Тәрбие сағаты «Есірткісіз болашаққа» Күні



бет1/5
Дата17.06.2023
өлшемі242 Kb.
#101946
  1   2   3   4   5

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі


ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Есірткісіз - болашаққа»
Күні: 09.03.2023 ж.
Оқу тобы: Г-22-9
Курс: 1
Дайындаған: Өтеген Н. Ө.


Қызылорда, 2023 ж.


Тақырыбы: «Есірткісіз - Болашаққа»
Тәрбие сағатының мақсаты:
«Бірінші байлық-денсаулық» деп айтылғандай, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хәл-ақуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.
Тәрбие сағатының жоспары:

  1. Темекі жайында мағлұмат.

  2. Насыбай жайында мағлұмат.

  3. Арақ жайында мағлұмат.

  4. Есірткі жайында мағлұмат.

  5. Ситуациялық сұрақтар.

Тәрбие сағатының қонақтары: колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалманова Г.М., әдіскер Жалғасова О.А., оқытушы Абдиева А.И.
Көрнекіліктер: слайд, бейне роликтер.
Тәрбие сағатының барысы: (50 мин)
Темекінің тарихы
1492 жылы испаниялық теңізші Христофор Колумб Америка құрлығын байқағанда жергілікті халықтың құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, соны ысын иіскеп отырғанын кемедегі екі матрос байқап қалады. Бұл екі матростың бірі әлгі ысты сорып, сынап көрген. Бұл темекі тартқан тұңғыш еуропалық саналады. Испанияға қайтан соң ол құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, ысын соруды әдетке айналдырған. Мұны көрген көршілері таң қалып, оны «шайтан иектеген» деп жергілікті діни соттың түрмесіне қаматқан.
1518 жылы испаниялық саяхатшылар маялықтардың темекі жапырағын түтікше ішіне салып тұтатып, тартып отырғанын көреді де, олардан сұрап тартып көреді. Бұл ең алғашқы темекіні сұрап тарту болса керек.
1530 жылға жеткенде темекі Испанияда кең көлемде тарала бастаған.
1560 жылы Францияның Португалияда тұратын бас елшісі Ян Никотин темекіні Францияға әкеліп, ауру емдеуге қолданған. Және сол арқылы Франция ханымын емдеген. Никотиннің еңбегін қадірлеу үшін химия ғалымдары көк темекі құрамындағы улы затқа «Никотин» деп ат берген. Осыдан бастап көк темекі Францияда егіле бастады.
1639 жылы Қытайдың Мин дәуірінің патшасы жарлық түсіріп, темекіні шектеген. Және темекі тартқандарды өлім жазасына тартқан. Бұл темекі туралы тұңғыш заң еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет