Тексерген: Раева Г. М



Дата07.12.2023
өлшемі17,31 Kb.
#134673

Абай атындағы Қазақ Ұлтық педагогикалық университеті
Тақырыбы:

«Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер»




Тексерген: Раева Г.М
Орындаған:Суталиева Жадыра

Қазақ халқының өнер тарихында, қазақ елінің түкпір-түкпірлерінде елдің бірлігі мен ынтымағын ойлаған, ауызбірлігін тілеген жыршылар, жыраулар өте көп болған. Ауыз әдебиетінен бізге жеткен 15-18 ғасырларды қамтитын жыраулар өкілдері: Асан Қайғы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XVғ.), Доспамбет жырау (XVI ғ.), Шалкиіз жырау (1465-1560) Жиембет жырау (XVII ғ.), Марқасқа жырау (XVII ғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Үмбетей жырау (1706-1778), Бұқар жырау (1669-1781) жыршы, жырау, ақындар. Бұлар Қазақстанның (қарта бойынша орналасуына қарасақ) түкпір-түкпірінен шыққан өнерпаздар, бірі Қырдан, бірі Сырдан, бірі Жетісудан, бірі Сарыарқадан, бірі Батыстан, бірі Шығыстан, бірі Арқадан, бірі Алатаудан, бірі Қаратаудан шыққан.Олар бүкіл қазақ ауыз әдебиетінің өнер өкілдеріне айналып, бұқара халықтың есінде мәңгі орын тепкен Жоғарыда аталған жыршы, жыраулар мен ақындар өз заманының беделді батыры, жорық жырауы, қолбасшы батырлардың ақылгөйі, тіпті кешегі патшалық Ресейдің қоластында болған замандарда да би, болыс, ауылнайлық қызметтерін атқарған.


Жыраулар тек ел билеп қана қоймаған, халықтың басынан кешірген ауыртпалықтарын жырлауымен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Әр халықтың өзіндік ұлттық сипаты, тым әріден бастау алатын тарихы мен оның даму және қалыптасу ерекшеліктері болады. Сол сияқты қазақ халқының да ұлт ретіндегі қалыптасып, даму тарихы ғалымдар тарапынан зерттеліп көрсетілген. Қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-дәстүрі – ерекше назар аударатын, қай жағынан алып қарасаң да, қыр-сыры мол, өте бай мұра. Ата-бабаның осы дәстүрін, оның ұлттық болмысын жас ұрпақ санасына сіңіре білу – біздің, яғни ұстаздар қауымының мойнындағы ауыр жүк. Әсіресе, қазіргі жаһандану заманында жастарымыздың, кейінгі буынның батысқа жаппай еліктеп, ұлттық танымнан алшақтап бара жатқанын жасыра алмаймыз. «Ауруын жасырған өледі», -дейді қазақ. Шындығында, қазіргі буынның қай салада болмасын замануи ағымға тым бейімделіп бара жатқанын жасырып-жапқанымызбен тайға таңба басқандай көзге ұрып тұрады. Әрине, заманына қарай – адамы деген түсінік те бар. Әр адамның өз заманына сай, сол өзі өмір сүріп отырған заманауи талап-тілектерге жауап бере алатындай жан-жақты, бәсекеге қабылетті тұлға болып шыққаны абзал. Алайда, бұл өзіңнің болмысыңды өзгертіп жібер деген сөз емес қой. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, өзгені білдім екен өзіңді тәрк етпе. Сол себепті ұлттық салт-дәстүрді бағалайтын, қазақтың тілін, діні мен ділін, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін тәрк етпейтін, керісінше дәріптейтін ұл мен қыз тәрбиелеп өсіру үшін көне сөздердің мағынасын ашу, түсіндірудің маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Көп ұлтты жастардың өздерін Қазақстан тарихына, өткен буынның маңызды өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруіне үйрету керек, жастарға нақты өмірлік бағыт беру керек» деген. Ендеше жас буынға ұлттық негізде тәрбие беру аса қажет. Бұл тұрғыда, мектеп бағдарламасында өте көп сағат бөлінбейтін жыраулар поэзиясын оқытудың маңызы зор. Жыраулар поэзиясы арқылы Отанын, елін-жерін сүйетін елжанды ұрпақ тәрбиелей аламыз. Әрі баланың поэзияға, тарихқа деген қызығушылықтарын оятамыз. Бұл жобаның өзектілігін танытады.
Жырау сөзінің шығу тарихы
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Ал осы тәрбиелі сөз орамдарының кейбірі, кей сөздері қазіргі кезде бізге түсініксіз, мағынасы күңгірт тартып бара жатқан сөздер .
Жырау сөзінің шығу тарихына толатын болсам,байырғы жыраулар көне қоғамда мынадай қызметтердің үрдісінен шыққан: Жырау – қоғамның ұйытқысы, басқарушысы, көсемі, ақылгөй ақсақалы, келешекке жол сілтеуші, батагөйі; жырау өзі өмір сүрген қоғамның қорғаушы күші, салт-дәстүрлерін қалыптастырушы, барша асыл мұраттары үшін күресуші, жасампаз рухтың иесі; жырау өз қоғамының дүниетанымын қалыптастырушы, тұрмысы мен болмысын реттеуші; жырау-барша мұраттардың жүзеге асуының кепілі. Сондықтан да оның шығармашылығында өз қоғамының барша қарама-қайшылықтары мен үйлесімдері, орындалған және орындалмаған мақсаттары, халқының басындағы түрлі-түрлі тарихи, әлеуметтік, этнопсихологиялық асулары тайға таңба басқандай көрініс тауып отырады. Жырау сөзінің этнологиясына байланысты М.Қашқари, В.Радлов, Ш.Уәлиханов, Х.Зарифов, В.Жирмунский, М.Смирнова, Е.Смайлов, Қ.Айымбетов сияқты ғалымдардың пікіріне сүйене келе, фольклортанушы Едіге Тұрсынов: «Демек, «жырау» деген атау «йыр-жыр» сөзінен «йырағу-жырау» формасы арқылы жасалған сөз деп айтуымызға әбден болады» - деген қорытынды жасайды. Шоқан Уалиханов: «Ұйғырлар өздерінің жыршыларын «бахши» десе, Әуелбек Қоңыратбаев: «Бақсылық құралы-қобыз, сарыны-күй, өлшеуі-жыр» дейді. Әубәкір Диваев: «Бақсы- шағатай тілінде емші, тәуіп, көріпкел, сиқыршы деген мағынаны білдіретін бақшы сөзінен тарайды» деген пікірін алға тартады. Аталмыш ғалымдардың түйіндей түскенде шығатын қорытынды, көне замандарда бақсы, сәуегей, жыршы, ақын сияқты түрлі типтердің сан тарау қияметтерін жыраудың жеке атқарғандығы. Жырау - синкретті тұлға.
Белгілі қазақ ғалымы, М.Мағауин: «Жырау деген атаудың өзінің «Жыр» сөзінен шыққандығы күмән туғызбайды» деген пікірге тоқтайды.
Махмұд Қашқари жырау сөзін (йырағу) өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді. Өйткенмен, жырау бағзы замандардың өзінде ең алдымен сөз зергері ретінде танылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет