Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады.
Вирусты 1892 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский ашты. Вирус терминін 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым М. Бейерник енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог У. Стенли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенденде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 жылы неміс ғалымы Ф. Леффлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Ф. Раус тауық саркомасының вирустардың 500 - дей, ал өсімдіктердің 300 - дей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарлар да вирустық микрофлорасы қалыптасады.
Вирустар қасиеті: Кіші, әрі тірі ағзалар. Жасушалық құрылымдары жоқ.
Тек тірі жасушаға ену арқылы тіршілігін жалғастыра алады. Көбісі ауру тудырушы болып табылады.
Құрылысы бойынша ДНҚ және РНҚ-дан тұрады. Іші липопротеинді, сырты ақуызды қабықпен қапталған.
Тірі мен өлі арасындағы ағза.
Әрбір вирус тек арнайыланған жасушаларды бұзады.
Вирустар көбейе алады, тұқымқуалаушы аппараты бар.
Өзгеруге бейім, жасуша қабығы жоқ. Зат және энергия айналымы жоқ.
Вирусология (лат. vіrus – у және грек. logos – ілім), вирология, инфрамикробиология – вирустар туралы ғылым. Вирустардың табиғатын, олардың құрылысын, көбеюін, биохимиясын, генетикасын зерттейді. Медициналық, ветеринарлық, патогенді вирустарды, олардың инфекциялық қасиеттерін зерттейді, олар тудыратын аурулардан сақтану шараларын, диагностикасын және емдеу жұмыстарын қарастырады.
Ісік туғызушы вирустар, онкогенді вирустар (грек. onkos – масса, ісік, gennao – туғызушы және вирус) – қалыпты эукариот жасушаларын ісік жасушаларына өзгерте алатын қабілеті бар вирустардың бір тобы.
Вирустардың қатерлі ісік тудыра алатын қасиеті бар екенін алғаш рет ғыл. тұрғыда француз ғалымы А.Боррель (1867 – 1936) зерттеген. Одан сәл кейінірек (1911) америкалық онколог Ф.Раус (1879 – 1970) тауықтарда болатын саркома ауруын тудырушы вирусты алғаш ашты (Нобель сыйл., 1966). 1932 – 33 ж. америка ғалымы Р.Шоуп (1901 – 66) үй қояндарындағы вирусты фиброма мен папилломаны, 1936 ж. неміс онкологы Дж. Битнер (1904 – 1961) тышқандардың сүт безіндегі қатерлі ісік тудыратын вирусты, ал 1951 ж. неміс ғалымы Л.Гросс тышқандарда лейкоз тудыратын вирусты анықтап, сипаттап жазды. Онкогенді вирустардың сырын ашуға, орыс ғалымы Л.А. Зильбердің (1894 – 1966) қатерлі ісіктердің пайда болуының вирусты-генетикалық теориясының ашылуы негіз болды (1949).
Осы күнге дейін РНҚ-құрамдас вирустар адам денесінде пайда болған ісіктердің құрамынан табылған жоқ. ДНҚ-құрамдас вирустардың үш тобы бар: 1) паповавирустар (папилломалар, сүйел, полиомалар тудырады);
2) ұшық вирустары (әр түрлі ұшық инфекциялары, желшешек, белдеме теміреткі тудырады)
3)поксвирустар (шешек ауруы пайда болады).
Вирус пен сау жасушаның өзара қарым-қатынасы аса күрделі. Вирустың өніп-өсуі жасушаға байланысты. Ол төзімді, иммунитеті жоғары болса, өзінің денесіне вирусты кіргізбейді. Егер жасуша ісік вирусына сезімтал келіп, төзімсіз болса, онда вирус белсенділік көрсете бастайды. Вирус өз денесінен нуклеин қышқылын босатып шығарады да, ол әуелі цитоплазмаға, одан кейін ядроға енеді. Сол жерде қолайлы жағдай туса, өніп-өсіп, жасушаның тіршілік ету қабілетін жояды.
Бактериофа́гтар (фагтар) ( ежелгі грек тілінен
φᾰγω — «жоямын») — бактерия клеткасын
жоятын вирустар. Бактериофагтар бактерия
ішінде көбейеді және оны ыдыратады.
Бактериофаг ақуызды қабаттан және біртізбекті
немесе екітізбекті нуклеин қышқылы бар
генетикалық материалдан тұрады. ( РНҚ немесе
ДНҚ). Бөлшектің шамамен ұзындығы 20 дан 200
нмге сәйкес келеді.
Қорытыңды
Вирустартар тіршіліктің ерекше түріне жатады. Вирустар тек тірі жасушада өніп – өсіп көбеюге бейімделген.
Электрондық микроскоппен 300 есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс
цилиндр пішінді болатыны дәлелденген. Қазіргі кезде жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500 – дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300 – ден астам түрі белгілі. Қазіргі кезде ғылым вирустарды әлі де зерттеуде.
Назарларыңызға Рахмет!!!