Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Эпителий  ұлпасы.  Шығу  тегі,  жануарлар  организіміндегі 

орналасу  орны.  Безді  және  жабынды  эпителй.  Олардың 

құрылысы және қызметі.  

 



 

 

-//- 



 



Сұйық дәнекер ұлпалары. Сұйық дәнекер ұлпасының түрлері, 

шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі. 

 



-//- 

 



Талшықты  дәнекер  ұлпалары.  Түрлері,  шығу  тегі,  орналасу 

орны, құырлысы және қызметі. 

-//- 




Қаңқа дәнекер ұлпалары. Түрлері, шығу тегі, орналасу орны, 

құрылысы және қызметі. 

 

-//- 





Ет  ұлпалары.  Түрлері,  шығу  тегі,  орналасу  орны,  құрылысы 

және қызметі. 

 

 



Түрлі-түсті 

таблицалар, слайдтар, 

диапроектор 

10 


Жүйке ұлпасы. Түрлері,  шығу тегі,  орналасу орны, құрылысы 

және қызметі. 

 



 



Түрлі-түсті 

таблицалар, слайдтар, 

диапроектор 

 

Зертханалық сабақтар – 20 с (10х2) 

№ 

Зертханалық сабақтар тақырыбы,  аталуы  

Са- 

ғат  


Қолданылатын көрнекі-

иллюстрациялық және 

басқа материалдар 

Студенттердің тақырыпты 

қосымша өздігінен меңгеруіне 

қажетті әдебиет көздері  



 





  

Микроскоптың құрылысы. Гистологиялық техника негіздері. 

 

Микроскоп, гисто - 



Оқулықтар: 

1.Жаңабеков К., Жаңабекова Г. 

Гистология, цитология және 

эмбриология негіздері. Оқулық 

2005ж. 

2. Жаңабеков К., Махашов Е. : 



Жануарлар анатомиясы. – 

Алматы, «Білім», 1996. 

 

 



 Гистологиялық 

құрылымдар 

(жасуша, 

бейжасушалық 

құрылымдар: симпласт, синцитий).  

 



препараттар, 

таблицалар. 

Жасуша бөлінуінің түрлері. Митоз. 



-//- 


 Аталық және аналық жыныс клеткаларының құрылысы . 

Микроскоп, 



гистопрепараттар 

Сүтқоректілер және құстар эмбриогенезі. 



Муляждар, 

анатомиялық және 


гистологиялық 

препараттар 

Микроскоп арқылы 

препараттың суретін салып, 

оқытушыға өткізу. 

-//- 


 Бірқабатты эпителийдің түрлері. 

Микроскоп, 



гистопрепараттар 

Көпқабатты эпителий.  



-//- 


Борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпалары. 

-//- 


 

Құстар  қаны.  Бірыңғай  салалы  және  көлденең  жолақты 



бұлшықет ұлпасы 

Микроскоп, 



гистопрепараттар 

10 


 Мультиполярлы нейроциттер. Рефлекторлық доға.  

Микроскоп, 



гистопрепараттар 

 

Тәжірибелік сабақтар – 10 с. 

№ 

 



Тәжірбиелік сабақтар тақырыбы,  аталуы 

Са- 


ғат  

Қолданылатын көрнекі-

иллюстрациялық және 

басқа материалдар 

Студенттердің тақырыпты 

қосымша өздігінен меңгеруіне 

қажетті әдебиет көздері  



 



Жануарлар жасушасының ультрақұрылымы.  

Микроскоп, гисто 



препараттар, түрлі- 

түсті таблицалар 

Оқулықтар: 

1.Жаңабеков К., Жаңабекова Г. 

Гистология, цитология және 

эмбриология негіздері. Оқулық 

2005ж. 

2. Жаңабеков К., Махашов Е. : 



Жануарлар анатомиясы. – 

Алматы, «Білім», 1996. 

 

 

Ауызша сұрау 



 

 

 



 

Ауызша сұрау 

 



Органеллалар және қосындылар. 



Микроскоп, гисто 

препараттар, түрлі- 

түсті таблицалар 

Гаметогенез. Жыныс жасушалары. 



Микроскоп, гисто 

препараттар, түрлі- 

түсті таблицалар 

Жабынды эпителий. 



Микроскоп, гисто 

препараттар, түрлі- 

түсті таблицалар 

Безді эпителий 



Мультимедиялық тақта, 

түрлі-түсті кестелер 

 



Шеміршек ұлпаларының түрлері.  

Микроскоп, гисто 



препараттар, түрлі- 

түсті таблицалар 

 

Пластинкалы сүйек ұлпасы. 



Микроскоп, гисто 

препараттар, түрлі- 

түсті таблицалар 



 

Көледенең жолақты жүрек ет ұлпасы 



Мультимедиялық тақта, 

түрлі-түсті кестелер  

 Нейроциттердің түрлері.Нейроглия 



Микроскоп, гисто 

препараттар, түрлі- 

түсті таблицалар 

10 

Миелинді жүйке  



Микроскоп, гисто 

препараттар, түрлі- 

түсті таблицалар 

 

 

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Жеке гистология» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. 

2014 жылғы тамыздың «27» күнгі кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді. Хаттама№1 

 

 



Дайындағандар: 

 

профессор                                                              К. Жаңабеков  



доцент                                                                   С.Қ.Исембергенова  

аға оқытушы                                                         Р.Ж.Джунусова 

ассистент                                                               М.М.Жылқышыбаева 

ассистент                                                               З.Е.Байтақова 

ассистент                                                               Е.Бақкелді 

                                                                                    

                                                                                    

 

 



 

 

 



 

 


ДӘРІСТЕР КУРСЫ 

 

№1 ДӘРІС 

 

Дәрістің тақырыбы: Цитология пәніне кіріспе.  

 

Дәрістің  мақсаты:  1  –  курс  студенттерін  пәннің  «Цитология»  бөлімі  оқу 

материалының негізгі бағыттарымен таныстырып, өткен оқу материалын студенттердің өз 

бетімен оқып меңгеруі бағытында, оларға тапсырма беру. 

Түйінді  сөздер:  жасуша  (клетка),  цитоплазма,  ядро,  органеллалар,  қосындылар, 

хромосомалар, митоз, амитоз. 



Иллюстрация  –  гистологиялық  құрылымдар,  жасушаның  ультрақұрылымы,  митоз 

(таблицалар немесе слайдтар).  

 

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 

1. Цитология-жасуша (торша) туралы ілім  

2. Жасуша теориясы, оның негізгі қағидалары  

3. Протоплазма, оның тірішілк қасиетттері  

 

Дәрістің мазмұны: 

1  –  сұрақ.  Жануарлар  морфологиясы  «Цитология»  бөлімінің  материалы  бойынша  дәріс 

материалында  пәннің  мақсаты  мен  зерттеу  нысандары,  осы  ғылымның  қысқаша  даму 

тарихы және ілімнің ғылым ретінде қалыптасуына сүбелі үлес қосқан ғұламалар еңбектері 

баяндалады. Жануарлар жасушасының құрылысына байланысты: жасуша қабықшасының 

(жарғақүсті  кешен,  плазмолемма,  жарғақасты  кешен),  цитоплазмасының  (гиалоплазма, 

арнайы  және  жалпы,  жарғақты  және  жарғақсыз  органеллалар,  қосындылар),  ядросының 

(кариолемма,  кариолазма,  ядрошық,  хромосомалар)  құрылысы  баяндалады.  Еңбектері 

«Жасуша  теориясының»  ашылуына  негіз  болған  ғалымдар  туралы  мәліметтер,  бұл 

теорияның  биология  ғылымдарының  дамуындағы  маңызы  және  оның  негізгі  қағидалары 

дәрісте қысқаша беріліп, осы материалдарды толық меңгеру мақсатында студенттерге үй 

тапсырмасы ұсынылады. 

2  –  сұрақ.    Торша  протоплазмасы  биологиялық  жарғақтармен  (мембраналарымен) 

шектелген  биополимерлердің  тәртіптелген  құрылымдық  жүйелері  –  цитоплазма  және 

ядродан  тұрады.  Торша  құрылысындағы  ең  көп  тараған  құрылым  –  биологиялық 

жарғақтар.  Олар  торша  мен  оны  қоршаған  орта  арасындағы  зат  алмасу  және 

энергетикалық  процестерге  белсенді  қатысып,  протоплазманың  құрам  тұрақтылығы  мен 

көбеюін  қамтамасыз  етеді.  Биологиялық  жарғақтардың  құрамында  протоплазмадағы 

торша органеллалары мен гиалоплазма және плазмолемма мен оны қоршаған сыртқы орта 

аралықтарында  үздіксіз  жүретін  химиялық  реакцияларды  жүргізуге  белсенді  қатысып, 

оларды  реттеп  отыратын  ферменттер  (энзимдер)  болады.  Құрылысының  әр  түрлілігіне 

қарамастан, биологиялық жарғақтардың орташа қалындығы 6-10 нм-ге тең. Биологиялық 

жарғақтарды  қослипидті  -  белокты  қабаттар  құрайды.  Олардың  химиялық  құрамының 

40%-ын  липидтер  (майлар),  60%-ын  белоктар  құрайды.  Липидтердің  құрамына 

фосфолипидтер, сфингомиелиндер және холестерин кіреді. Белоктың қабат құрамына үш 

түрлі:  шеткі,  интегральды  және  жартылай  интегральды  белоктар  енеді.  Шеткі  белоктар 

жарғақтың  сыртқы  бетінде,  ал  қалған  белоктар  қослипидті  қабаттардың  ішінде 

орналасады.  Кейбір  жарғақтар  құрамында  1%-ке  дейін  көмірсулар  (гиалурон,  сиал 

қышқылдар, т.б.) кездеседі.  

         Торша плазмолеммасы немесе торша плазмасының қабықшасы – торшаны сыртынан 

қаптап оқшаулап, оны қоршаған ортамен байланыстырып тұрады. Плазмолеманаң сыртқы 

бетінде  –  қалындығы  3-4нм  жарғақүсті  қабат  –  гликокаликс  орналасады.  Оны  күрделі 

көмірсулар  (полисахаридтер)  –  гликопротеидтер  мен  гликолипидтер  құрайды. 


Гликокаликсте  торша  сыртындағы  күрделі  молекулалы  белоктарды,  майларды, 

көмірсуларды  қорытып,  оларды  өздерінің  қарапайым  мономерлеріне  айналдырытын 

ферменттер  болады.  Ал  плозмалеманың  ішкі  цитоплазма  жағындағы  бетінде  торша 

қаңқасының  қызметін  атқаратын  және  заттарды  тасымалдауға  қатысатын  белоктық 

жарғақасты  қабат  кешені  –  микротүтікшелер  (20-22нм),  микрожіпшелер  (10нм), 

микрофиламенттер  (6-7нм)  орналасады.  Жарғақасты  қабаттың  аталған  құрылымдары 

актин,  миозин,  тубулин,  динеин  белоктарынан  құралған.  Плазмолемма  рецепторлық 

(сезім),  зат  алмасу  (эндоцитоз,  фагоцитоз, пиноцитоз  және  экзоцитоз),  тосқауыл,  қимыл, 

торшааралық байланыс қызметтерін атқарады.  

          Рецепторлық  қызмет.  Плазмолеммада  торшаға  әсер  ететін  әр  түрлі  физикалық 

және химиялық әсерлерді қабылдап сезетін, ұлпалық сәйкестілікті (биологиялық белсенді 

заттар  –  гормондар,  бөгде  белоктар,  түрлі  антигендер)  анықтайтын  арнайы  құрылымдар 

болады.  Оларды  рецепторлар  деп  атайды.  Рецепторлық  қызметтерді  гликокаликстің 

гликопротеидті  (көмірсу  -  белок)  және  гликолипидті  (көмірсу  –  май)  құрылымдары 

атқарады. 

          Зат алмасу қызметі. Торша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесі 

торша  плазмолеммасының  қатысумен  жүреді.  Бұл  процесті  плазмолемма  астында 

орналасқан  тасымалдаушы  белоктық  құрылымдар  –  микротүтікшелер,  микрожіпшелер, 

микрофиламенттер  іс  жүзіне  асырады.  Заттардың  сыртқы  ортадан  плазмолемма  арқылы 

торшаға  өтуін  –  эндоцитоз  дейді.  Эндоцитоздың  екі  түрі  ажыратылады.  Олар  пиноцитоз 

және  фагацитоз.  Плазмолемманың  сыртқы  бетіндегі  гликокаликсте  қорытылған  күрделі 

заттар  мономерлерінің  ерітінді  ретінде  торшаға  сіңірілуін  –  пиноцитоз,  ал  заттардың  ірі 

бөліктерінің  торша  плазмолеммасы  арқылы  қармалып,  цитоплазмада  ферменттерінің 

көмегімен  қорытылуын  –  фагоцитозтдеп  атайды.  Заттардың  торшаның  плазмолемма 

арқылы,  керісінше,  қоршаған  сыртқы  ортаға  шығарылу  процесін  –  экзоццитоз  дейді. 

Плазмолемма  мен  микротүтікшелердің  қатысумен  кейбір  торшаларда,  олардың 

плазмолемасы  мен  жарғақасты  микроқұрылымдарынан  тұратын  микробүрлер  мен 

кірпікшелер  дамиды.  Микробүрлер  негізінен  сору,  сіңіру  қызметтерін  атқаратын 

торшаларда, 

мысалы, 


ішек, 

бүйрек 


эпителиоциттерінде 

кездеседі. 

Ішек 

эпителиоциттеріндегі микробүрлер плазмолемманың сіңіру ауданын30 еседей ұлғайтады. 



Ал  кірпікшелер  –  тыныс  жолдары  мүшелері  мен  жұмыртқа  жолының  астарлайтын 

эпитиолициттерде болады.  

         Тосқауыл  қызметі.  Плазмолемма  қалыпты  жағдайда  торшаға  зат  алмасуға  керекті 

заттарды өткізіп, зиянды улы заттарды өткізбейді. 

         Қимыл  қызметі.    Жануарлар  организмінде  кейбір  торшалар,  мысалы,  лейкоциттер 

қаннан  ұлпаларға  жылжып  өтеді.  Бұлардың  қозғалуын  торша  қаңқасының  қызметін 

атқаратын жарғақасты қабаттағы микроқұрылымдық кешен іс жүзіне асырады. 

         Торшааралық бавйланыс қызметі. Торшалар бір – бірімен өзара плазмолемма арқылы 

байланысып,  организмдегі  әр  түрлі  гистологиялық  құрылымдар  түзеді.  Торшалардың 

деңгейдегі  орналасу  орны  мен  атқаратын  қызметтіне  сәйкес  торшааралық  байланыстың 

бірнеше  түрлері  кездеседі.  Олар:  қарапайым  жанасу,  саңлаулы  жанасу,  тығыз  жанасу, 

саусақша жанасу (құлып), синапстық байланыс.  

Қарапайым жанасу – торшааралық байланыстың жануарлар организміндегі ең көп тараған 

түрі.  Ені  15-20нм  торшааралық  саңлау  –  көрші  торшалар  плазмолеммалары  гликокаликс 

қабат – тарының өзара әрекеттесетін аймағы.  

Саңылаулы  жанасу,  немесе  нексус  –  0,5-3мкм  торшааралық  аймақты  қамтиды.  Көрші 

торшалар  плазмолеммалары  аралығында  2-3нм  саңылау  қалады.  Нексус  авймағындағы 

көрші торшалар плазмолеммаларында арнайы белоктық кешеннен түзілген, арналары 1,5-

2нм өзекшелері болады. Олар плазмолемма аралығындағы саңылауда бір-бірінің ұштары 

мен өзара түйісіп, әр түрлі йондарымен ұсақ молекулаларды бір торшадан екінші торшаға 

өткізетін  өзектік  бірліктер  –  коннексондарды  түзеді.  Коннексондар  торшалардың  зат 

алмасуымен электрлік әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Коннексондар арқылы белоктар мен 



амин  қышқылдарының  ірі  молекулалары  өтпейді.  Нексус  қозу  процесі  жүретін  ұлпалар 

мен мүшелерде кездеседі. 

Тығыз  жанасу  –  ұлпалар  торшааралық  саңылауларын  қоршаған  ортадан  оқшаулау 

арқылы,  олардың  ішкі  ортасын  сыртқы  ортадан  бөледі.  Көрші  торшалар 

плазмолеммаларының  интегралды  белоктары  бір-бірімен  байланысып,  торшааралық 

аймақтарын  түзеді.  Тығыз  жанасу  арқылы  иондармен    молекулалар  өте  алмайды.  Тғыз 

жанасу эпителий торшалары апикальды ұштары аралығында болады. Ал эпитиолициттер 

плазмолеммалары  аралығында,  олардың  механикалық  байланысын  қамтамасыз  ететін, 

жалпы  диометрия  0,5мкм,  тығыз  жанасудың  түрі  –  тығыз  жабысу,  немесе  десмосома 

кездеседі. Десмосома аймағындағы ені 22-35нм торшааралық саңырауда плазмолеммалар 

жарғақүсті  қабаттарынан  талшықты  зат  түзеді.  Оның  орталағындағы  белоктар  мен 

мукополисахаридтерден  түзілген  жалпақ  пластикалар  көлденең  жіпшелер  арқылы  көрші 

торша плазмолеммасымен байланысып тұрады. Десмосома аймағына іргелес цитоплазма 

бөлігі тығыздалып, ондада жіпшелер түзіледі.  

Саусақша  жанасу,  немесе  құлып  –  көрші  торшалар  плазмолеммаларының  бір-біріне 

қарама-қарсы саусақ тәрізді еніп, құлып тіліне ұқсас байланысуын айтады.  

Синапстық  байланыс  –  жүйкелік  қозумен  тежелуді  бір  бағытта  өткізуге  маманданған, 

нейрогциттер,  нейроцит-ет  торшалары,  нейроцит-эпитиолоциттер  плазмолеммалары 

аралығындағы торшааралық жанасу.  

        Торша  цитоплазмасының  құрылысы.  Торша  цитоплазмасы  гиалоплазмадан  және 

оның құрамында тұрақты болатын органеллалары мен әр  түрлі  тұрақсыз құрылымдар  – 

қосындыларынан тұрады.  

        Гиалоплазма  –  цитоплазманың  қоймалжың  плазмасы  (матриксі).  Оның  құрамында 

торша  протоплазмасында  үздіксіз  жүріп  жатқан  зат  алмасу  процесіне  қажет  белоктар, 

нуклеин  қышқылдары,  полисахаридтер  және  әр  түрлі  күрделі  биополимерлер  – 

ферменттер,  нуклеотидтер,  амин  қышқылдары  және  еріген  ұсақ  молекулалы  заттар  мен 

қоректік  заттар  қоры  болады.  Гиалоплазма  құрамындағы  барлық  белоктардың  20-25% 

глобулярлы,  ал  қалған  пайызын  жіпше  (фибриллярлы)  белоктар  құрайды. 

Гиоплазплазмада  азоттық  негіздерінің,  амин  қышқылдарының,  липидтің,  қанттың,  т.б 

маңызды  күрделі  қосылыстарының,  липидтің,  қанттың,  т.б  маңызды  күрделі 

қосылыстарының  алмасуын  реттейтін  және  торшадағы  белоктардың  түзілу  процестері 

кезінде  амин  қышқылдары  мен  тасымалдағыш  РНҚ  (тРНҚ)  белсенділігін  арттыратын 

ферменттер  болады.  Торшаның  тіршілігіне  керекті  белоктардың  түзілу  процестері 

гиалоплазмадағы  рибосомалар  мен  полирибосомалардың  (полисомалардың)  қатысуымен 

іс жүзіне асады.  

          Органеллалар (торша мүшелері) – торша тіршілігінде маңызды қызметтер атқаратын 

цитоплазмадағы  тұрақты  құрылымдар.  Жануарлар  торшасындағы  органеллалар  жалпы 

және арнайы болып екі топқа бөлінеді.  

          Арнайы  органеллалар  тек  кейбір  жануарлар  торшаларына  тән  құрылым.  Арнайы 

органелларға:  ет  торшаларындағы  жиырылу  қызметін  іс  жүзіне  асыратын  белоктік 

жіпшелер  –  миофиибриаллалар,  жүйке  торшаларындағы  жүйкелік  толқындарды  өткізу 

қызметін  атқаратын  –  нейрофибриллалар,  эпителий  торшаларындағы  кератин  белогі 

жіпшелерінен  түзіліп,  тіректік  қызмет  атқаратын  –  тонофибриаллалар  жатады.  Арнайы 

органеллалерға кейбір торшалардағы микробүрлер мен кірпікшелер де жатады.  

         Жалпы органеллалар – жануарлар организмінің барлық торшаларында болатын және 

олар  үшін  маңызды  қызметтер  атқаратын  тұрақты  құрылымдар.  Жалпы  органеллелар 

құрылысына  байланысты:    жарғақты  (митохондриялар,  эндоплазмалық  тор,  Гольджи 

кешені,  лизосомалар,  пероксисомалар)  және  жарғақсыз  (рибосомалар,  микротүтікшелер, 

центросома  центриольдері,  негіздік  денешіктер,  біліктік  жіпшелер,  микрожіпшелер, 

микрофиламенттер)  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Жарғақты  органеллалар  торша 

гиалоплазмасынан  қосқабаттанған,  немесе  жалаңқабат  биологиялық  жарғақтармен 

оқшауланып бөлініп тұрады. Олардың әрқайсысының өздеріне тән құрылысы болады. 


          Митохондрияларды  –  торша  цитоплазмасындағы  түйіршіктер  ретінде  1894  жылы 

Альтман  ашқан.  Ал  тірі  торша  құрамындағы  ұзындығы  -1-10мкм,  қалындығы  -0,5мкм 

жіпше және дәнше түріндегі құрылымдарды 1897 жылы 

Бенде  көріп,  органеллаларға  митохондриялар  (грек  тілінен  –  «жіпшелер  мен  дәншелер» 

деген  сөз  тіркесі)  –  деп  атау  берген.  Бұлар  торшаны  химиялық  энергиямен  қамтамасыз 

ететін  тыныс  алу  органелласы.  Митохондрияны  сыртынан  қосқабатталған  биологиялық 

жарғақ қаптап тұрады. Ішкі және сыртқы мембраналардың арасымда ені 10-20 нм-ге тең 

кеңістік болады. Ішкі мембрана митохондрияның ішіндегі 

матрикс

 немесе митоплазмасын 



қоршап  жатады.  Сыртқы  жарғақтың  беті  тегіс,  ал,  ішкі  жарғақтың  матрикске  қараған 

бетінде  өсінді  қырлары  (кристалдар)  болады.  Митохондриялар  ішінде  аэробты  тотығу 

ферменттерінің  көмегімен  күрделі  органикалық  заттар  өздерінің  қарапайым  құрамына 

ыдырап,  нәтижесінде  энергия  бөлінеді.  Ішкі  жарғақ  кристалдарында  АЭФ  –  тің 

(аденозинекіфосфат) фоффорлану процесі жүреді де, бөлінген бос энергия жинақталатын 

АУФ  –  тің  (аденозинүшфосфат)  молекулалары  түзіледі.  АҮФ  өз  кезегінде  АЕФ  және 

фосфор  қышқылы  молекулаларына  ыдырап,  торшаға  қажет  энергия  керекті  мөлшерде 

бөлініп  отырады.  Митохондриялар  матриксінде,  торша  ядросына  қатысы  жоқ, 

митохондриялық  белоктар  түзілуінің  автономды  жүйесі  орналасады.  Табиғаты 

бактериялар ДНҚ – на ұқсаған митохондрия матриксіндегі гистонсыз ДНҚ молекулалары 

бетіндегі  ақпаратттық  (аРНҚ),  тасымалдағыш  (тРНҚ),  рибосомалық  РНҚ  (рРНҚ)  және 

митохондриялық  белоктардың  түзілу  процесін  реттейтін  рибосомалар  молекулалары 

түзіледі. матрикстегі ДНҚ жіпшелерінің жуандығы – 2 – 3 нм, дәншелері – 15 – 20 нм.  

Эндоплазмалық  —қабырғасы 

биологиялық

  жарғақтармен 

жасуша


 

цитоплазмасының

 

шектелген  ұзынша  келген  қуысты  түтікшелер  мен  өзекшелерден  тұратын  жүйесі. 



Эндоплазмалық  торды 1945 жылы 

К. Портер

  ашты.  Эндоплазмалық  тор  (цитоплазмалық 

тор):  дәншелі  (гранулалы)  және  дәншесіз  (агранулалы)  эндоплазмалық  тор  болып  екіге 

бөлінеді.  Эндоплазмалық  тор  түзілген  белоктар  мен  басқа  заттарды  торша  бөліктеріне, 

немесе торшадан организмнің  басқа құрылымдарына ажыратылады. 

Гранулалы  эндоплазмалық  тор  жарғақтары  қабырғасының  гиалоплазма  жағындағы 

бетінде,  торшадан  организмнің  басқа  құрылымдарына  қажет,  торшадан  сыртқа 

шығарылатын  белоктарды,  биологиялық  жарғақты  жасауға  керекті  интегралды 

белоктарды,  әр  түрлі  ферменттерді  және  белокты  секреттерді  түзетін  органеллалар  – 

рибосомалар  орналасады.  Эндоплазмалық  тор  түтікшелер  қуысының  ені  –  20  нм.  Ал 

күрделі  белоктар  (гликопротейдтер  мен  липопротейдтер)  эндоплазмалық  тор  қуысына 

түзіледі. 

Агранулалы  эндоплазмалық  тор  немесе  тегіс  эндоплазмалык  тор  қабырғалары 

биологиялық  жарғақтардан  тұратын  жасуша  цитоплазмасы  ішіндегі  жарғақтық  тор 

түтікшелері  қабырғаларына  іргелес  жатқан  рибосомалар  (органеллалар)  болмайтын 

жасушаның  жалпы  органелласы.  Тегіс  эндоплазмалық  тор  жарғақты  түтікшелерінің  ені 

гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кеңдеу (50-100 нм) 

келеді.  Агранулалы  эндоплазмалық  тор  жасушадағы  липидтер  (стероидтар)  мен 

көмірсулардың  (гликоген)  алмасуына  және  ферменттердің  көмегімен  улы  заттарды 

бейтараптандыруға  (бауыр  жасушалары  —  гепатоциттерде)  қатысады.  Бұлшықет 

талшықтары  мен  ет  жасушаларының  (бірыңғай  салалы  ет  ұлпасының  миоциттерінің, 

жүрекет  ұлпасы  кардиомиоциттерінің)  агранулалы  эндоплазмалық  торларында  жиырылу 

қызметін  іс  жүзіне  асыратын  ет  жіпшелеріне  (миофибриллаларына)  эсер  етіп,  олардың 

жиырылу процесін қамтамасыз ететін кальций элементі қорланады. 

Гольджи  кешенін  (ішкі  торлы  аппарат  ,  немесе  пластинкалық  кешен)  -  1898  жылы 

Камилло  Гольджи  жүйке  торшаларын  ауыр  металдар  (күміс,  осмий)  тұздарымен  бояу 

арқылы  оның  цитоплазмасынан  торлы  аппаратты  көрген.  Кейіннен  бұл  кешен 

жануарлардың барлық торшаларынан табылған. Ол торша цитоплазмасында, ядро немесе 

центросомамаңында, эпителиоциттерде – ядро мен торшаның апикальды беті аралығында 

орналасады. Электронды микроскоппен қарағанда гольдж кешені биологиялық жарғақпен 



шектелген,  бір  –  бірімен  қабаттаса  тығыз  орналасқан  жалпақ  қапшықтардан  құралған. 

Цитоплазманың  белгілі  бір  аймағында  орналасқан  пластинкалық  кешенді  –  диктиосома 

деп  атайды.  Торша  цитоплазмасында  осындай  бірнеше  аймақ  болуы  мүмкін.  әрбір 

диктиосоманы  бір  –  бірінен  ені  25  нм  гиалоплазмалық  аралықтармен  бөлінген,  топтаса 

орналасқан  5  –  10  жалпақ  қапшықтар  құрайды.  Оның  шеткі  жағында  жарғақтармен 

шектелген ұсақ көпіршіктер орналасады. Кешендегі қапшықтардың пішіні иіліңкі, сыртқы 

жағы  дөңес,  ішкі  беті  ойыс  келеді.  Бөлінді  бөлетін  торшаларда  диктиосоманың  ядро 

жағындағы  ұшын  –  проксимальды,  ал  плазмолеммаға  қараған  жағын  –  дистальды  деп 

атайды.  Гольдж  кешенінде  эндоплазмалық  торда  түзілген  өнімдер  жинақталып,  өңделіп 

жетіледі.  Түзілген белоктарда химиялық  өзгерістер жүріп, олар күрделі  көмірсулар және 

липидтермен  қосылып,  мукопротейдтерге,  гликопротейдтерге,  липопротейдтерге 

айналып,  дәншелер,  көпіршіктер  ретінде  торшадан  сыртқа  шығарылады.  Пластинкалық 

кешеннің шеткі ұштарында көпіршік тәрізді органеллалар – лизосомалар түзіледі. гольдж 

кешенінің  биологиялық  жарғақтары  гранулалы  эндоплазмалық  тордың  қатысуымен 

жүреді. 

Лизосомалар,  немесе  еріту  органеллалары  –  қабырғасы  жарғақпен  шектелген,  қуысында 

ас  қорыту  ферменттері  гидролазаның  (протеиназалар,  липазалар,  фосфотазалар, 

нуклеазалар, гликозидазалар, фосфатазалар, т.б.) 50 – ге шақты түрі жинақталған, мөлшері 

0,2  -0,4  мкм  ұсақ  көпіршіктер.  Лизосомаларды  1949  жылы 

Де  Дюв


  ашты.  Жануарлар 

торшасында  лизосомалардың  құрылысы  мен  қызметі  жағынан  бір  –  бірінен  анық 

ажыратылатын  үш  түрі  кездеседі:  біріншілік  лизосомалар,  екіншілік  лизосомалар, 

телолизосомалар.  

Біріншілік лизосомалар – мөлшері 0,2 -0,5 мкм, қуысындағы ферменттік заттары біркелкі, 

белсенді  қышқыл  фоффотазаға  бай,  ұсақ  жарғақты  көпіршіктер.  Бұлар  гранулалы 

эндоплазмалық тордың шеткі ұштарында түзіледі. 

Екіншілік  лизосомалар  біріншілік  лизосомалардың  торшадағы  басқа  заттармен  қосылуы 

нәтижесінде  түзіледі.  2  түрі  бар.  Егер  біріншілік  лизосомалар  фагоцитоз,  немесе 

пиноцитоз  кезінде  торшаға  енген  бөгде  заттармен  қосылатын  болса,  онда  олар 

фаголизосомалар,  немесе  гетерефагосомалар,  ал  істен  шыққан  торшаның  өз 

органеллаларымен  байланысқан  жағдайда  –  аутофагосомалар  деп  аталады.  Екіншілік 

лизосомалар  ферменттерінің  көмегімен  қосылған  заттардың  күрделі  биополимерлерін 

мономерлерге ыдыратып, торша гиалоплазмасына өткізеді.  

Телолизосомалар,  немесе  қалдық  денешіктер  екіншілік  лизосомалар  қуысына  жиналған 

қорытылмаған заттардан пайда болады. 

Пероксисомалар  көлемдері  0,2  мкм-ден  0,5  мкм-ге  дейінгі  мөлшердегі  мембраналы 

көпіршіктер.  Олар  лизосомалар  секілді  Гольджи  кешенінің  транс-полюсінен  бөлініп 

шығады. Көпіршіктің мембранасының астында неғұрлым тығыз бөлігі мен перифериялық 

аймағы  болады.  Пероксисомалардың  мембраналары  тегіс  ЭПТдан  бүршіктеніп  бөлініп 

шығады, ал ферменттері цитозольдің полирибосомаларында синтезделініп, пероксисомаға 

келіп  түседі  деген  көзқарастар  да  бар.  Пероксисомада  пероксидаза,  каталаза  және  D-

АҚның  оксидазасы  сияқты  тотығу  ферменттері  болады.  Пероксидаза  жасушаға  токсинді 

әсер ететін сутегі тотығының алмасуларында қатысады. Пероксисомаларда биохимиялық 

реакциялар  үшін  молекулалы  оттегі  қолданылады.  Сондай-ақ  пероксисомалар  басқа  да 

зиянды  заттардың  қосылыстарын,  мысалы  этанолды  бейтараптауға  қатысады.  Каталаза 

пероксисоманың  басқа  ферменттерінің  ішінде  барлық  ақуыздардың  40%  құрайды. 

Пероксисомалар липидтер, холестерин және пуриндердің алмасуларына қатысады. 

Центросома    (клетка  орталығы)  —  Центросома  бір-біріне  перпендикулярлы  және  қатар 

орналасқан  екі  ценртиольден  (қос  денешік  –  диплосома)  құралған  интерфазалық  торша 

органелласы.  Диплосоманы  сыртынан  цитоплазманың  ақшыл  аймағы  –  центросфера 

қоршап  жатады.  Центросоманың  негізгі  құрылымдық  бірлігі  –  центриоль.  Центриольдің 

қабырғасы  үш-үштен  топтаса  орналасқан  9  үштік  топ  (триплеттер)  микротүтікшелерден 

құралған.  Триплеттер  бір-бірімен  центриоль  тұтқасы  арқылы  байланысып  тұрады. 



Торшаның  бөлінуге  дайындалу  кезеңінде  центриольдердің  қатысуымен  цитоплазмадағы 

тубулин 


белогі 

молекулалары 

тізбектеле 

байланысып, 

күрделіқұрылымды 

микротүтікшелерге  айналады.  Бұлардан  торшаның  цитоқаңқасының  құрылымдары, 

торшалар  кірпікшелері  мен  талшықтарының  негіздік  денешіктері,  біліктік  жіптері 

(аксонемалары)  және  торшаның  бөліну  ұршығы  қалыптасады.  Осының  нәтижесінде 

центриольдердің  өздері  де  екі  еселеніп,  торшаның  митозды  бөлінуін  қамтамасыз  етеді. 

Центросома  –  тек  жануарлар  торшаларына  тән  органелла.  Ол  өсімдік  торшаларында 

болмайды.  Центросоманы  бірінші  рет  1875жылы  Флемминг,  1876жылы  Бенсден 

жануарлар  торшаларын  зерттеп  ашқан.  Центросома  терминін    1895жылы  Т.Бовери 

ұсынған.  

Торшаның цитоқаңқасын құрайтын тірек – қимыл құрылымдарға: микротүтікшелер және 

олардан  түзілген  торшаның  күрделі  құрылымды  органеллалары  –  центриольдер, 

кірпікшелер мен талшықтар жатады. 

Микротүтікшелер  клетканың  бүкіл  цитоплазмасын  тесіп  өтеді.  Әрбір  микротүтікше 

диаметрі  20-30  нм  іші  қуыс  цилиндр  тәрізді.  Олардың  қабырғалары  6-8  нм. 

Микротүтікшелер қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше 

–  протофиламенттерден  құралған.  Осындай  әрбір  жіпше  тубулин  ақуыздарының 

димерлерінен құралады. Әрбір димер a және b – тубулиннен түзілген. Тубулиндер синтезі 

түйіршікті  эндоплазмалық  тордың  мембраналарында  жүреді,  ал  спираль  клетка 

орталығында жасалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет