Тәрбие сағатының тақырыбы : 14 – наурыз амал мерекесі



Дата12.12.2022
өлшемі20,49 Kb.
#56734

Наурыз – жыл басы ! Амал мерекесі
Тәрбие сағатының тақырыбы : 14 – наурыз амал мерекесі
Мақсаты : Оқушыларға амал мерекесі жайында кең ұғымда түсінік беру , және қазақ халқындағы сонау жылдарда қалыптасқан мерекенің тарихын ұғындыру . Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу..

"Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған", - дейді Оспанова.
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй –дастархан, даламыз – сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз

14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық-саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
Таң лебі мен таң атысымен қазанда бұрқырап пісіп жатқан бауырсақтың иісі Көрісу күнінің белгісі іспетті. Әр үйдің үлкендері оянып, дастарханын толтырып, көрісіп шығатын бала-шағаны күтіп отырады. 14 наурыз күні күн шыққанда есігі ішінен құлыптаулы тұрған үй болмайды. Бәрінің есігі ашық, үйі жинаулы, дастарханы мол болып тұруы керек


Осыған орай қазақ халқының жыл басы саналатын амал мерекесі жайлы қызығырақ мәліметтерді жинақтай отыра , сіздерге қазір шағын сұрақтар беріледі . Сол сұрақтарға жауап беру арқылы тақтада тұрған сөзжұмбақты реті бойынша қарастырып , ретімен орналастырасыздар !
1.Көрісу күнінің балама атауы ? ( амал )
2.Қазақ халқындағы жыл басы саналатын ай? ( наурыз)
3.Наурыз мерекесінде ойналатын ойын түрі ? ( алтыбақан ) және (қызқуу)
4.14 наурыз қазақ халқында қандай мереке ? ( көрісу )
5.Ай мен күннің бір уақытқа тоғысуы басқаша қалай айтылады ? (тенелу )
6.Наурыз - ... ! ( жыл басы )
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды ! Көңіл бөліп, назар салып тыңдағандарыңызға рахмет ! Келе жатқан амал мерекесі келесі жылға дейін аман жеткізіп , жан – бастарыңызды аман қылғай !
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы - 22 наурыз мерекесін қарсы алады...

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет