«Тарих, құқық , дінтану пәндері» әдістемелік бірлестігінің 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары Мектептің әдістемелік тақырыбы:«Мұғалімнің кәсіби құзіретін жетілдіре отырып, инновациялық технологиялар арқылы білім сапасын арттыру» Тарих, құқық және дінтану пәндер бірлестігінің әдістемелік тақырыбы: «Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалана отырып,тарихи-мәдени құндылықтарды өз бойына сіңірген тұлға қалыптастыру»
Мақсаты: Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері арқылы сапалы біліммен, жан-жақты дамыған дүние танымы кең, шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін жеке тұлғаны қалыптастыру. Міндеттері:-Оқушыларды тарих пәнінің негізгі туралы, оның қоғам өміріндегі рөлі мен мазмұны туралы тұтас түсінік қалыптастыру; - Тарих кезеңдердің қалыптасуы мен мемлекеттің өмір сүруі механизмдері туралы нақты білімдердің жинақталуын қамтамасыз ету; - Тарихи білімдердің қандай қоғамдық салаларда қолданылатынына түсініктеме беру; - Жаңа заман талабына сай ізденгіш,жауапкершілігі зор, талапты жеткіншек қалыптастыру. - Тарих пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындық жұмыстар жүргізу. ӘБ мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру; Сабақтарда жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту, тарихи-мәдени құндылықтарды өз бойына сіңірген жеке тұлға қалыптастыру мақсатында жүргізіліп, өз Отанын сүйетін, сын тұрғысынан ойлана білетін оқушы тәрбиелеу міндеттеріне жетті.