1) әртүрлі тітіркенулерді қабылдау және оларды жүйке импульстарына айналдыру;
2) жүйке импульстарын өткізу, оларды өңдеу және жұмыс органдарына беру.
Бұл функцияларды жүйке ұлпасының функционалды жетекші құрылымдық компоненттері - нейроциттер орындайды. Нейроглия жасушалары осы функцияларды орындауға ықпал етеді.
Жүйке ұлпасының негізгі даму көзі — нейроэктодерма. Кейбір глиалды жасушалар микроглиядан және мезенхимадан (қан моноциттерінен) дамиды.
Даму кезеңдері:
1) жүйке тақтасы;
2) жүйке ойығы;
3) жүйке түтігі, ганглиозды пластинка, нейралды плакодалар.
Жүйке түтігінен орталық жүйке жүйесінің мүшелерін құрайтын жүйке ұлпасы дамиды. Ганглиозды пластинкадан перифериялық жүйке жүйесінің кейбір мүшелерінің жүйке ұлпасы дамиды (вегетативті және жұлын ганглиялары). Нейралды плакодалардан бассүйек нервтерінің ганглиясы дамиды. Жүйке ұлпасының даму процесінде алдымен жасушалардың екі түрі пайда болады: 1) нейробласттар; 2) глиобласттар.
Содан кейін нейробласттардан нейроциттердің әр түрлі түрлері, ал глиобласттардан макроглия жасушаларының әр түрлі түрлері (эпендимоциттер, астроциттер, олигодендроциттер) сараланады.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:
cезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)
байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нерондарға өткізеді)
қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді)
Нейронның суретін салып, оның негізгі бөлімдері арқылы қозудың жүру жолын көрсетіңіз
Миелинсіз талшықтар құрылысы бойынша кабельді талшықтарға жатады. Өте жұқа (5-7 мкм)
Милиенді жүйке — бұл күрделі құрылым. Ол:
1) жүйке талшықтарынан;
2) жүйке қабықшасын құрайтын борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасынан тұрады.
Жүйке қабықшалары:
1) эндоневрий (жеке жүйке талшықтарын қоршаған дәнекер ұлпасы);
2) периневрий (жүйке талшықтарының шоғын қоршап тұрған дәнекер ұлпасы);
3) эпиневрий (жүйке бағанасын қоршап тұрған дәнекер ұлпасы).
Қабықшаларда жүйке талшықтарының трофикасын қамтамасыз ететін қан тамырлары өтеді.
жүйке импульстарын өте баяу (1-2 м/с) өткізеді.
Миелинді жүйке талшықтары арқылы жүйке импульстары жоғары жылдамдықпен сальтаторлық тәсілмен өтеді, яғни жүйке үзілісі бір үзілістен екінші үзіліске секіріп отырады.