Тапсырма және 2-аралық тапсырманы рәсімдеу үлгісі Тегі Аты Әкесінің аты 1-тапсырма. Теріске шығару тапсырмалары



Дата25.05.2023
өлшемі14,11 Kb.
#97453

Тапсырма және 2-аралық тапсырманы рәсімдеу үлгісі
Тегі Аты Әкесінің аты
2.1-тапсырма. Теріске шығару тапсырмалары
1. Дөңгелек үстелге 3 ұл мен 2 қыз кездейсоқ ретпен 5 орындыққа отырады. Қыздардың бір-бірінің жанына отырмау ықтималдығын табыңыз.
2. Диаметрі 67 мм мойынтіректерді жасау кезінде диаметрдің берілген диаметрден айырмашылығы 0,01мм-ден артық болмауының ықтималдығы 0,965 құрайды. Кездейсоқ мойынтіректің диаметрі 66,99 мм-ден кем немесе 67,01 мм-ден артық болу ықтималдығын табыңыз.
3. Шаршы шеңберге іштей сызылған. Шеңберге кездейсоқ түрде нүкте қойылады. Оның шаршының ішіне түспеу ықтималдығы қандай?


2.2-тапсырма. Ықтималдықтардың қосындысы
1. Жаңа электр шәйнегінің бір жылдан астам ұсталу ықтималдығы 0,93-ке тең. Оның екі жылдан астам ұсталу ықтималдығы 0,87-ге тең. Оның екі жылдан кем, бірақ бір жылдан артық ұсталу ықтималдығын табыңыз.
2. Аудан орталығынан ауылға күнделікті автобус қатынайды. Дүйсенбіде автобуста 20 жолаушыдан кем болу ықтималдығы 0,94-ке тең. 15 жолаушыдан кем болу ықтималдығы 0,56-ға тең. Жолаушылар саны 15 пен 19 арасында болу ықтималдығын табыңыз.

3. Геометриядан емтиханда оқушы емтихан сұрақтарының тізімінен бір сұраққа жауап береді. Бұл сұрақтың «Іштей сызылған шеңбер» тақырыбына қатысты болу ықтималдығы 0,2-ге тең. Бұл сұрақтың «Параллелограмм» тақырыбы бойынша болу ықтималдығы 0,15-ке тең. Осы екі тақырыпқа бір мезгілде қатысты болатын сұрақтар жоқ. Оқушының емтиханда осы екі тақырыптың біреуіне қатысты сұраққа жауап беру ықтималдығын табыңыз.




2.3-тапсырма. Ықтималдықтардың көбейтіндісі
1. Сауда орталығында екі бірдей автомат кофе сатады. Күннің соңына қарай автоматтағы кофенің біту ықтималдығы 0,3-ке тең. Кофенің екі автоматта қатар біту ықтималдығы 0,12-ге тең. Күннің соңында кофенің екі автоматта да қалу ықтималдығын табыңыз.

2. Талапкер институтқа «Тілтаным» мамандығына оқуға түсу үшін үш пәннің әрқайсысы – математика, орыс тілі және шет тілі бойынша емтиханнан кемінде 70 балл жинауы керек. «Коммерция» мамандығына оқуға түсу үшін үш пәннің әрқайсысынан – математика, орыс тілі мен әлеуметтанудан кемінде 70 балл жинауы керек.


3-талапкердің математикадан кемінде 70 балл алу ықтималдығы
0,6-ға, орыс тілінен – 0,8-ге, шет тілінен – 0,7-ге, ал әлеуметтану пәнінен – 0,5-ке тең.
З-талапкердің аталған екі мамандықтың ең болмағанда біреуіне оқуға түсу ықтималдығын табыңыз.

3. Батареяның ақаулы болу ықтималдығы 0,06-ға тең. Сатып алушы дүкеннен осындай екі батареясы бар кездейсоқ қаптаманы таңдайды. Екі батареяның да ақаусыз болу ықтималдығын табыңыз.


4. Дүкенде екі төлем автоматы бар. Олардың әрқайсысы басқа автоматқа қарамастан 0,05 ықтималдықпен ақаулы болуы мүмкін. Кем дегенде бір автоматтың ақаусыз болу ықтималдығын табыңыз.
5. Керамикалық ыдыс-аяқ шығаратын зауытта шығарылатын тәрелкелердің 10 пайызы ақаулы. Өнім сапасын бақылау кезінде ақаулы тәрелкелердің 80%-ы анықталады. Қалған тәрелкелер сатылымға шығарылады. Сатып алу кезінде кездейсоқ таңдалған тәрелкенің ақаусыз болу ықтималдығын табыңыз. Шыққан нәтижені жүздікке дейін дөңгелектеңіз.


6. Гепатитке күдік бар науқастардың барлығына қан талдауын өткізеді. Егер талдау гепатитті анықтаса, онда талдау нәтижесі оң деп аталады. Гепатитпен ауыратын науқастарда талдау 0,9 ықтималдықпен оң нәтиже береді. Егер науқаста гепатит болмаса, онда сынақ 0,01 ықтималдықпен жалған оң нәтиже бере алады. Гепатитке күдік бар науқастардың 5%-ы шын мәнінде гепатитпен ауыратыны белгілі. Емханаға гепатитке күдікпен түскен науқастың талдау нәтижесі оң болу ықтималдығын табыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет