Тексерген: П.Қ. Төлеген



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі21,83 Kb.
#68731
  1   2

Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ашық тәрбие сағат тақырыбы:
«Жұлдызды сәт»

Тексерген: П.Қ.Төлеген


Өткізген: А.А.Абеубекова


2022-2023 жыл
Күні: 20.10.2022
Сынып жетекшісі: Кенжебай Жүзім Әлімханқызы
Әдіскер: Төлеген Перизат Қайыржанқызы
Машықкер: Абеубекова Аяулым Аманбековна
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың білімге деген құлшынысын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, топтық, ұжымдық жұмыс жасауға дағдыландыру.
Міндеттері:

  1. Қабілетті оқушылардың негізгі пәндерден білім деңгейін анықтау.

  2. Танымдық ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын, ой-өрісін арттыру.

  3. Оқушыны ептілікке,шапшаңдыққа үйрету.Уақытты үнемдей отырып, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.
Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта.
Ашық тәрбие сағатының әдісі: сұрақ-жауап әдісі, «миға шабуыл» стратегиясы.
Ашық тәрбие сағатының барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі
1.Дайындық жұмыстары
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер!
Халқымыз жан-жақты адамды «Сегіз қырлы бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Олай болса, 2-сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өреңді
Білімнің нәрлі сырына!-дей келіп, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз!

Өнер менен білімде


Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, -дегендей, білімпаз сайыскер топтарын таныстырайық.
I-топ: «Білім» 2 «А» сынып оқушылары
II-топ:«Болашақ» 2 «Ә» сынып оқушылары
-Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жеңіс-мәре жақын ба, әлде алыс па?-демекші қазылар алқасымен таныстырайық.
-Енді, сайыс кезеңдерімен танысайық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет