Халықаралық сайыс екі кезеңнен тұрады І кезең



бет1/16
Дата29.09.2022
өлшемі89,55 Kb.
#40800
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Халықаралық сайыс екі кезеңнен тұрады


І кезең
Сайысқа қатысушылар жеребе бойынша бірнеше топқа бөлініп, әр топ кезекпен сахнаға шығып сынға түседі. Байқауға қатысушылардың алдын-ала берілген хикметтерді қай деңгейде жаттағанын анықтау мақсатында сайысты жүргізуші хикметтен үзінді айтып, ары қарай кез-келген бір қатысушыға, тоқтаған жерден жалғастырып әкетуді бұйырады. Ол бір немесе бірнеше шумақты жаңылыспай айтқаннан кейін, жүргізуші келесі бір сайыскерге хикметті үзілген жерінен іліп алып, кідірмей жалғастырып кетуді сұрайды. Жүргізуші осылай жас сайыскерлерден жетпіс хикметті кездейсоқ ретпен түгелдей сұрап шығуы тиіс. Бұл сында кідіріп тоқтап қалған, хикметті ұмытып қалған, қателесіп хикмет ретінен жаңылған қатысушының бір балы шегеріліп отырады. Сайыс барысында қатысушыларға үш рет қателескенге дейін мүмкіндік беріледі. Үш рет қателескен оқушы сайыстан шығады. Бірінші кезең қатысушылардың жартысы (1/2) шығып қалғанша жалғасады. Сайыскерлерге қазылар алқасы 10 балдық бағалау жүйесі бойынша баға береді.
І кезеңде еш мүдірмей, қатесіз айтып шыққан хикметшіге 10 балл қойылады. 1 рет мүдірген сайыскерге 9 балл қойылады. 2 рет қателескен қатысушыға 8 балл беріледі. І кезеңнің мақсаты – оқушылардың хикметтерді қаншалықты деңгейде игергендігін, зейін мен зерде қабілетін сынға салу.


ІІ кезең
Қатысушылардың іріктеу кезеңінен өткендері сайысты ары қарай жалғастырады. Сайыскерлер алдығы кезеңдегідей бірнеше топқа бөлінеді. Бұл сында оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап береді. Жауап беру кезінде хикметтермен байланыстырып отыру қажет. Жасырылған тірек сөздерді тандап, сол сөздер кездесетін барлық хикмет шумақтарын айтып шығулары және оның мағынасын айтып беруі тиіс. Мүмкіндігінше, түгел айтып берген оқушыларға жоғары ұпай қойылады. Бұл кезеңнің мақсаты Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармашылығы, хикметтегі ұғымдар, кесененің және ондағы жәдігерлердің тағылымдық мәні жайлы қатысушылардың білімдерін сарапқа салу, оқушылардың ойлау деңгейін, хикметтердегі рухани ұғымдарды қаншалықты түйсінгендігін айқындау. Сұрақтар билет түрінде болады (техникалық мүмкіндікке байланысты компьютердегі ұяшықтарда жасырылуы мүмкін). Әр билетте үш сұрақтан болады. Қажеттілігіне қарай қатысушыларға қазылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін. Үш сұраққа да дұрыс толыққанды жауап берген сайыскерлерге жоғарғы балл қойылады. Ұпай саны 10 балдық жүйемен бағаланады.
Екі кезеңнең кейін сайыскерлердің жинаған ұпайлары қосылып, қорытындысында жоғарғы нәтиже көрсеткен сайыскер жеңімпаз атанады. Осы жүйемен қалған қатысушылар да жүлделі орындарға ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет