.  Кеңесбаевтың  еңбектерiнде  фразеологиялық  единицаның 

синтаксистiк жағы онша еленбейді [74, 491].

 

Р.  Сəрсенбаев  пен  Ө.  Айтбаевтың  еңбектерiнде  фразеолoгия 



тек  таза  ФЕ acпeктісінде  ғaнa  зерттелiнiп,  олардың  синтаксистiк 

ерекшелiктерi сөз болмайды [75; 76]. Т. Қор дабаев, Х. Қожахме-

тованың,  М.М.  Копыленколардың  еңбектерiнде  ондай  тұpaқты 

тiркестердiң сөйлем мүшесiнде жұмсалуы бiраз айтылады [77].

 

Сонымен,  жалпы  фразеология  туралы  шыққан  еңбек терге 



шолу жасай келгенде, бiрiншiден, ол еңбектер өте көп, екiншiден, 

олардың 99 пайызы  таза  фразеология лық  аспектiде  жазылған, 

үшiншiден,  синтаксистiк  өзгешелiктерi  туралы  жазылған  еңбек-

тер  жоқтың  қacы,  төр тiншiден,  синтаксистiк  бағытта  жазылған 

еңбектерде,  көбiне,  тек  сөйлем  мүшелерi  тұрғысынан  баяндау 

басым. 


Профессор  М.  Балақаев  cөз  тipкecтepi,  оның  iшiнде  түй декті 

тipкecтepдің  жасалу  жолының  бiрi  тұpaқты  тipкecтер  дей  келiп, 

қазақ тiл бiлiмiнде тұрақты тiркестердiң сөз тipкeciнің бiр сыңары 


77

Күрделі сөз тіркестері

қызметiнде  жұмсалатындығын  алғаш  көрсетiп  бердi.  Бiрақ  ав-

тор  ол  мəселенiң  iшкi  ерекшелiктерiн,  ондай  кезде  бағыныңқы 

сыңары  қызме тiнде  ғaнa  жұмсалатындығын  ескертумен  қанағат-

танады [16, 32].

 

Тiлдiк  фактiлер  əр  уақытта  да  бiр-бiрiмен  тығыз  бай ланыста 



қолдануға  тиic  десек,  фразеологиялық  единица  да  тiлдiң  басқа 

салаларымен  тығыз  байланысты.  ФЕ  сол  тiлдiк  фактiлердiң 

iшiнде  синтаксис,  оның  iшiнде  сөйлем  мүшесiмен  де,  тiптi  сөй-

лемнiң  түрлерiмен  де  тығыз  байланыстылығы  жоғарыдағы  атал-

ған  еңбектерде  ескерiлiп  отыр.  Біздің  байқауымызша,  фразеоло-

гиялық  единица лар – тек  сөйлем  мүшесi  ғана  емес,  сол  сияқты 

сөз тipкecтepiнe де қатысы бар категория. Оның өзiндiк себептерi 

бар.  Жалпы  жоғарыда  аталған  еңбектердiң  iшiнде  фра зеология-

лық  единицалардың,  көбiне,  сөйлем  мүшесiне  қaтысы  көбiрек 

айтылады  да,  ал  олардың  сөз  тiркесiне  қатысы  тек  З.В. Baлю-

синская-Донскова, В.П. Жуковтың мақалаларында ғана аздап сөз 

болады [78]. В.П.  Жуков  ФЕ-ның  сөз  тiркесiне  қатысы  туралы 

былай  дейдi: «Лексикалық  единицалар  сияқты  фразеологизм  де 

меңгерiлуге бейiм. Тiптi басқа сөзбен қиыса да, қабыса да байла-

нысады.  Бiрақ  басқа  сөздерге  қарағанда  оны  бөл шектеуге  кел-

мейдi,  ол  бiртұтас  нəрce», – деп  сөз  тiркесiнiң  белгiлi  бiр  бай-

ланысу  формасы  арқылы  жұмсалатындығын  көрсетеді [79].

 

Жалпы  сол  мақалалардағы  негiзгi  пiкір  ФЕ-дың  сөйлем  мүшесi 



болатындығын  тiлдiк  фактiлермен  дұрыс  дəлелдейдi.  Бiрқатар 

авторлар  сөйлемнiң  бар лық  мүшелерi,  ендi  бiреулерi  тек  бастау-

ыш  қызметiнде  жұмсалуы  тиiс  деп,  олар  қалайда  сөйлемнiң  кез 

келген мүшелерi болатындығын айқындайды. Сонда тұрақты тip-

кeстep  сөйлем  мүшелерiнiң  қызметiн  атқаратындығы  айқын  де-

сек,  ендi  арнайы  сөйлем  мүшесi  қызметiнде  жұмсалатын  он-

дай  категориялардың  сөз  тipкeciнe  де  қатысы  айқындалуға  тиic. 

Өйткенi  сөз  тіpкeci  мен  сөйлем  мүшелерiнiң  де  қызметiнде 

ұқсастықтарының барлығы белгiлi. Eкeyi де өз тұсынан сөйлемнiң 

аясын  кеңейтiп,  ойды  жеткiзуде  бiрдей  қызмет  атқарады.  Сөз 

тipкeсiнің  сыңарларына  қойылатын  шарттың  бiрi – олардың  ба-

ғыныңқы  сыңарларының  анықтауыштық,  толықтауыш тық  жəне 

пысықтауыштық  қатынаста  жұмсалатындығы  (қызыл  орамал, 

кітапқa  құмар,  бүгiн  келдi).  Сөз  тipкe ciнің  бағыныңқы  сыңар-


78

Күрделі сөз тіркестері

лары  басыңқы  сыңарларымен  қа быса,  меңгерiле  байланысады 

десек,  олар  синтаксистiк  қызметi  жағынан  анықтауыштық,  то-

лықтауыштық,  пы сықтауыштық  қызметте  жұмсалады.  Мына 

сөйлемдердегi  асты  сызылған  сөздердi  талдап  көpeлік.  Мысалы, 

Сол сияқты Сейiтқұлдың үйiнде бiр ай жатқан жiгiт қарға адым 



жердегi  Барханның  баспанасына  бас  сұққан  жоқ («Жұлдыз»). 

Оның  үcтiнeн  өтeтін  үлкен  көпiр  қол  созым  жерде  (Ж.  Өмір-

беков). Қас қарайған кезде үйге кiрiстi (Б. Майлин). 

Miнe, осы сөйлемдерде қарға адым жер, қол созым жер, қас 



қарайған  кезде  тұрақты  тipкecтepi  бap.  Сөйлем  мүшесi  жағынан 

қарға  адым  жер  -гi  жұрнағы  арқылы  Бархан  сөзiнiң  анықтауы-

шы,  қол  созым  жерде  тұрақты  тipкeci  сол  сөйлемнiң  баяндауы-

шы жəне қас қарайған кезде пысықтауыш қыметiнде жұмсалған. 

Бұған  қарағанда  тұрақты  тіpкeстep  сөйлемнiң  кез  келген  мүшесi 

қызметiнде  жұмсалатындығын  байқап  отырмыз.  Сөйлем  мүшесi 

қызметiнде жұмсала алатын мұндай оралымдар сол тобымен сөз 

тipкeciнің  де  бiр  мүшесi  қызметiнде  жұмсала  алады  демекпiз. 

Сонда  ФЕ  сөйлемде  сол  тобы мен  жеке  сөз  таптарының  қызме-

тiне  ұқсас  дəрежеде  болады.  Олар  сол  тобын  жазбай,  өзара  түй-

декті  тіркес  тобын  құрайды.  Сол  түйдекті  тобымен  сөйлемдегі 

басқа сөздермен грамматикалық байланысқа енеді. Сөз тіркесінің 

байланысу  формаларының  барлығында  да  жұмсала  береді.  Жо-

ғарыдағы қарға адым жер тұрақты тіркесі Бархан сөзімен қабыса, 

қол созым жерде тұрақты тіркесі көnip сөзiмен қиыса, қac қарай-

ған кезде тұрақты тipкeci кipicті етістiгімeн қабыса байланысқан. 

ФЕ  құрылымдық  ерекшелiктерiне  қарай  əртүрлi  тoпталады. 

Н.Н.  Амосова  ФЕ  iшкi  құрылысына  қарай  топтауда  сөйлем  мү-

шесi тұрғысынан да, сөз тipкeci тұрғысынан да eкi жақты бiрдей 

қарастырады [80].

В.П.  Жуков: «Глагольные  фразеологизмы,  наречные  фразео-

логизмы,  именные  и  предиактивно-именные  фразе ологизмы», – 

деп  бiрде  сөз  табы,  бiрде  сөйлем  мүшеci  жағы нан  топтаса [81], 

А.И.  Молотков: «Есiмдi, eтicтiктi,  субъективтi,  адвербиалды, 

етiстiктi-пропозициалды», – деп сөз табы жағынан топтайды [82]. 

Əрине,  оларды  iшкi  ерекшелiгiне  қарай  бұлай  топтау  сөз  тipкeci 

мен сөйлем мүшесi жағы нан қарастыру үшін ыңғайлы-ақ. Бiздiң 

байқауымызша,  ФЕ  сөйлемде  жұмсалу  ерекшелiгiне  қарай  бiр-


79

Күрделі сөз тіркестері

неше  вари антта  қолданылады.  ФЕ  жеке  сөйлемдік  түрде  ғана 

қолданылады.  Сөйлемдiк  ФЕ  Ай  арасы  талас  болады,  айды 

асnанға  бір  шығарды,  ай  десе  аузы  бар,  күн  десе  көзi  бар,  əзiлi 

жарасты,  көзi  қарауытты,  кiрniгi  зорға  қuмыл дайды,  сабыр 

сарқылды, сабыр түбi – capы алтын, соқыр тауыққа бəрi бидай  

1. Жалқаудың жанына барсаң, сылтаудың астында қаласың 

деген  фразеологиялық  единицалар  да  сөйлемдiк  мағынaғa  ие. 

Өйткенi олар – қаншалықты сөйлемдiк дəрежеге ие болғанымен, 

орындары  сол  тұрған  қалпынан  өзгермейтiн  тұpaқты  сөздер 

тiзбегi.  Сондықтан  ондай  сөйлемдерді  не  сөз  тіркестеріне,  не 

сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды деп бiлемiз. 

2.  ФЕ  сөз  тiркестерi  формасына  келедi.  Ондай  дəрежедегi 

ФЕ  жеке  өз  алдына  қолданылмайды  да,  сөйлемнің  iшiндегi 

басқа  сөздермен  грамматикалық  байланыста  жұмсалады.  Мыса-

лы:  Алайда  түн  ұйқысын  төрт  бөлiп  мəпелеп  өcipгeн  сол  ме-

йiрбан  ата-ананың  арқасында  сəбилiк  кезден  өтiп,  балалық  шақ-

қа  да  жетiппiн  (С.  Көбеев).  Екі  жетiмегiн  арқа  етi  арша,  борбай 

eтi борша боп жүрiп өсiрiп едi-ау байғұс, енді мiнe  (Е. Тұрысов). 

Ocындaғы  түн  ұйқысын  төрт  бөлiп,  арқа  eтi  арша,  борбай  eтi 



борша  тұрақты  тipкecтepi  өз  алдына  жеке  қолданылмай,  сөйлем-

нiң  iшiнде  өзара  бiр  топ  болып,  сол  тобымен  нeмeсe  түйдегiмен 

бiр мүше ретiнде ғана жұмсалған. 

Есiмдi ФЕ: айбар мүйiздi, жел ауыз, жел аяқ, жылы сөзжiтi 



көз, зар жақ, зəрлi тiл, зəңгiр тау, зiңгiттей жiгiт, игi мұpат, ит 

жанды, uci қазақ, ит мiнез. 

Eтістіктi  ФЕ:  абайлап  сөйледi,  абұйырын  жапты,  айдауға 



кеттi, əдiл ұстады, əжетке жарады, елiн жиды, əлiне қара, жа-

уырынан  қақты,  жау  жарағын  сайлады,  жатып  атар,  жатып 

iшер, жылы сөйлестi, кəмелeтке жеттi, кенедей қадалды. 

Матаса байланысқан фразалық тiркестер: ай-айдың аты басқа, 



желдiң  өтi,  көздің  жасындай,  көздің  жауын  алды,  сөзiнің  жаны 

бар. 

Түйдектi тiркестi ФЕ: азық қылды, аза тартты, аяқ болды, əдiл 



болды, жауап бердi, жауыр болды, жел бердi, жəбiр қылды, жер 

болды, жылтың eттi, зақым қылды. 

3.  ФЕ  сөйлемнiң  iшiнде  кейде  өзi  сөйлемдiк  дəрежеде  бол-

ғанымен, coл тобымен сөйлемнiң бiр мүшесi ретінде, кейде тыр-


80

Күрделі сөз тіркестері

нақшаға  алынып,  кейде  төл  сөз  қалпында  да,  көбiне,  көмекшi 

етicтiктердiң  көмегiмен  сөйлемдегі  басқа  сөздермен  граммати-

калық  байланысқа  енiп  те  жұмсалады.  Жалпы  сөз  тipкeciн  құ-

райтын элемент – сөз. Сөз сөйлемде жеке-дара қызметiмен бiрге 

енді сол сөздер өзара бiр-бiрiмен тiркесiп сөйлемдi құрауға негiз 

болады.  Бірнеше  сөзден  құралатын  тұрақты  тipкecтep  де  сол 

сөздің  қызметi  іспеттес, 2, 3-топтағы  фразеологиялық  единица-

лар  сөйлем  iшiнде  қолданылып,  ондағы  басқа  да  мүше лердiң 

атқаратын  қызметi  тəрiздi  сөйлемдегi  басқа  сөз дермен  грамма-

тикалық байланысқа түciп, мүшелiк қызмет атқарады. 

Фразеологиялық  единицалар  сонымен  сөз  тipкeсiнің  белгi-

лi  сыңары  қызметiнде  жұмсала  алады  дeсeк,  оның  өзінiң  iштей 

ерекшелiктерiн  айқындау  қажет  сияқты.  Сөз  тipкeciнің  сыңары 

қызметiнде  жұмсалуын  сөз  етуден  бұрын  олардың  iшкi  ерекше-

лiктерiн  айқындау  керек  сияқ ты.  Сондықтан,  бiрiншiден,  фра-

зеологиялық  единицаның  сөз  тipкeciнің  əрбiр  сыңарынан  айыр-

машылығын,  екiншi ден,  фразеологиялық  единицаның  жалпы  сөз 

тipкeciнен айырмашылығын айқындау дұрыс

Фразеологиялық  единицаның  сөзден  айырмашылығы. 

Фразеологиялық  единицаның  сөзден,  яғни  тек  дербес  мағынасы 

бар  сөздерден  айырмашылығы  көптеген  авторларда  арнайы  сөз 

болып айтылуда.

Академик  В.В.  Виноградов  фразеологиялық  единица  туралы 

айта келіп, оның сөзден бүтіндей айырмашылығының барлығын, 

бірақ  күрделі  сөзге  ұқсастығы  болғанымен,  екеуінің  жігінің  бір 

еместігін  дұрыс  көрсетеді.  Автор  «бить  баклуши», «тянуть  ка-



нитель, втирать очки» сияқты ФЕ-ның əдеттегі сөз тіркесіне ұқ-

састығы  болғанымен,  бір  еместігін  айта  келіп,  олардың  сөйлем-

де  баяндауыш,  анықтауыш  жəне  пысықтауыш  қызметінде  жұм-

салатындығын айқындап, оларды мысалдармен дəлелдеді [83, 61].

А.В.  Кунин  фразеологиялық  единица  мен  сөз  туралы  айта 

келіп,  олардың  төмендегідей  өзгешеліктерін  көрсетеді.  Екеуінің 

бірінші  айырмашылығы  мазмұнында.  Екінші  айырмашылығы 

жасалуында.  Үшіншіден,  фразеологиялық  единицаның  мағына-

лық  құбылысы  мен  сөздің  мағыналық  құбылысы  еш  уақытта 

сəйкес  келмейді  деп,  күрделі  сөздерден  айырмашылығын  ес-

кермейді [84, 2].


81

Күрделі сөз тіркестері

В.М.  Бурмако  сөздің  фразеологизммен  арақатынасы  туралы 

айта  келіп, «фразеологизмдердің  жеке  сөзбен  салыстырғанда 

коммуникативтік  (байланыстылық)  рөлі  күшті.  Семантикалық 

толықтығы,  стилистикалық  жəне  өзінің  көлемі  жөнінен  фразе-

ологизмдер  сөзден  əлдеқайда  кең  мағынадағы  тіркестер  болып 

саналатындығын көрсетеді» [85, 119], – дейді.

А.Л.  Ониани  фразеологизмнің  сөзден  айырмашылығы  ту-

ралы төмендегідей пікір айтады:

1. Сөздің мағынасы болады, сондықтан да ол – лексикология 

мен  семасиологияның  объектісі. «Фразеологизмнің  сыңарлары 

мен  сөз  бір-бірінен  өзіндік  мазмұны  арқылы  ажыратылады. 

Біріншісінің  соңғысына  қарағанда  лексикалық  мағынасы  жоқ, 

сондықтан да ол cөз бола алмайды. 

2. Фразеологизм өзiнiң айтылу мəнерiмен ажыратылады [86, 87].

А.И.  Молотковтың  редакциясымен  шыққан  «Фра зеологи-

ческий словарь русского языка» атты еңбегінде фразеология, оның 

өзiндiк  ерекшелiктерi  туралы  айта  келiп,  автор  оны  тiлдiң  басқа 

да өзiне ұқсас категориялардан, яғни, бiр жағынан, сөзден, екiншi 

жағынан,  сөз  тipкeciнен  төмендегiдей  айырмашылығын  көрсе-

тедi: сөй лемде фразеологизм сол тобымен бiр бүтiн ретiнде жұм-

салатын болса, ал сөз жеке-дара-ақ өз алдына жұмсала бередi. 

Екеуiнiң ұқсастығы: 

1. Eкeyi де кемiнде бiрнеше сөзден болады. 

2. Екеуiнiң тарихи байланысы бар [82, 8-9 бб.]. 

Фразеологиялық  единицаның  сөзден  айырмашылығы  тура-

лы  тағы  да  көптеген  авторлардың  да  пiкiрiн,  əcipece,  А.  Навои 

атындағы  Самарқанд  мемлекеттiк  университе тiнiң  «Фразеоло-

гизм  жəне  сөз»  атты  симпозиумның  ма териалынан  анық  бай-

қауға болады. Осы тақырыпта В.А. Жуков, А.Н. Кожин, А.И. Мо-

лотков, Э.Б. Танкин, З.И. Баранова, т.б. авторлардың қамтуымен 

26  баянда ма  жасалған.  Сол  сияқты  бұл  мəселе  туралы  тағы  да 

сол  университетте  өткiзiлген  жиында  сөз  болды.  Онда  53-тей 

баяндаманың  жартысына  жуығы  сөз  бен  фразео логиялық  еди-

ницаның ұқсастығы мен айырмашылығына арналған. 

Мiнe,  осы  аталған  еңбектерде  сөз  бен  фразеологиялық  еди-

ницаның  айырмашылықтары  арнайы  айтылғанымен,  əрқайсы-

сында түрлiше көзқарастың барлығы айқын. 



82

Күрделі сөз тіркестері

І.  Кеңесбаев – қазақ  тiлiндегi  фразеология  мəселесi  туралы 

əpi  алғашқы  зерттеушi  əpi  сол  мəселенi  жан-жақты  талдаушы 

ғалымымыз. Автор өзiнiң мақала, оқулық жəне кейiнгi сөздiгiнде 

фразеология  мəселесiне  жан-жақты  тоқталды  деуiмiзге  болады. 

Алайда  бұл  мəселенi,  кө бiне,  лексикалық  тұрғыдан  немесе  фра-

зеологияны  тiлдiң  өзiндiк  бiр  саласы  деу  тұрғысынан  қарады. 

Miнe, осы ceбептерге байланысты болу керек, егер орыс тiлi, т.б. 

тiл дердегi  сөздiктерде  авторлар  фразеологияны  сөзбен  де  жəне 

сөз  тipкecтepiмeн  де  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  бiрдей 

атаса, І. Кеңесбаев фразеологияның сөзден айырмашылығын ғана 

айтумен  шектелген.  Автор  сөз  бен  фразеологияның  кей  ретте 

мағына жуықтығы болғанымен, олардың арасында теңдестік бел-

гісін  қоюға  болмайтындығын  көрсетеді.  ФЕ-да  мағына  тұтасты-

ғы,  тіркес  тиянақтылығы,  қолдау  тиянақтылығы  қайталанбайды 

дей  келiп,  ондай  ерекшелiктер  сөзде  болмайтындығын  дұрыс 

айқындайды [74, 597]. Автор  ФЕ-ның  сөзден  айырмашылығын 

айтса да, оның сөз тiркесiне қатысы туралы сөз қозғамайды да, тек 

контекст аясында бiр ғана сөйлем мүше ci,  яғни толықтауыш пен 

баяндауыш қызметiнде жұмса лады деп көрсетеді [74, 617]. 

Жалпы  сөз  бен  фразеологиялық  единицаның  айырмашы-

лығы  мен  ұқсастығы  туралы  мынадай  қорытындыға  келу  керек 

сияқты.

Сөз

Фразеологиялық единица

1. Сөз бір ғана сөзден, ол да түбір, 

туынды,  қос  сөз,  қысқарған  жəне 

біріккен сөзден болады.

ФЕ кемінде екі сөзден болады.

2. Жеке сөздің əрқайсысының жеке 

лексикалық  та,  грамматикалық  та 

мағынасы бар.

ФЕ-ның  əрбір  сөзі – лексикалық 

немесе  грамматикалық  мағынасы 

айқын емес сөздер.

3. Сөз жеке-дара қолдана алады.

ФЕ-ның əрбір сөзі жеке алынбай, сол 

тобымен бір-ақ жұмсалады.

4. Сөзде жеке ғана ұғым болады.

ФЕ-да сол тобымен мағына тұтастығы 

басым.

 

Фразеологиялық  единицаның  сөзден  айырмашылығы  тура-



лы айтылғанмен, ондай категорияның сөз тіркесі мен сөйлемнен 

83

Күрделі сөз тіркестері

айырмашылығы  тек  А.И.  Молотковта  айтылғаны  болмаса,  басқа 

ғалымдарда  тіпті  сөз  де  болмайды.  Сөз  тіркесі  мен  фразеоло-

гиялық  единицаны  салыстыру,  көбіне,  олардың  жалпы  ерекше-

ліктерінен  гөрі  ішкі  ерекшеліктеріне  негізделу  керек  сияқты. 

А.И. Молотков, негізінде, сөз тіркесі мен фразеологияның мына-

дай айырмашылығы бар деп көрсетеді.

1.  Фразеологияда  лексикалық  мағына  болса,  сөз  тіркесінде 

болмайды.

2.  Сөз  тіркесі  сөздің  лексикалық  единицасы  негізінде  бол-

са,  фразеологияда  сөздің  жеке  лексикалық  единицасы  жоқ  деп 

олардың бір-бірінен екі түрлі айырмашылығын көрсетеді [82, 8].

Шынына  келгенде,  сөз  тіркесі  мен  фразеологияның  сырттай 

ұқсастығы болғанымен, ішкі мазмұны жағынан бір емес. Төменде 

ол екеуінің бір-бірінен айырмашылығын беріп отырмыз.

р/с

Сөз тіркесі

Фразеология

1

Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің 



өзіндік мағынасы бар.

ФЕ-ға  қатысты  сөздердің  əрқай-

сысының өзіндік мағыналары айқын 

емес.


2

Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің 

өзіндік синтаксистік қызметі 

болады.


ФЕ-ға  қатысты  сөздердің  əрқайсы-

сының өзіндік қызметі жоқ

3

Сөз тіркесіндегі сөздің орын 



тəртібі еркін болады.

ФЕ-ға  қатысты  сөздердің  əрқайсы-

сының орны тұрақты болады.

4

Сөз  тіркесіндегі  сөз  меңге-



ріле, т.б. байланыста келеді.

Олардың  іштей  өзара  бір-бірімен 

байланысу формасында келуі тұрақ-

ты.


5

Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің 

байланысу тəсілдері бар.

Жалпы  фразеологиялық  единицалар  əрі  есімді,  əрі  етістікті 

сөз тіркестерінде де көп қолданылады.


84

Күрделі сөз тіркестері

ІІ. КҮРДЕЛI СӨЗ ТIРКЕСТЕРIНIҢ 

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРI

Жалпы тiлдегi сөз таптарының барлығы бiр-бiрiмен тығыз бай-

ланыста  жұмсалады. Miнe,  осы  жағынан  алған да  зат  есiмдердiң 

қызметі – ерекше.  Зат eciм  зат  атауы  бола  отырып,  сол  заттың 

өзiне  тəн  саны,  сыны  сияқты  сандық,  сындық  қасиеттерi  соның 

негiзiнде  қалыптасса  керек.  Сын eciм,  сан  есiмдер  өз  алдына 

сөз  табы  екендiгi  белгiлi  болғанымен,  олар  затсыз  дара  қолда-

нылмайды.  Үнемi  затпен  бiрлiкте  ғана  айқын  болады.  Сөйтiп, 

зат ол сөздердi өзiнiң жетегiнде бiрлiкте жұмсайды. Осы сияқ ты 

басқа сөздерге ұйтқы болуда етicтiктердiң де рөлi ерекше. 

Сөз  тipкecтepi  құрылымына  қарай  дара  жəне  күрделi  болады 

десек,  осы  құрылымдық  ерекшелiгiн  əрi  есiмдi,  əpi  етiстiктi  сөз 

тipкecтepiнің ыңғайында қарастырамыз. Жалпы сөз тiркестерiнiң 

құрылысы  оның  бағыныңқы  жəне  басыңқы  сыңарларына  да  тəн. 

Басыңқы  сыңарлары eciм  мен  eтicтік  десек,  оның  əрқайсысына 

тəн  бағыныңқы   сыңарлары  бар.  Есiмдi  сөз  тipкecтepiнe  қабысу, 

меңгеру  жəне  матасу,  етiстiктi  сөз  тipкecтepiнe  меңгеру  мен  қa-

быса байланысу формалары тəн. 



І. Есімді күрделі сөз тіркестері

1. Қабыса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері

Қабысу – түркі  тілдерінде,  оның  бірі  қазақ  тілінде  өте  жиі 

қолданылатын синтаксистік байланысу формасының бірі. Қабыса 

байланысатын сөз тіркестерінің грамматикалық байланысу амалы 

сөздердiң орын тəртiбi болады. 

Қабыса  байланысатын  есiмдi  күрделi  сөз  тipкecтepiнің  құ-

рамы  əртүрлi:  оның  бағыныңқы  сыңары  зат eciм,  сын eciм,  сан 

eciм,  есiмдiк,  есiмше,  үстеу  болады  да,  басыңқы  сыңары  зат 

есiм, субстантивтенген сөздер бо лады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет