«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж


МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ



бет64/76
Дата31.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#22919
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
1.2. МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
Машина бөлшектерінің жұмыс істеу қабілеті және көпке шыдамдылығы олардың беріктігіне, тозуға төзімділігіне, қатаңдығына, ыстыққа және дірілге төзімділігіне байланысты болады. Әртүpлi бөлшектер түрлі жағдайда жұмыс істейді. Мысалы, егер сырғанау подшипниктері тозудан icтен шығатын болса, ал бұрандалы болттар көбінесе сынады. Сондықтан сырғанау подшипниктері тозуға төзімді болуы және сол тозу төзімділігіне есептелуі қажет. Ал бұрандалар берік болуы керек, сондықтан олар беріктікке есептеледі. Keйбір бөлшектерді, айталық біліктерді беріктікке, қатаңдыққа, дірілге, төзімділікке де есептеу қажет.

Беріктік. Беріктік ең негізгі талаптардың бipi, көптеген бөлшектердің өлшемі беріктікке есептеу арқылы табылады. Беріктікке есептеу бөлшекке түскен күшке байланысты екі түрлі болады. Егер бөлшекке тұрақты күш әсер ететін болса, оны беріктікке есептеу жолы, тұрақсыз айнымалы күш әсер еткен жағдайларда есептеу жолынан өзгеше келеді. Машиналарда тұрақты күш әсер ететін бөлшектер аз кездеседі. 1930 жылдарға дейін барлық машина бөлшектерінің өлшемдерін тек қана тұрақты күш әсер етеді деген жорамалмен есептеп шығаратын. Атақты неміс ғалымы Бах барлық бөлшектерді тұрақты күшке есептеп, айнымалы күштерді, динамикалық күштерді әртүрлі коэффициентпен есепке алуды ұйғарған. Кейінгі кезде, бұл есептеу жолдарынан бас тартып, айнымалы күш әсер ететін бөлшектердің өлшемін есептеу тәсілдері белгілі бола бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет