Тексерген: Төлеубаев Т. А



Дата09.02.2023
өлшемі21,74 Kb.
#66527

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

МӨЖ

Орындаған: Тұрғынбаева Л.М.
Тексерген: Төлеубаев Т.А.


Алматы 2023
Теория, методология және тарихнама мен деректанудың теориясы мен методолгиясы
Тарихнама ежелгі грек тілінен аударғанда “история” - тарих және “графия” - тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді.. Тарихнаманы ең алдымен адамзат қоғамын танудың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылатын тарих ғылымының тарихы деп түсінген жөн. Сондай-ақ тарихнама деп белгілі бір тақырыпқа немесе тарихи дәуірге арналған зерттеулердің жиынтығы деп есептеймін. Адамзат жазуды пайдаланғанға дейінгі кезеңде тарихи білімнің кейбір белгілері ауыз әдебиеті үлгілерінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз, әңгімелерде, шежірелерде сақталып келді. Онан кейін мысал келтірсем тарихи таным белгілері көне жазба ескерткіштерінде (Авеста, Бехистун сына жазулары, Күлтегін жазуы, Тоныкөк ескерткіші3 ), т.б. көрініс таба бастады. Адамзат өзінің өткеніне үлкен мән беріп, одан тағлым, сабақ алу мақсаттарында бастан кешірген оқиғалар мен түрлі жайттарды әр алуан жазу құралдарының беттеріне, ал қағаз пайда болғаннан кейін хатқа түсіруге мүдделі болғаны бәрімізе анық. Ал жазуы жүйелі түрде дамымаған халықтар тарихты ауызша айтуды қалыптастырды. Тарихи оқиғалар түрлі сипатта, мемлекеттердегі өзіндік саяси ұстанымдарға, белгілі бір көзқарастарға, идеологияларға байланысты баяндалып отырылады деп санаймын. Мәселен, ежелгі дәуірде тарихи оқиғалар мен процестерді сипаттауда діннің рөлі айтарлықтай еді. Осыған орай көне замандардағы жазбаларда тарихи баяндар “құдайдың еркімен” жүрген құбылыстар ретінде жазылған. Бірте-бірте тарихты танудың анағұрлым жетілдірілген жолдары қалыптаса бастады деген ойдамын. Тарихты біршама жүйелі түрде әңгімелеп жеткізудің алғашқы қадамдары жасалды. Мұндай бастамалар дүние жүзінде тұңғыш рет ежелгі Грекияда орын алды. “Тарихтың атасы” атанған Геродот өзінің “Тарих” атты еңбегінде тарихи оқиғаларды деректердің негізінде сол замандағы “құдайдың еркімен” байланыстырып жазды, алайда пайдаланылған мәліметтер сыни талдаудан өткізілмей, олар бірінен кейін бірі тізбектеліп айтыла берді. Осындай кемшіліктеріне қарамастан шығарма грек тарихнамасының қалыптасуына игі әсер етті.
Қазақ тарихының деректануында ХУІ-ғасырдың орта кезінен ХХ-ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастарының мәселелері отандық тарих ғылымындағы басым проблемалардың бірінен саналды. Мұндай басымдылықты қазан төңкерісіне дейінгі ұлыдержавалық шовинистік пиғылмен, кеңестік кезеңдегі коммунистік идеологияның ықпалынан туындаған құбылыс ретінде таныған жөн. Осындай құбылыстың нәтижесінде қазақ даласының Ресейдің айыр басты бүркітіне бағынуы “кіру”, “өз еркімен қосылу” тәрізді процестердің қалыптасуына алып келді. Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауы, оның ішкі, сыртқы факторлары, Әбілхайыр ханның рөлі, қазақ жүздерінің империяға адалдығы жөнінде ант берулері, т.б. мәселелердің зерттелуі деңгейі айқындалып, осы проблемаға қатысты ғылымның жай-күйі көрсетілді.Бодан болудың ауқымындағы казак отарлауы тарихын кеңестік кезеңде П.Г.Галузо ғана зерттеген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін М.Ж.Әбдіров, Т.Б.Митропольская, В.А.Терещук проблеманы анағұрлым терең әрі жан-жақты қарастырып, тарихи шындыққа сәйкес тұжырымдар жасады. Отар аймақтағы қазақтар туралы олардың тарихынан, әлеуметтік құрылымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет-ғұрпынан бастап, алуан түрлі мәліметтер беретін жалпылама еңбектер, сондай-ақ қазақ қоғамының саяси, экономикалық жағдайының, құқықтық нормаларының, мәдениетінің жекелеген мәселелерін арнайы және терең зерттеген шығармалар тарихнамадан орын алады.Отандық тарих ғылымында қазақ қоғамындағы әлеуметтік-шаруашылық мәселелері, соның ішінде орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі анағұрлым терең зерттелді. Осы орайда Б.Сүлейменовтың, П.Г.Галузоның, Е.Бекмахановтың, Ц.Фридманның, Ә.Б.Тұрсынбаевтың, М.Х.Асылбековтың, Е.Ділмұхамедовтың, А.Нүсіпбеков - тың, Ж.Қасымбаевтың, Ж.О.Артықбаевтың, С.Игібаевтың33 және т.б. еңбектері жарияланды. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі мәселелеріне Т.Ә.Төлебаевтың тарихнамалық зерттеуі арналды.

Тарихнама - тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы. Сондықтан да ол үнемі тарихнамалық зерттеулер деген ұғыммен тығыз байланысты. Тарихнамалық зерттеулер белгілі бір дәуірде пайда болған тарихи таным бағыттарына тән және әлеуметтік функциялар атқаратын принциптердің негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар тарихнамалық зерттеулердің міндеттері тарих ғылымының даму сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты айқындалады және қол жеткізілген тарихи таным мен тарихи ойдың деңгейіне, сондай - ақ зерттеу әдістеріне тікелей тәуелді болады. Тарихнамалық зерттеулер ғылым ретіндегі жалпы мәселелермен тығыз байланысты. Тарихи танымның даму жолдарын бірізді қарастыра отыра тарихнамалық зерттеулер тарих ғылымының қозғаушы күштерінің, әртүрлі ғылыми мектептердің бағыттарының пайда болуының және ауысуының заңдылықтарын, олардың объективті шынайылықтың көрсеткіштеріне орай қалыптастырған тұжырымдамаларының, сол ғылыми ой-тұжырымдардың өз заманының қоғамдық өміріндегі, тарих ғылымын дамытудағы маңызын айқындауға мүмкіндік береді. Белгілі бір тарихи тұжырымдаманың әлеуметтіктарихи тәжірибенің тезіне төтеп беруі туралы мәселені анықтаудың міндетін қойған тарихнамалық талдау тарихи зерттеулердің теориялық тәжірибесін қорытындылауға алып келеді. Тарихнамалық зерттеулердің тарих ғылымын дамыту үшін қажеттілігі тарихи танымның дамуы ережеге сәйкес бұрын ғылыми айналымда болған деректердің шынайылық дәрежесін сын тезінен, сонымен бірге жинақталған фактілік материалдарды жаңа ой елегінен өткізуді талап етеді деп есептеймін


. Фактілік материалдың үздіксіз өсіп отыратын өзара байланыстағы тарихи оқиғалардың буындары ретінде белгілі фактілердің тарихтың ағымында жаңа мән мен маңызға ие болғандығын байқау нәтижесінде объективті қажеттілігі арта түседі. Осыған орай тарихнама зерттеудің мынадай негізгі аспектілерін иеленеді. Біріншіден. Тарихи таным өзінің дамуының әрбір жаңа сатысында әлеуметтік қызмет атқарады әрі сол әлеуметтік функциялардың әртүрлі дәуірлерде жүзеге асырылуын анықтайды. Зерттеудің осы аспекті тарих ғылымы мен қазіргі кезеңнің өзара қарым-қатынастарын қарастыра отырып тарихнама тарихи танымның әлеуметтілігінің аса маңызды дерегін зерттейді, тарихи танымның тарихшының әлеуметтік позициясына тәуелділігінің қорытындысын шығарады. Екіншіден. Теориялық-методологиялық принциптерді зерттеу әрбір тарихи ой-тұжырымның бағыттарына тән. Бұл үшін бір жағынан тарих ғылымы және екінші жағынан философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, теориялық жаратылыстану ғылымдары арасындағы байланыстарды ашу қажет. Алайда теориялық-методологиялық принциптерді зерттеу тарихшылардың белгілі бір мектептерінің жалпы теориялық пікірлерін жинақтап талдаумен шектелмеуі тиіс. Ол тарихи зерттеулердің теориялық-методологиялық ережелері мен тәжірибесін қолдануды талдауы қажет. Үшіншіден. Тарихи еңбектердің деректанулық базасын, деректерді пайдаланудың сипатын, зерттеудің нақты әдістерін талдау. Тарихнаманы осы тұрғыда қарастыру зерттеудегі тарихи ойдың түрлі бағыттарына тән өзіндік әдістерін айқындауға, тарихи фактілерді орнату мен жүйелеуде әрбір ғылыми мектептің орнын анықтауға, тарихи зерттеудің методологиясының және әдістерінің өзара байланыстарын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Төртіншіден. Тарихи зерттеулердің проблемасын, оның дамуы мен кеңеюін талдау тарихи таным прогресінің аса маңызды көрінісін және белгілі бір тарихи дәуірдің әлеуметтік-экономикалық, саяси талаптарының көрініс табуын талдау. Бесіншіден. Тарихи ойдың әртүрлі бағыттары және түрлі мектептер қалыптастырған ғылыми тұжырымдамаларды зерттеу. Тарихи тұжырымдамаларды талдау бір жағынан жарамсыз көзқарастардың жойылуы процесін дәйектеуге, екінші жағынан, тарих ғылымының дамуындағы сабақтастықты айқындауға, осы дамудың алдыңғы кезеңдердегі объективті шынайы нәтижелерін жаңа жағдайларда пайдалануға қолайлы мүмкіндік тудырады. Осындай негізде әртүрлі мектептер өкілдерінің тарихтың сол кезеңдеріндегі өзекті мәселелері бойынша күресі анық бейнеленеді. Алтыншыдан. Тарих саласындағы зерттеу жұмысының түрі мен ұйымдастырылуын, оған қоса ғылыми мекемелер және мұрағаттар жүйесін, мамандар даярлау мәселелерін, баспа қызметін, тарихи тұжырымдарды пайдалану түрлерін, оларды насихаттауды зерттеу, т.б. Тарихнамалық зерттеудің түрлі аспектілері бір-бірімен тығыз байланысты. Тек тарихнамалық материалдарды кешенді түрде зерттеу тарих ғылымы тарихының негізгі желісін және оны ғылым ретінде тұтастай көрсетуге, сондай-ақ жекелеген мәнді құбылыстарын ғылыми тұрғыда қайта жаңғыртуға жол ашады. Сонымен қатар тарихнамалық зерттеу заманауи көкейкесті мәселелерді белгілеп, оларды жаңа тарихи таным мен көзқарастар негізінде ғылым таразысынан өткізуге, тың еңбектер дайындауда жинақталған тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді. Тарихнамалық мәселелерді зерттеу қазіргі кезеңде зерттеушіден мәдениеттің жалпытарихи жоғары деңгейін, нақты тарихи материалды терең білуін, біліктілікті, сонымен қатар ғылымның методологиялық ұстанымдарын жан-жақты меңгеруін талап етеді. Тарихнама тарихтың тарихын зерттейтін ғылым саласы ретінде өзінің алдына нақты мақсат-міндеттерді қояды. Тарихнама ғылымының мақсаты - белгілі бір ғылыми мәселенің зерттелу деңгейін анықтап, тарихнамалық деректердің мән мазмұнын, зерттелу бағыттары мен үрдістерін айқындау, объективті түрде зерттелмеген тұстарын тану.

Методология көне грек сөзінен аударғанда “методос” - “зерттеу жолдары,” “таным тәсілдері”, ал “логос” ілім деген мағына береді, яғни ол ғылыми зерттеу жолдары, таным тәсілдері туралы ілім болып шығады. Ғылымда методологияның “тарихи таным теориясы” деген интерпретациясы да кездеседі. Қазіргі кезеңде методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшылар белсенділік танытуда. Мәселен, В.В.Журавлев: “... тарихи зерттеу методологиясы - бұл тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың принциптерін реттеу. Методология бұл тұста ғалымның қарамағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін патша емес. Яғни, методологияны “не істесем де өзім білемін” деген принципті ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынамен бірге өседі, ал соңғысы ғалымның күш-қайратының арқасында молаяды”39 , - деп жазды. Сонымен тарих ғылымының методологиясы теориялық, дүниетанымдық ережелердің жүйесі, ол нақты шындықты танудың тәсілдері ретінде ғылыми талдау жасау талаптарынан пайда болады. Басқаша айтқанда тарих ғылымының методологиясы ғылыми зерттеу жұмысында танымдық принциптер, идеялар ретінде пайдаланылатын белгілі бір дүниетанымдық теориялық ережелердің жүйесі. Методология - белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары, яғни методология математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін теориялық жағынан жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастырып, дамытуды талап етеді. Методологияға сүйеніп, зерттеуші істәжірибелік қызметінде әдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми әдістер құрылымын былайша көрсетуге болады


1. Танымның мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық принциптер.
2. Зерттелуге тиіс мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік қолданыстар
3. Ғылыми зерттеуді дәйектейтін, оның барысы мен нәтижелерін көрсетуде қолданылатын тәсілдер
Осылайша, әдіс зерттеудің теориясының, әдістемесінің және техникасының өзара байланысын іске асырады. Методология әдістен де кең, ол әдістердің ілімі ретінде білімнің үш деңгейінен құралады: философиялық, ғылыми-теориялық және эмпирикалық. Енді тарихнаманың зерттеу әдістерін көрсетуге көшейік. Методологияның аса бір маңызды міндеттері тарихнама ғылымының әдістерінің табиғатын, 39 Журавлев В.В. Методология исторической науки. Вчера. Сегодня. Завтра. // Кентавр, 1995. №6. -146 б. пайдаланылуын және ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатқа қол жеткізу әдістің жалпы мазмұнын, соның ішінде ғылымның әдісі ретінде түсіну арқылы мүмкін болады. Әдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихнамалық процестің күрделілігі көптеген зерттеу тәсілдерін қолдануды талап етеді. Тарих ғылымында әдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру және байыту мақсатында қажетті материал бере алады.

Қорыта келе айтқанда, жоғарыдағы келтірілген мысалдарды алға қоя отырып, бұл ғылым салаларының маңызын алдыға қойғым келеді. Тарихнама, деректану, теория, методология әлеуметтік ғылымдармен етене жақын қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар тарихнама мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану ғылымдарымен пәнаралық байланыстар орнатады. Осылайша тарихнама өзінің зерттеу ауқымын кеңейтіп, тереңдетуде бірқатар ғылымдармен байланыс орнатады деген көзқарастамын. Алайда барлық байланысатын ғылымдарымен бірдей дәрежеде қарым-қатынас орната алмайды. Олай болуы да мүмкін емес, өйткені әртүрлі ғылым салаларының өзіндік ерекшеліктері және тарихнамалық зерттеулердегі алатын орны әр алуан деп есептеймін. Ал методология - белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары, яғни методология математикадағыдай дайын формула емес деп есептеймін себебі, ол өзін теориялық жағынан жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастырып, дамытуды талап ететін кешенді ғылым.. Методологияға сүйеніп, зерттеуші істәжірибелік қызметінде әдістер кешенімен жұмыс істейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет