«Дерматология және клиникалық микробиология» Тақырыбы: «Терінің қосалқы мүшелері: тері және май бездері, шаш, тырнақ» Жоспар Кіріспе Тері және оның қызметі мен құрылысы Негізгі бөлім
Тері құрылысы Эпидермис Мүйізді Жылтыр Дәнді Тікенекті Базальды мембрана Эпидермис - қалыңдығы 4 мм-ге дейін болатын тері қабаты. Ол көп қабатты эпителийден тұрады. Оның бірнеше қабаты бар. Терінің ең жоғарғы қабаты - мүйізді қабаты. Оның жасушалары біртіндеп эпидермистің ішкі қабатындағы жаңа жасушалармен алмастырылады. Эпидермисте қан тамырлары мен жүйке жоқ, бірақ әр түрлі рецепторлар бар.
Эпидермистің астында терінің негізгі қабаты -дерма орналасады. Дерма екі: жүйкелер, рецепторлар мен қан тамырлары болатын беткі және терінін созылғыштығын қамтамасыз ететін созылғыш талшықтар орналасқан тереңдеу қабаттан тұрады. Дермада бірқатар өсінділер: тер және май бездері, шаш түбірі, тырнақ негізі бар. Тер бездері сұйық түзінді (тер) шығарады. Термен организмнен зат алмасу өнімдері шығарылып, су-тұз алмасу реттеледі. Тері бетінен тердің бөлінуі жылу сіңіруге байланысты және дене температурасының төмендеуіне әсер етеді.
Дерма Емізікті қабат
Торлы қабат
Гиподерма Тері астындағы май клетчаткасы аралығы май жасушаларымен толы қалың, жұмсақ, ширатылған талшықтардан тұрады. Тері астындағы май қабаты денеге біртегіс таралмаған, оның қалыңдығы жас ерекшелігіне, жынысқа, тамақтануға және өмір сүру салтына байланысты. Тері астындағы май клетчаткасында және ішкі мүшелер маңында, негізінен, ақ май ұлпасы жинақталған. Ол энергия көзі болып табылады; ішкі мүшелерді, ұлпа мен сүйекті соққыдан сақтайды; ішкі мүшелерді жылу мен суықтың шектен тыс әсерінен оқшаулайды. Қоңыр май көп жылу түзеді. Ол арқада жауырын аралығында, мойынның шүйде бөлігінде, кеуде және құрсақ қуыстарының ірі тамырлары бойымен орналасқан.
Тері бездері Тер- түссіз, сәл лайлы және тұзды дәмі бар, 98 % судан тұратын сұйықтық. Тері бөліну кезінде ағзадан су ғана емес, әртүрлі метоболизм өнімдері де бөлінеді.
Сонымен қатар ағзаға түскен сынап тұзы, темір, мышьяк, мыс тұздары аз-аздан бөлініп отырады.
Сонымен тер бөлінуі – гомеостазды ұстап тұрудың бір механизмі.