Тексерген: ф.ғ. к, аға оқытушы Алимтаева Л. Т



бет1/2
Дата29.10.2022
өлшемі222,73 Kb.
#46078
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ



СӨЖ
Орындаған: Нұрғали Мөлдір
ҚФ-303 топ, 3-курс
Тексерген: ф.ғ.к, аға оқытушы Алимтаева Л.Т.
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдер

Сөйлеу – тіл жұмсаудың басты тəсілінің бірі жүздесіп жəне басқа адамдар арқылы өзара сөйлескен адамдар істің, əр нəрсенің мəн –жайын білгісі келгенде, сұраулы сөйлемнің сұралуы түрлерін қолданылады.


А.Байтұрсынұлының пікірінше, «Сұраулы сөйлем жауап сұрағандаайтылатын сөйлем». Онда сұрау туралы да, жауап туралы да сөз болады. Сұраулы сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылатынын айтып, онан кейін бірнеше сөйлем береді. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарын анықтағанын байқауға болады.


С.Аманжолов сұраулы сөйлемніің жасалуын 1940 жылғы еңбегінде қозғайды, онда қазақ тіліндегі сөйлемдердің сұраулы есімдіктері мен сұрау шылауынсыз да, үстеуге айналған сөздер қосылса да сұраулы сөйлем жасалатынын көрсетті. Ол жерде тек сұрақ қою ғана емес, жауап күту жағы да қатар ескерілді. Одан әрі сұраулы сөйлемді жасаудағы жеті түрлі шылаудың қызметі ашылады: ия, сірә, ғой, шығар, ма/ме, сы/сі (се). Ғалым бұл шылаулардың сөйлем мағынасына әсерін де анық көре білген. Егер ғой, иә бір сөзде қабат келгенде, бірінің қызметінің жойылу процесіне де назар аударған: Барамыз ғой, иә? Дегенде ғой сұраулық мәннен айырылған дейді. Осы сияқты сұрау есімдігінің де сұраулық мәннен айырылуы болады: Мұндайда көлденең кедергі көбейетіні қайда? (бұл сөйлемде қандай сөзі сұрау мәннен айырылған). Шылаулардың есімдіктерді талғамай-ақ олардан соң келе беретінін де дұрыс аңғарылған.
Н.Сауранбаев сұраулы сөйлем, оның негізгі ерекшеліктеріне тоқталмаған. Тек мысалдық дерек келтіріп, сұраулы сөйлемнің тек сұрау есімдіктері арқылы жасалуы мен бірыңғай сұраулы сөйлемдердің әрқайсысынан кейін сұрау белгісін қою керектігін ескерткен. М.Балақаев сұраулы сөйлем уралы мағлұматты 1941 жылғы оқулығында қамтыды. Онда «біреуден істің, нәрсенің жайын сұрап білу мақсатымен айтылатын сөйлемді» айта келіп, қайда? Қашан? Қандай? Не? Кім? Қайдан? Қалай? Не қылып? Неше? нешінші? Неге? Сұрау есімдіктері мен ма/ме, ба/бе шылаулары арқылы және оның мы/мі? Түріне өзгеретінін де көрсеткен. Сол сияқты автор сөйлемде кейде сұрауға қатысты сөздер болмаса да сұраулық сөйлеем жасалады дей келіп, Содан соң? Сен оны білмейсің ғой – деген сөйлемдерді берген.
Ғалым 1954 жылғы академиялық грамматикада сұраулы сөйлемдер -ма/ме, -ба/бе, -мы/мі; кім? Не? Қашан? Қайдан? Қанша? кімде? Шығар, болар, қайтеді, -ау, ә сөздері баяндауыштың құрамына қосылу арқылы, сол сияқты Тоқтаңыз. Сіздер ертеңнен бастап теңіз салу жұмысына кірісіңіздер, соған әзірлене беріңіздер. Ертеңнен бастап? – дегендегі соңғы сөйлем сұраулық дәнекерлердің де қатысынсыз жасалғандығын көрсеткен. Одан әрі сұраулы сөйлемдердің ашық сұрақ, қарсы сұрақ, күмәнді сұрақ, таңырқанды сұрақ, рирорикалық сияқты бес түрін атайды.
Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны əр түрлі болады. Олардың негізлері мыналар:
1)

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет