ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ(SYSTEMA NERVOSUM CENTRALE) – АДАМ МЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ КЛЕТКАЛАРЫ (НЕЙРОНДАР) МЕН ОНЫҢ ӨСІНДІЛЕРІНЕН ТҰРАТЫН ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ. ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ОМЫРТҚАСЫЗ ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН ТІЗБЕКТЕЛЕ ОРНАЛАСҚАН ЖҮЙКЕ ТҮЙІНДЕРІНЕН (ГАНГЛИЙЛЕРДЕН), АЛ ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДАЖҰЛЫН МЕН МИДАН ТҰРАДЫ. ТІРІ ОРГАНИЗМДІ ҚҰРАЙТЫН ТҮРЛІ ОРГАНДАР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҮЙЛЕСТІРІП, РЕТТЕП ОТЫРАДЫ. ОСЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ (31 ЖҰП) МЕН МИ ЖҮЙКЕЛЕРІ (12 ЖҰП) АРҚЫЛЫ АТҚАРАДЫ. БҰЛ ЖҮЙКЕЛЕР ОМЫРТҚААРАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮЙКЕ ТҮЙІНДЕРІМЕН БІРГЕ ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ҚҰРАДЫ. ӘР ТҮРЛІ РЕЦЕПТОРЛАРДАН ТІТІРКЕНУ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ЖҮЙКЕ ИМПУЛЬСТАРЫ ОРТАЛЫҚҚА ТЕПКІШ (АФФЕРЕНТІК) ЖҮЙКЕ ТАЛШЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЕ КЕЛЕДІ. БҰЛ ЖЕРДЕ ИМПУЛЬС МӘЛІМЕТТЕРІ ӨҢДЕЛІП, ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРЫНДАУШЫ БӨЛІМДЕРІ – ОРТАЛЫҚТАН ТЕПКІШ (ЭФФЕРЕНТТІК) ЖҮЙКЕ ТАЛШЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ “БҰЙРЫҚТЫ” ТИІСТІ ОРНЫНА ЖЕТКІЗЕДІ.
Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді