Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қарақұм, Ордабасы және Ұлытау құрылтайының тарихи маңызы



Pdf көрінісі
бет44/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103
51. Қарақұм, Ордабасы және Ұлытау құрылтайының тарихи маңызы. 
1710 жылы Арал теңізінің солтүстігіндегі Қарақұмда Қаракесек құрылтайы өтті. Оны 
тарихта Қарақұм құрылтайы деп те, Қаракесек құрылтайы деп те таңбалай береді. Өйткені 
бұл жиын өткен Қарақұм алқабын негізінен Қаракесек ру-тайпалары мекендейтін. Осы 
халық құрылтайына шартараптан жиналған жұртшылық өкілдері (төрелер, билер, 
рубасылар, өзге де түрлі шонжарлар, ақсақалдар, батырлар, сарбаздар) өздерінен күші 
басым қаһарлы жауға жұмырықша жұмылып, бүкіл ел-жұрт болып бірігу жолымен қарсы 
тұрамыз деп бір ауыздан шешкен. Шешім аса күрделі, қайғылы-зарлы жан күйзелісі 
бұрқаған ауыр ахлақтық ахуалда қабылданды. Құрылтайда әуелде күйзелісті елдің үмітін 
үзе түскен күңіреніс орнап тұрды.Бұл бас қосуға ықпал жасаған 
Тәуке хан
 болды. Ол қазақ 
жасақтары мен қазақ руларын басқаруды құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастырудың 
жоспарын ұсынды. Қазақтардың қорғаныс қабiлетiн нығайту үшiн сұлтандар билiгiн шектеп, 
үш жүздi жауапты билер арқылы басқаруға ұмтылды. Жиынға қатысушылардың пiкiрлерi 
ортақ болған жоқ. Олардың бiр бөлiгi жоңғарларға бодан болуды жөн көрсе, кейбiреулерi 
аңысын аңду пиғылын ұстанды. Дегенмен 
Бөкенбай Қараұлы
батыр халықты жоңғарларға 
қарсы шабуыл жасауға көндiрдi. Бұл басқосуда хандар арасынан жоғарғы қолбасшы 
сайлау туралы мәселе көтерiлдi. Оған үмiткерлер 
Қайып сұлтан
 мен 
Әбiлқайыр хан
 болды. 
Жасақтарға Бөкенбай жетекшi болып сайланса, хан билiгi Әбiлқайырға берiлдi
Әбілқайыр хан көптеген өзекті мәселелермен бетпе-бет келген еді. Құрылтайдан кейін іле-
шала өткен Қарақұм шайқасы қазақтың отаншылдығы, намысы жоғары екенін көрсетті. 
Дұшпанды ұйымдасқан түрде түре қуды. Алайда Еділ қалмақтары мен Жайық казактары, 
тіпті күні кеше мүдделерін өзі араларына барып қорғасқан башқұрттар да елдің терістігі мен 
терістік-батысындағы құнарлы жер-суға, Еділ-Жайық аралығына, Ырғыз, Тобыл өзендері 
алқаптарына сол алапат ұрыстан кейін де ұдайы көз алартып, әлсін-әлсін қазақтармен 
қақтығысып қалуларын доғармай тұрған. Ал оңтүстікте Цеван Равданның жоңғарлары 
тегеуірінді жорықтарын тоқтата қоймаған еді. Осындай күрделі ахуал салдарынан 
Әбілқайыр бірнеше бағытта бір мезгілде әрекет ету жолдарын ойлауға мәжбүр болды. 
Халқы оны түсінді, қолдады. Әр атадан іріктелген жігіттер атқа қонды. Сонда Әбілқайыр 
хан мен Бөкенбай батыр бас болып, аз уақытта қалмақты Қарақұм алабынан асырды. Жем 
өзенінен қуды. Жайықтың арғы бетіне дейін тықсырды. Сарысу өзенінің сыртына қашырды.
Әбілқайыр ханның қалыптасқан жағдайға байланысты тастаған ұранына Қайып хан мен 
Абдолла хан өз үндерін қосты. Табын Бөкенбай батыр бастаған қаһарман сарбаздар 
қатарына ел ішіндегі Тама Есет батыр, Қошқарұлы Шақшақ Жәнібек, Қанжығалы Бөгенбай
Қаракерей Қабанбай сынды ондаған айтулы батырлар қосылды. Солар бастаған сарбаздар 
азаттық үшін алысып, дұшпан жасақтарын елден қуып шықты. Жоғалтқан көші-қондық 
жерлерін, шұрайлы жақсы жайылымдарын қайтарып алды. Қазақ хандығының әскері 1711–
1712-ші жылдары жоңғар басқыншыларына тойтарыс берумен, оларды хандықтың жер-
суынан аластап, шығысқа ығыстырып тастаумен ғана шектелмей, олардың еліне – 
Жоңғарияға басып кірді. Сәтті жорық жасап, олжалы оралды. Ойраттардың қарымта 
қайтару мақсатымен 1713 жылы жасаған қарсы шабуылын да жеңіліске ұшыратты. Араға 
аз уақыт салып, жоңғарлардың қазақ елімен шектесетін ұлыстарын тағы шапты. Содан 
кейін бірнеше жыл бойы қазақ және жоңғар елдерімен екі арада ұсақ қақтығыстар ғана 
орын алып тұрды. Біраз уақыт тыныш өтті. Цеван Равдан қонтайшы әзірге қазақ еліне үлкен 
армиясын бұра қоймады. Оның ірі шабуыл жасамауының бір себебі қытаймен екі 
араларында жаңа соғыстың басталуында жатқан. Ойраттардың негізгі әскери күші Цин-
Қытай империясы әскерлеріне қарсы соғысқа жұмылдырылған болатын. Бұл 1715 жыл еді. 
Қазақтарға ішкі жағдайды тұрақтандырып, нығайта түсу мүмкіндігі туды
52.Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ батырларының рөлі
Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай 
өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Қазақ рулары мекендерін тастап, 
Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан өткен Ұлы және Орта жүз 
қазақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз қазақтарының біраз бөлігі Самарқанға, ал 


Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхара территориясына өтті. Ал жоңғарлар қазақ 
ауылдарын, қалаларын басып алды, халқын қырып, тұтқынға айдады. Әсіресе, Шона-
Дабаның бағытындағы халық ауыр зардап шекті. Оның әскері 5000 қазақ жанұясын 
тұтқындап, 1000 жанұяны тұтқынға айдады. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының 
басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы 
Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең 
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың 
паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші 
жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші 
жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала 
көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін 
жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді. 
.
Көп 
жерлерде халық жауға батыл қарсылық көрсетті. Ташкенттің 300 мың тұрғындары қаланы 
үш ай бойы ұстап тұрды. Халық жоңғарларға қарсы күресте ерен ерліктің үлгісін көрсетті. 
Сайрам, Түркістан қалаларының тұрғындары да жауға табанды қарсы тұрды. Осындай 
қарсылықтарды ұйымдастырушы Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық, Тайлақ, Жәнібек, 
Малайсары және т.б. халық батырлары болды. Түркістан қорғанысына Қабанбай мен 
Айшыбек батыр қатысты. Қоршауда қалған Сайрам қаласын басып ала алмаған жоңғарлар 
Сайрамсу мен Тубалық өзендерінің ағысын өзгертуге шешім қабылдайды. Бұл өзендер 
қаланы сумен қамтамасыз еткендіктен қала тұрғындары сусыз қалады. Осыдан кейін ғана 
әбден әлсіреген халық қаланы жауға беруге мәжбүр болады. Тек қалаларда емес, тау, дала 
өңірлерінде де жау халықтың ұйымдасқан қарсылығына тап болды. Қожаберген жыраудың 
айтуы бойынша қазақтар шегінуі барысында да үлкен қарсылық көрсеткен.
Осы жылдары Қазақ хандығының батысындағы қалмақтардың да қазақ жеріне шабуылы 
жиіледі. Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ жасақтары бұл бағытта да жауға
ұйымдасқан тойтарыс берді. Осынау қиын-қыстау кезде халық сұлтандар мен ру 
басыларына үміт артпай, өз тарапынан да қарсылық ұйымдастыра бастады. Қазақ 
жасақтарының басында халық батырлары тұрды. Халық рухын көтеруде Төле, Қазыбек, 
Әйтеке билердің рөлі зор болды. Жауға қарсы жаппай қарсылық көрсету 1724 жылдан 
басталды. Бұл жылы негізгі әскери қақтығыстар Орталық және Батыс Қазақстан 
территориясында болды. Бұл қақтығыстарда Әбілқайыр хан бастаған қазақ қолдары 
табысты қимылдады. Әбілқайыр ханды қазақтардың басым бөлігі, қарақалпақтар 
мойындады. Бұл жылдары Әбілқайыр хан соғыс даласында асқан батырлық танытты. 1725 
жылы Әбілқайырдың қол астындағы сарбаздардың соны 50000-ға жетіп, қазақтар жаудың 
басып алған жерлерін азат етуді бастады. Осы жылы басқыншыларға қарсы алғаш рет 
үлкен тойтарыс берілді. Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам төңірегін жаудан азат етуде 
қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаратау тауларының Теректі алқабындағы
Садырбұлақ өзенінің төңірегіндегі қалмақтардың қолын Үлкентұр тауына қуып тығып, 
жойып жіберді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет