Технология және биоресурстар факультеті


ZhМ 1009 Жануарлар морфологиясы



жүктеу 1.67 Mb.
Pdf просмотр
бет3/30
Дата03.03.2017
өлшемі1.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ZhМ 1009 Жануарлар морфологиясы  
 
 
пәнінің студентке арналған  
оқу - әдістемелік кешені 
(ПСОӘК) 
 
 
5В120200 – Ветеринарлық санитария 
 
 
 
Күндізгі оқу формасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ 2014 
 
 

Автор: - Исембергенова С.К.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      «Жануарлар морфологиясы» пәнінің  
студентке  арналған оқу-әдістемелік кешені аталған пәннің ПОӘК негізінде  
5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығына арнап дайындалған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ДӘРІСТЕР КУРСЫ 
 
№1 ДӘРІС 
 
Дәрістің тақырыбы: Жануарлар пәніне кіріспе. Гистологиялық құрылымдар
Цитология. Жасушаның бөліну түрлері. 
 
Дәрістің  мақсаты:  1  –  курс  студенттерін  «Жануарлар  морфологиясы  және  латын 
терминологиясы» пәні бөлімдерімен және пәннің «Цитология» бөлімі оқу материалының 
негізгі бағыттарымен таныстырып, өткен оқу материалын студенттердің өз бетімен оқып 
меңгеруі бағытында, оларға тапсырма беру. 
Түйінді  сөздер:  жасуша  (клетка),  цитоплазма,  ядро,  органеллалар,  қосындылар, 
хромосомалар, митоз, амитоз. 
Иллюстрация  –  гистологиялық  құрылымдар,  жасушаның  ультрақұрылымы,  митоз 
(таблицалар немесе слайдтар).  
                                                 Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1.  «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» пәні бойынша қысқаша 
түсінік. 
2.Жануарлар  организмінде  кездесетін  гистологиялық  құрылымдар:  жасуша 
(клетка), бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синцитий), жасушааралық зат. 
3.Цитология – жасуша туралы ілім. Жасушаның құрылысы, «Жасуша теориясының» 
негізгі қағидалары. 
4.  Жасушаның  тіршілік  айналымы  (жасуша  циклі):  интерфаза,  митоз.  Жасушаның 
бөліну түрлері (митоз, амитоз). 
Дәрістің мазмұны: 
1  –  сұрақ.  «Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  пәні  - 
жануарлар  организмінің  түрлі  құрылымдақ  деңгейдегі  құрылымдарының  (жасушалар, 
ұлпалар,  мүшелер  және  мүшелер  жүйелері)  кеңістіктегі  сыртқы  дене  бітімі  мен 
пішіндерінің  және  ішкі  құрылысының  тұрақты  қалыптылығы  (статикасын)  мен 
қалыптылықтың өзгеруін (динамикасын) зерттейтін биология ғылымдарының ірі саласы. 
Жануарлар  морфологиясы  ғылымының  зерттеу  нысаны  –  жануарлар  организмі. 
Организмдегі  құрылымдық  деңгейі  әр  түрлі  құрылымдарды  (жасушаны  ,  ұлпаларды, 
мүшелер  мен  мүшелер  жүйелерін)  және  ұрықтың  эмбриондық  дамуын  зерттеумен 
морфологияның әр түрлі  бөлімдері  шұғылданады. Жануарлар морфологиясы негізгі  төрт 
бөлімнен тұрады. Олар: цитология, эмбриология, гистология және анатомия. 
Цитология – жасушаның дамуы, құрылысы, және тіршілігі туралы ілім. 
Эмбриология  –  ұрықтың  пайда  болуы  мен  қалыптасуын  және  оның  даму 
заңдылықтарын зерттейтін ілім. 
Гистология  –  жануарлар  организмі  ұлпаларының  шығу  тегін,  дамуын,  олардың 
микроскопиялық    және  субмикроскопиялық    құрылысын  және  атқаратын  қызметін 
зерттейтін ілім. 
Анатомия  –  жануарлардың  сыртқы  дене  бітімін,  организм  мүшелері  мен  мүшелер 
жүйелерінің  құрылысын  белгілі  бір  тіршілік  ортасына  және  ұзақ  тарихи  даму 
мәліметтеріне сүйене отырып зерттейтін ілім. 
2  –  сұрақ.  Тірі  жануарлар  организмінде  тіршілікті  анықтайтын  тірі  затты 
протоплазма – деп атайды. Протоплазма – сыртынан биологиялық жарғақпен қапталған, 
бір-бірімен  тығыз  байланста  қызмет  атқаратын  екі  бөліктен:  цитоплазма  мен  ядродан 
тұрады.  Жануарлар  организмінде  протоплазманың  бірнеше  гистологиялық  құрылымдық 
түрлері  кездеседі.  Гистологиялық  құрылымдарға:  жасушалар  (жасушалар,  клеткалар), 
бейжасушалық  құрылымдар  (симпласт,  синцитий)  және  жасушааралық  зат  жатады. 
Симпласттар мен синцитийлер – жасушалардың туындылары, ал жасушааралық зат – 
жасушалар өнімдері. 

3  –  сұрақ.  Жануарлар  морфологиясы  «Цитология»  бөлімінің  материалы  бойынша 
дәріс  материалында  пәннің  мақсаты  мен  зерттеу  нысандары,  осы  ғылымның  қысқаша 
даму  тарихы  және  ілімнің  ғылым  ретінде  қалыптасуына  сүбелі  үлес  қосқан  ғұламалар 
еңбектері  баяндалады.  Жануарлар  жасушасының  құрылысына  байланысты:  жасуша 
қабықшасының  (жарғақүсті  кешен,  плазмолемма,  жарғақасты  кешен),  цитоплазмасының 
(гиалоплазма, арнайы және жалпы, жарғақты және жарғақсыз органеллалар, қосындылар), 
ядросының  (кариолемма,  кариолазма,  ядрошық,  хромосомалар)  құрылысы  баяндалады. 
Еңбектері  «Жасуша теориясының» ашылуына негіз болған ғалымдар туралы мәліметтер, 
бұл  теорияның  биология  ғылымдарының  дамуындағы  маңызы  және  оның  негізгі 
қағидалары  дәрісте  қысқаша  беріліп,  осы  материалдарды  толық  меңгеру  мақсатында 
студенттерге үй тапсырмасы ұсынылады. 
4- сұрақ. Дәрісте жануарлар жасушасының тіршілік айналымына (жасуша цикліне): 
интерфаза (түзілісалды (G
1
), түзіліс (S), түзіліссоңы (G
2
) сатылары) мен митозға (профаза, 
метафаза,  анафаза,  телофаза)  және  жасушалардың  бөліну  түрі  «Амитозға»    сипаттама 
беріледі.  
Интерфаза:  1.  түзілісалды  (G
1
)  сатысы  –  жасушаның  көлемі  ұлғаяды,  ДНҚ 
бастамалары  –  нуклеотидфосфокинездерді  синтездеуге  керекті  ферменттер  және  РНҚ 
мен белоктардың алмасуын қамтамасыз ететін ферменттер түзіледі. РНҚ мен белоктардың 
түзілу белсенділігі артады;  
2. түзіліс (S) сатысы – жасуша ядросында ДНҚ  мен гистондардың (негіздік белок) 
түзілу  белсенділігі  күрт  артып,  олардың  мөлшері  2  еселенеді.  Нәтижесінде  ядро 
хромосомаларының да саны 2 есе көбейеді. Бұл үдеріс редупликация – деп аталады. 
3.  түзіліссоңы  (G
2
)  сатысы  –    жасушаның  бөліну  процесін  қамтамасыз  ететін: 
ақпараттық  РНҚ  және  рибосомалық  РНҚ  мен  белоктар,  ахроматин  ұршығы  жіпшелерін 
жасауға  қажет  тубулин  белогі  синтезделеді,  центросома  центриольдері  2  еселенеді. 
Жасуша митоздық бөлінуге дайындалады. Митозда жасушапрофаза, метафаза, анафаза, 
телофаза сатыларынан өтіп, бір аналық жасушадан екі жас жасуша пайда болады.     
Амитоздың үш: генеративті, реактивті және дегенеративті түрлері ажыратылады.  
Дәрісте  оқылған  оқу  материалы  бойынша  ветеринарлық  медицина  және 
ветеринарлық санитария мамандықтарының 1 – курс студенттеріне, студенттерге арналған 
силлабусқа сәйкес өз беттерімен меңгеруге тиісті тапсырмалар ұсынылады. 
Бақылау сұрақтары: 
1.  «Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  пәнінің  мақсаты,  зерттеу 
нысандары, бөлімдері. 
2.Протоплазма, оның түрлі гистологиялық құрылымдары. 
3.Биологиялық жарғақтар, олардың құрылысы және маңызы. 
4.Жасуша қабықшасының құрылысы. 
5.Жасуша  цитоплазмасының  (гиалоплазма,  органеллалар,  қосындылар)  құрылысы  және 
цитоплазма құрылымдарының маңызы. 
6.Жасуша ядросының құрылысы және маңызы. 
7.Жасуша айналымы. Интерфаза, митоз, амитоз. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
«Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  5  –  8 
беттер ; 11 - 23 беттер; 25 – 36 беттер; 40 - 41 беттер; 48 – 71 беттер.  
 
 
 
 
 
 
 

№2 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Жалпы эмбриология. 
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  жыныс  жасушаларының  құрылысымен  және 
олардың даму процестерімен, сондай-ақ, жануарлар ұрығы эмбриондық дамуының негізгі 
кезеңдерімен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  жыныс  жасушалары,  жұмыртқа  жасушасы,  сперматозоид,  ұрық 
ұрықтану, гаструляция, ұрық  жапрақшасы, гистогенез, органогенез, системогенез, іштөлі 
қабықтары. 
Иллюстрация  -  сперматозоидтың,  жұмыртқа  жасушасының  құрылысы  туралы 
таблицалар,  құс  жұмыртқасы,  құс  және  сүтқоректілер  эмбриогенездерінің  негізгі 
кезеңдері, ұрық қабықтары, ұрықжолдас (таблицалар, слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Эмбриология ілімі туралы жалпы сипаттама. Прогенез. 
1. Жыныс жасушалары, сперматогенез, овогенез. 
3. Эмбриондық дамудың негізгі кезеңдері. 
4. Сүтқоректі жануарлар және құстар эмбриогенезі. 
Дәрістің мазмұны: 
1-сұрақ.  Эмбриология  –  ұрықтың  пайда  болуы  және  оның  құрсақтағы  немесе 
жұмыртқадағы  жеке  даму  заңдылықтарын  зертейтін  ілім.  Эмбриологияның  соңғы 
жетістіктері  мал,  құс,  балық  шаруашылықтарында  асылдандыру  (қолдан  ұрықтандыру, 
эмбриондарды  трансплантациялау,  эмбриондардағы  гендік  инженерия),  ветеринариядағы 
көбею  мүшелері  ауруларының  (бедеулік,  буаздық  патологиялары)  алдын  алу  мен  емдеу 
жұмыстарында үлкен қолданыс табуда.  
Прогенез  –  даму  сатысындағы  ұрық  (эмбрион)  организмінде  алғашқы  жыныс 
жасушаларының  –  гаметобласттың  (гонобласттың)  қалыптасып  даму  процесі. 
Гаметобласттар  –  ұрық  эмбриогенезінің  (ұрықтың  құрсақтағы  немесе  жұмыртқадағы 
даму  кезеңі)  алғашқы  сатыларында  сарыуыз  қапшығы  қабырғасында,  қан  тамырлары 
маңында  энтодермадан  қалыптасып,  митоз  арқылы  көбейіп  дамып  жетіледі  де,  қан 
тамырлар  қуысына  өтіп,  қанның  ағысымен  ұрық  организміндегі  жыныс  бездері 
бастамасына  барып  қоныстанады.  Даму  сатысындағы  жыныс  безінде  жыныс 
жасушаларын  қоректік  заттармен    қамтамасыз  ететін  тіректік  жасушалармен  қоршалып 
дамып жетіліп, жануарлардың болашақ жынысына байланысты сперматозоидтарға немесе 
овоциттерге айналады. 
2-сұрақ. Жыныс жасушаларының сома (дене) жасушаларынан айырмашылығы:  
1.  Зат  алмасу  процесі  -  жыныс  жасушаларында  сома  жасушаларымен 
салыстырғанда тым төменгі деңгейде жүреді;  
2. Жыныс жасушалары бөлініп көбеюге қабілетсіз;  
3. Жыныс жасушалары ядроларында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы (n) 
болады. 
Сперматозоид – еркек жануарлар жыныс жасушасы. Ол үш бөлімнен: сперматозоид 
басынан  (плазмолемма,  ядро  –  гаплоидты  хромосомалар  жиынтығы,  акросома), 
сперматозоид  мойнынан  (проксимальды  және  дистальды  центриольдер,  центродесмоз) 
және сперматозоид құйрығынан (бастапқы, негізгі және соңғы бөліктер) тұрады.  
Овоцит  (жұмыртқа  жасушасы)  –  цитоплазмасындағы  сарыуыздың  мөлшеріне 
байланысты:  олиголецитті,  мезолецитті,  полилецитті,  ал  сарыуыздың  цитоплазмадағы 
таралу сипатына - гомолецитті, телолецитті овоциттер болып бөлінеді.  
Сперматогенез  –  сперматозоидтардың  аталық  жыныс  безіндегі  даму  процесі.  Бұл 
үдеріс  кезегімен  өтетін  төрт  кезеңнен:  көбею,  өсу,  жетілу  және  қалыптасу  кезеңдерден 
тұрады. Жыныс жасушаларының дамып пісіп жетілуінің (сперматогенездің, овогенездің) 
өсу  кезеңінде  даму  сатысындағы  жас  жыныс  жасушалары  мейоз  (редукциялық  бөліну) 

арқылы  бөлінеді.  Жыныс  жасушалары  ядролары  құрылысында  күрделі  құрылымдық 
өзгерістер  жүреді.  Жыныс  жасушалары  мейоздың  ең  ұзақ  бірінші  кезеңі  –  профазадағы 
лептотен,  зиготен,  пахитен  және  диплотен  сатыларынан  өтіп,  диакинез  арқылы  екіге 
бөлінеді. Нәтижесінде жыныс жасушалары ядроларындағы хромосомалардың саны екі есе 
кемиді.   
Овогенез  –  овоциттердің  аналық  жыныс  безіндегі  даму  процесі.  Бұл  процес  үш: 
көбею, өсу және жетілу кезеңдерден тұрады. 
3-сұрақ.  Ұрықтың  пайда  болғаннан  бастап,  оның  енесінен  туғанға  немесе 
жұмыртқадан  жарып  шыққанға  дейінгі  даму  кезеңін  ұрықтың  эмбриондық  кезеңі 
немесе  ұрық  эмбриогенезі  –  деп  атайды.  Бұл  кезеңде  ұрық  –  біржасушалы  ұрық  – 
зиготадан  құрылысы  тым  күрделі,  дене  бітімі  ата-енелеріне  ұқсас  көпжасушалы 
организмге  дейін  дамиды.  Эмбриогенез  алты:  ұрықтану,  бөлшектену,  гаструляция, 
гистогенез, органогенез, системогенез сатыларынан тұрады.  
4-сұрақ
Сүтқоректі  жануарлар  мен  құста  ұрықтану  процесі  (жыныс 
жасушаларының жақындасуы, сперматозоидтың овоцит мөлдір қабығына жанасып кіруі, 
сперматозоидтың басы мен мойнының овоцит цитоплазмасына енуі, жыныс жасушалары 
ядроларының – пронуклеустерінің қосылуы - синкарион) жатыр түтігінің жоғарғы бөлігі – 
құйғышта  жүреді,  сперматозоид  пен  овоциттің  қосылуынан  біржасушалы  ұрық  – 
зигота пайда болады.  
Бөлшектенудің  түрлері  жануарлар  жұмыртқа  жасушасындағы  сарыуыз  қорының 
мөлшеріне  байланысты  болады.  Зиготаның  бөлшектену  процесі  овоциті  олиголецитті 
сүтқоректі  жануарларда  толық  (голобластикалық)  және  асинхронды  (әр  мезгілде),  ал 
овоциті  полилецитті  құстарда  –  жартылай  (меробластикалық)  асинхронды  және  дискі 
тәрізді  (дискоидальді)  болып  жүреді  де,  нәтижесінде  зигота  көпжасушалы  ұрыққа 
(сүтқоректі жануарларда – стерробластула, құстарда - дискобластула) айналады.    
Гаструляция – көпжасушалы ұрықтың ұрық жапырақшалары нан тұратын қабатты 
ұрыққа  айналу  процесі,  яғни  ұрық  жапырақшалары  (эктодерма,  мезодерма,  энтодерма, 
мезенхима)  мен  біліктік  мүшелердің  (жүйке  түтігі,  хорда,  ішек  түтігі)  дамуы  мен 
күрделену  үдерісі.  Гаструляция  аталған  жануарларда  деламинация  және  иммиграция 
жолдарымен ұқсас жүреді.  
Гистогенез – ұрық жапырақшаларынан (эктодермадан, энтодермадан, мезодермадан, 
мезенхимадан)  және  біліктік  мүшелерден  (жүйке  түтігі,  хорда,  ішек  түтігі)  ұлпалардың 
дамып жетілу кезеңі.  
Органогенез  -  ұрық  денесін  құрайтын  құрылысы  әр  түрлі  (түтікше,  паренхималы, 
қабатты) мүшелердің әр түрлі ұлпалардан қалыптасу процесі.  
Системогенез  –  жануарлар  мен  құстар  организмдері  мүшелер  жүйелерінің  толық 
дамып жетілу кекзеңі.  
Іштөлінің  (ішбалапанның)  ұрық  қабықтары  –  ұрықтың  толық  дамып  жетілуін 
қамтамасыз ететін, уақытша жетіліп қызмет атқаратын мүшелер. Сүтқоректі жануарларда 
- қағанақ, несепқабық, бүрлі қабық және сарыуыз қапшығы, ал құстарда – бүрлі қабықтың 
орнында сірлі қабық.  
Ұрықжолдас – тек сүтқоректі жануарларда бүрлі қабық пен жатыр кілегейлі қабығы 
арасындағы  байланыстан  жетіліп,  уақытша  қызмет  атқаратын  мүше.  Дәрісте  олардың 
түрлері және құрылысы туралы материал беріледі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Эмбриология,  оның  мал,  құс,  балық  шаруашылықтары  мен  ветеринарияда  қолданыс 
табуы. 
2. Прогенез туралы түсінік. Гаметогенез, оның түрлері. 
3. Сперматогенез, оның негізгі кезеңдері. 
4. Овогенез, оның негізгі кезеңдері. 
5. Жыныс жасушаларының дене жасушаларынан айырмашылығы. 

6. Сперматозоидтың құрылысы. 
7.  Сарыуыздың  мөлшеріне  және  оның  жұмыртқа  жасушасы  цитоплазмасындағы 
таралуына  байланысты  овоциттердің  түрлері.  Сүтқоректілер  овоцитінің  және  құс 
жұмыртқасының құрылысы. 
8. Эмбриогенездің негізгі кезеңдері. 
9. Құс және сүтқоректі жануарлар эмбриогенезіндегі ерекшеліктер. 
10.  Сүтқоректі  жануарлар  мен  құстар  ұрықтарының  қабықтары,  олардың  дамуы  мен 
құрылысы. 
11.  Ұрықжолдас  /плацента/,  бүлі  қабық  бүрлері  мен  жатыр  кілегейлі  қабығының 
байланысына  және  бүрлердің  хорионның  сыртқы  бетінде  орналасуына  сәйкес 
ұрықжолдастың түрлері және құрылысы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.  «Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  72  –  109 
беттер.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
№3 ДӘРІС 
 
Дәрістің тақырыбы: Жалпы гистология. Эпителий ұлпасының морфологиясы. 
 
Дәрістің мақсаты: Студенттерді  ұлпаның анықтамасымен және оның жіктелуімен 
таныстырып, эпителий ұлпасы туралы оларға толық мәлімет беру. 
Түйінді  сөздер:    ұлпа,  эпителий,  негіздік  жарғақ,  борпылдақ  дәнекер  ұлпасы, 
жабынды эпителий, безді эпителий. 
Иллюстрация:  бірқабатты  эпителий  ұлпалары,  көпқабатты  эпителий  ұлпалары, 
бездер  жіктелуінің  нобайы,  бездердің  түрлері,  бездердің  құрылысы  (таблицалар, 
слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1.  Ұлпа  туралы  түсінік.  Организмнің  дамуы  барысында  ұлпалардың  қалыптасуы 
және оның морфологиялық белгілеріне байланысты жіктелуі. 
2. Эпителий ұлпасының жалпы сипаттамасы. 
3.  Жабынды  эпителий  ұлпасы,  оның  түрлері,  құрылысы,  денедегі  орналасу  орны, 
қызметі. 
4. Безді эпителий, оның түрлері, құрылысы. 
Дәрістің мазмұны: 
1-  сұрақ.  Ұлпа  (ткань,  тін)  –  морфологиялық  белгілері  мен  атқаратын  қызметінің 
ұқсастығына  байланысты  біріккен  біртекті  жасушалар  мен  жасушааралық  заттардың 
филогенездік  тұрғыдан  тарихи  қалыптасқан  жүйесі.  Белгілердің  ажырау  (белгілер 
дивергенциясы) заңдылығына байланысты жануарлар организмдері, оның ішінде мүшелер 
жүйелерін  құрайтын  түрлі  ұлпалар  біртекті  жасушалардан  (зигота  бластомерлерінен) 
дамиды.  Аталмыш  заңдылыққа  сәйкес  біртекті  зигота  бластомерлерінен  құрылысы  әр 
түрлі  ұрық  жапырақшалары  мен  біліктік  мүшелер,  олардан  гистогенез  арқылы  түрлі 
ұлпалар  дамып  және  қалыптасып  жетіледі.  Ұрықтың  біртекті  бластомерлерінен  әртекті 
ұлпалардың дамуы мен жетілуін жете зерттеп, орыс ғалымы  Н.Г.Хлопин «Ұлпалардың 
дамуы  дивергенциясы  теориясының»  негізін  қалаған.  Ұлпалардың  жануарлар 
организміндегі  білгілі  бір  қызмет  атқаруға  мамандана  қалыптасуы  бірнеше  сатылардан 
өтеді. Алдымен біртекті зигота бластомерлерінен ұрық организміндегі орналасу орындары 
мен болашақ атқаратын қызметтеріне мамандануына сәйкес тек өздеріне тән құрылымдық 
айырмашылықтарымен  және  белоктар  түзілісінің  өзгешеліктерімен  ерекшеленеді. 
Жасушалар  топтарынан  туындайтын  бейжасушалық  құрылымдар  мен  олардан  түзілетін 
жасушааралық тірі заттар құрылыстарында да, аталған құрылымдардың шығу тегі болып 
саналатын  жасушалар  топтары  құрылыстарында  пайда  болған  құрылымдық  өзгерістерге 
сәйкес  құрылымдақ  ерекшеліктердің  болатыны  анық.  Жасушалар  популяциялары 
организмдегі  болашақ  орындарына  бейімделуі  (адаптация  -  бейімделу)  нәтижесінде 
жасушалар  ядролары  геномдарындағы  генетикалық  ақпараттар  да  жаңа  сипат  алып, 
жасушалар  топтарының  құрылыстарында  да,  морфологиялық  айырмашылықтар 
(дифференция  -  айырмашылық)  пайда  болып,  құрылысы  бір-біріне  ұқсамайтын  түрлі 
жасушалар топтары және олардың туынды құрылымдары дамып жетіледі де, құрылысы әр 
түрлі ұлпалардың негізі қаланады. Морфологиялық айырмашылықтарымен ерекшелінген 
жасушалар  топтары  мен  олардың  туынды  құрылымдары  тірі  организм  біртұтастығын 
(интеграция  –  бүтін,  біртұтас,  бірігу)  қамтамасыз  ету  бағытында  бір-бірімен  қайтадан 
өзара қызметтік байланыстарға түсіп бірігіп, өзіне тән белгілі құрылысы бар биологиялық 
құрылымдық жүйелерді, яғни ұлпаларды қалыптастырады. 
Эволюциялық дамудың нәтижесінде сыртқы пішіні мен дене құрылысы жағынан бір-
бірінен  әлдеқашан  ажырап,  ешқандай  да  ұқсастығы  жоқ  жануарлар  организмдеріндегі 
ұқсас  қызметтер  атқаратын  ұлпалардың  да  құрылысы  бір-біріне  ұқсас  келеді  екен.  Осы 

заңдылықты  зерттеген  орыс  ғалымы  А.  А.  Заварзин  ұлпалардың  дамуы  жөнінде 
«Параллельдік қатарлар теориясын» ашқан.  
Құрылысына,  организмдегі  орналасу  орындарына,  шығу  тектері  мен  атқаратын 
қызметтеріне байланысты құрылымдық белгілерді топтастырып, жануарлар организмінде 
кездесетін ұлпаларды: эпителий, дәнекер, ет, жүйке ұлпалары - деп төрт топқа бөледі.. 
2-сұрақ. Эпителий ұлпасы (жабынды ұлпа) – жануарлар филогенезінде, жабынды ұлпа 
ретінде  көпжасушалы  организмдерде  ең  алғаш  дамып  жетілген  ұлпа.  Эпителий  ұлпасы 
жануарлар  организмін  сыртынан  қаптап,  дене  және  сірлі  қуыстар  мен  түтікше  мүшелер 
кілегейлі  қабықтарынның  ішкі  бетін  астарлап,  организмнің  ішкі  ортасын  қоршаған 
сыртқы  ортадан  бөліп,  шекаралық  орын  алады.  Эпителий  ұлпасы  тірі  организмнің 
қоршаған  ортамен  байланысын  қамтамасыз  етумен  қатар,  денедегі  көптеген  бездердің 
паренхимасын  құрап,  организмдегі  түрлі  зат  алмасудың  жүруіне  қажет  бөлінділер 
(секреттер, гормондар т.б.) бөледі. Орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты 
эпителий  ұлпасы  үлкен  екі  топқа  бөлінеді.    Олар:  жабынды  эпителий  және  безді 
эпителий. 
3-  сұрақ.  Жануарлар  организміндегі  орналасу  орындары  мен  атқаратын  қызметтері  әр 
түрлі  болғанымен,  эпителий  ұлпаларының  жалпы  құрылысы  бір-біріне  ұқсас  болып 
келеді. Эпителий ұлпаларына тән ортақ құрылымдық белгілер:   
Каталог: attachments -> article -> 285
285 -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢдеу
article -> Род имён существительных
article -> Истинная вежливость. Цель. Воспитывать чувство уважения и вежливости. Оформление
285 -> Биохимия кафедрасы
285 -> Биохимия кафедрасы
285 -> Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»
285 -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ мал шаруашылығы және балық Өнімдерін өндіру технологиясы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет