Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері (1918-1924 жж.) Ж о с п а р Кіріспе І. Тарау. Түркістан АКСО білім мәселелері 1.1 мектептік білім беру ісі
1.2 Орта арнаулы білім беру жүйесі
ІІ. Тарау Түркістан АКСР жоғарғы білім беру және ғылымының дамуы 2.1 Жоғарғы оқу орындары және олардың қызметі
2.2 Ғылым және ғылыми қоғамдардың қызметі
Қорытынды Әдебиеттер тізімі Қосымшалар
Бір ғана игілік бар, ол – білім, бірғана жаңалық бар – ол ғылым Сократ Кіріспе Еліміз егемендік алып, ұмыт болған тарихымызбен қайта жүздесіп, шынай ы тарихты ашып, ақиқатты баяндауға, өткенімізді қайта саралауға мүмкіндік туып отыр. Тірлікке жаңа ұрпақ жетіліп келіп жатқан бұрынғы бар ұрпақтың өзі тағдыр мен тарихтың талай таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмаулаушылыққа ұшыраған, зерттелуі мырдымсыз тақырыптардың бірі Түркістан АКСР тарихы.
Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақ елі тарихын тереңнен танып білуге көмескі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
1917 жылдың 7 сәуірінде Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Ал 1918 жылы сәуір айында РК ФСР құрамындағы Түркістан автаномияны кеңестік республшикасы құрылды. Аласапыран мол аса у ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі тілі мен діні бір буарылас түркі халықтарының ортақы мемлекеті Түркістан АКСР болды. Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздаұтары, бүкіл саналы ғұмырын Түркістан тарихын тулатуға жұмсалды. Олар Түркістан өлкесіде орын алған дүрбелең тұста, халыққа пана, елге ұйыиқы бола біледі. Өлкедегі әртүрлі экономикалық әлеуметтік, (білім, ғылым) мәдениет саласындағы еңсе езер қым қуат қиындықтар мен ауыртпалықтардан арылудың төтен жолы оқу-білімде халықты жаппай сауаттандыруда екенін сезінді. Дүниенің кілті білім-ғылымда, жалпақ жаһанның өзге елдермен иек теңестіріп қуат білім, ғылым саласында екенін ұқты.