Техникалық-технологиялық бағыт Оқу сабағының жоспары



бет1/3
Дата16.09.2023
өлшемі41,07 Kb.
#108064
  1   2   3

gБейнеу политехникалық колледжі
(білім беру ұйымының атауы)
Техникалық-технологиялық бағыт
Оқу сабағының жоспары

Модуль/Пән

ЖББ/Математика

Бөлім

Денелердің көлемі

Сабақтың тақырыбы

15.1.2. Пирамиданың көлемі. Қиық пирамиданың көлемі.

Педагог

Малбасов Ғалымжан Молданазарұлы




Жалпы мәліметтер

Курс: 1 топ: ТМ9-121

Барлығы – 25, ЕБҚ-1 (1-топ, сөйлеу дамуы бұзылған)

Оқу нәтижесі
(үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес)

  1. Призма, пирамида және қиық пирамиданың көлемін анықтауды игеру

Бағалау критерийлері
(үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес)

  • пирамида көлемін табу формуласын қолданады;

  • қиық пирамиданың көлемін табу формуласын қолданады;

Ойлау дағдыларының деңгейі

қолдану

Қажетті ресустар




  • қосымша-1,

  • қосымша-2,

  • қосымша -3




Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

ресурстар

Сабақтың басы
4 минут

6 минут




Ұйымдастыру
Студенттермен амандасу, түгелдеу


Үй тапсырмасы
«Бірін-бірі тексеру» әдісі


Топқа бөлу
«Фигура құрастыру» әдісі.



Сәлемдеседі


Студенттер көршілес студентпен дәптер алмасып, бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді

Пирамида және қиық пирамида фигуралары әр түрлі бөліктерге бөлінген. Студенттер өздері қалаған пішіндегі қиындыны алып фигура құрастырады. Пирамида құрастырғандар «Пирамида» тобына, қиық пирамида құрастырғандар «Қиық пирамида» тобына бірігеді.






10 минут
4 минут


6 минут

8 минут


4 минут

Жаңа сабақ
«Бейнекадр» әдісі.

Теорема: Үшбұрышты пирамиданың көлемі оның табан ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең:


V= h

Қиық пирамида көлемі:




V= H(
(Т). «Алмастыру» әдісі
І топ:
Еліміздің бас қаласында орналасқан Бейбітшілік және келісім сарайы дұрыс төртбұрышты пирамида пішіндес болып табылады. Оның биіктігі мен табанының қабырғасы 62 м-ге тең. Пирамида көлемін табыңдар.


Тапсырманы орындау қадамдары:

  • пирамида көлемін табу формуласын қолданады;

  • көлемін есептейді;

  • жауабын жазады;

ІІ топ:
Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың биіктігі 3 см-ге тең, ал табандарның қабырғалары 2см және 1см-ге тең. Қиық пирамиданың көлемін табыңдар.
Тапсырманы орындау қадамдары:

  • қиық пирамиданың көлемін табу формуласын қолданады;

  • көлемін есептейді;

  • жауабын жазады;



ЕБҚ ететін білім алушы: Есептің шығарылуын қағазға жазып береді

(ЖЖ). «Жұппен талқылада, топпен бөліс» әдісі


Табаны тең қабырғалы үшбұрыш болатын пирамиданың бүйір қыры 7 см-ге, табанындағы тең қабырғалы үшбұрыш қабырғасы 4,5 см-ге тең , пирамида көлемін табыңыздар.


Тапсырма орындау қадамдары:
-пирамида биіктігін табады;
- пирамида көлемін табу формуласын қолданады;
- жауабын жазады;


ЕБҚ ететін білім алушы: Есеп шығарылуын қағазға жазып береді


(Т)Тапсырма №4«Кел талқылайық!» әдісі

Пирамида пішіндес шоколад жасайтын құймада 21 бірдей ұяшық бар. Пирамида табаны дұрыс төртбұрыш. Дұрыс төртбұрыштың табан қабырғасы 4 см, биіктігі 6 см.


Сұрақ: барлық ұяшықтарды толтыру үшін 0,5 литр сұйық шоколад жеткілікті бола ма? Жауабын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет