Таным-адам қызметінің қоршаған дүниені және онда,ы өзін тануға бағытталған арнайы түрі.Таным-адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі.Оның нәтижесінде сыртқы әдемнің идеалды образдары қалыптасып,олар туралы білім пайда болды.Яғни таным адам санасын танытудың негізі болып табылады.Айналадағы әлемді тану теориясын,дәлірек айтқанда таным туралы философиялық ғылым гносеология немесе таным теориясы деп аталады.Бұл ғылым жайлы термин философияға 1854 жылы шотланд философы Дз.Феррердің еңбектері арқылы енді.
Бізге белгілі танымның екі формасы бар.Олар:сезімдік(түйістік таным ) және рационалдық (логикалық ) таным.Әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ,сезлімдік таным дегеніміз-сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзідеп білу.Ал рационалдық таным дегеніміз-логика,ойлауды абсолюттендіру,танымның негізгі ақыл,парасат деп ұғыну.
Бізге белгілі танымның екі формасы бар.Олар:сезімдік(түйістік таным ) және рационалдық (логикалық ) таным.Әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ,сезлімдік таным дегеніміз-сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзідеп білу.Ал рационалдық таным дегеніміз-логика,ойлауды абсолюттендіру,танымның негізгі ақыл,парасат деп ұғыну.
1.тұтас түрдегі танымның сипаты,оның мүмкіндіктері мен шекаралары; 2.білім мен шынайылықтың,білім мен сенімнің,таным субьектісі мен 3.обьектісінің арақатынасы; 4.ақиқат және оның өлшемдері; 5.танымның формалары мен деңгейлері,оның тарихи,әлеуметтік-мәдени негіздері; 6.сонымен өоса білімнің түрлі формаларының арақатынастары.
Танымның субъектісі және объектісі
“Таным субъектісі” мен “таным объектісі” гнесеологиядағы орталық ұғымдар болып табылады.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметі атқарушыны айтамыз.Ол бірдеңені танып,білуге тырысушы.Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз.Демек,ол танылушы,мәселен,молекула,атом,адам,тіпті тұтастай табиғат.Таным объектісі материялық,дуние немесе рухани құбылыс,сонымен қатар субъектінің өзі же болуы мүмкін.
Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мінділігін шарттастырады субъектісіз объект болмайды,объектісіз субъект болмайды.Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.