Тексерген: Тұрашова Ш



Дата16.10.2023
өлшемі1,19 Mb.
#115899
түріПрограмма





Тақырып: Информатика 8 сынып Атамұра баспасының 4-ші тарау бөлімдеріне талдау



Орындаған: Берікбай Аяна
Тексерген: Тұрашова Ш

2023-2024

Авторлары: С.Т. Мұханбетжанова, А.С. Тен, Л.Г. Демидова
Баспасы: Алматы “Атамұра” 2021ж.
Кітап басында шартты белгілер көрсетілген:

4 -ші тарау тақырыбы:


Пайтон тілінде алгоритмдерді программалау
4.1 While циклы
4.2 For циклы
4.3 Break циклін басқару
4.4 Continue циклін басқару
4.5 Else циклін басқару
4.6 Алгоритмнің трассировкасы

While циклы
Кіріспе бөлімде циклдің не екеніне, оның қайда қолданылатынын тоқталып кеткен.Кітап бетінде басқалардай көмекші достар кездеспейді, бірақ маңызды ақпараттар көк шеңбер ішінде айтылған.Және де сары шеңбер ішінде сөздердің ағылшынша аудармасы да жазылған. Бірақ ақпараттар баланың назарын аударатындай қылып жасалынбаған.Келесіде уайл циклінің блок сызбасы көрсетілген.

Уайл циклін түсіндіргеннен кейін онымен жұмыс жасау басталып кетті.Келесі мысалда онымен қалай программа құру керектігі қадам қадаммен көрсетілген. Менің ойымша мұғалімнің жетегінсіз де бала кодтарға қарап отырып түсінуге болады. Тақырып аяқталғаннан кейін осыған байланысты 7 сұрақ қойылған және де маған ұнағаны қолдану бөлімінде берілген код мысалдағыға өте ұқсайды соған қарап отырып шығаруға әбден болады.Бірақ жинақтау мен талдау бөлімі сәл күрделілеу тапсырмалар берілген. Бағалау бөлімінде оқушыларға қызық тақырып берілген. Бағалау кезеңіне дейін топтық және жұптық жұмыстар , келесі кезеңде жеке жұмыс бар Оны топпен талдау сабақтың соңын қызықты етеді.

For циклы
Алғашқы беттің кіріспесі маған ұнады, себебі бірден назар туындайтын үлкен элементтермен қызық етіп жасалынған. Және алдыңғы уайл циклын қайталап одан айырмашалығын айтқан.Тақырып өте түсінікті

Мынандай мысалдың біраз түрінен фор циклына мысал арқылы оңай түсінуге болады. Тақырып алдыңғыға қарағанда күрделілеу сондықтан мұғаліммен жұмысты қажет етеді.Қадамдарды ретімен орында бөлімінде кодты қалай жазу керектігі өте анық түсіндірілген. Осымен код жазуға болады.Кодтарды ағылшын тілінде жаттау керектігі де ескерілген.

Мына талдау бөлімінде де кодтардың қолданылу аясын маңыздылығын сұраған. Егер осылармен жұмыс жсаса жаттау да оңай болады.Циклға берілген тарсырмалардың соңғыларын мұғаліммен бірге шығаруы керек деп есептеймін.
Break циклін басқару

Кіріспенің басынан көріп отырғанымыздай өте қызықты басталған. Көзіміз ең бірінші тірек сөздерге түседі. Осы бетте тірек сызбада барлығы циклды оңай түсінетіндей етіп жасалынған. Тақырып қысқаша ғана түсіндірілген, бірақ практикалық жұмыстар көп. Циклды түсіну үшін мысалдағы есептердің барлығын шығара алып білу керек.

Continue циклін басқару
Тақырыпта алдыңғы циклмен байланысы туралы және циклдың қалай орындалатындығы қысқаша ғана айтылып өткен.Қолдану және талдау бөлімдерінде циклына практикалық мысалдар көрсетіліп берілген. Талдауда мысал құрастыруға берген. Ақпараттар текст түрінде берілген. Жинақтау бөлімінде кодты топтық жұмысқа негізделген.Бағалау бөлімінде жұптық жұмысқа бейімдеп жасаған.Бұл бөлімде байқағаным баланың өз жеке жұмысы 1 ғана қалған тапсырмаларды топпен не болмаса жұппен орындайды.

Тапсырмаларды практикалық жүйеге негізделген.
Else циклін басқару
Тақырып басында сұрақ қою арқылы ол циклдің бізге қажеттілігін айқындаған. 1-ші бетта ақпарат көп және олар қызықты етіп белгіленген.
Маңызды ақпарат пен топтық жұмыс көзге бірден көрінеді. Және де 3 тілділікке көп көңіл бөлген. Әр тақырып басында маңызды терминдердің 3 тілде аудармасы сарымен белгіленген. Білу және түсіну бөлімінде балаға жеке жұмыс берілген.


Қолдану бөлімінде оқушыға жеке жұмыс берген. Тақырып соңында қызықты мәлімет келтірілген. Символдар кестесін шығаруға арналған өте қызықты практикалық жұмыс. Оны орындау оқушының өз еркінде. Тақырып соңына келетін болсақ көбінесе жеке жұмысқа негізделген.

Алгоритмнің трассировкасы
Тақырыптың алғашқы бетінде әдеттегі 3 тілділік сарымен белгіленген. Және тақырыптың не екенін, оның анықтамалары көк жеңбер ішінде байқалатындай жазылған.Ақпараттар түсінуге және жаттауға оңай болуы үшін кесте түрінде жазылыпты. Пайтондағы қате типтер сызба ретінде көрсетілген.

және практикалық тапсырмалар да қосылған. Есепті 2 түрлі тәсілмен шығарып көрсеткен.Білу және түсіну бөлімінде жеке жұмыс қарастырылған.Қолдану бөлімінде жұптық жұмыспен есепті талдау берілген. Жинақтау, бағалау бөлімінде жұптық практиакалық жұмыстарды орындау қажет.


Қорытынды: Менің талдауым бойынша Атамұра баспасы 8 сынып оқушылары үшін ыңғайлы оқулық. Себебі ішіндегі ақпараттар көп емес, сондықтан баланы зеріктірмейді, практикалық тапсырмалар да көп. Информатика ағылшын тілімен, яғни кодпен байланысты болғандықтан ағылшын тіліне де назар аударылған. Мен бұл баспадан кемшілік таппадым. Маңызды ақпараттар жетерлік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет