Тыныс алу жүйесі және оның жастық ерекшеліктері Жоспар



бет1/4
Дата24.04.2023
өлшемі62,5 Kb.
#85986
  1   2   3   4

№ 14 дәріс: Тыныс алу жүйесі және оның жастық ерекшеліктері
Жоспар:

  1. Тыныс алу жүйесінің маңызы. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі

  2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

  3. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі

  4. Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар

1 сұрақ Тыныс алу жүйесінің маңызы. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі
Адам ағзасы өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі ағзаға қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады (1-сурет). Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары (лат.альвеолус - ойма қуыс, науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі - өкпе. Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.
Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий жасушаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі ағзаға қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ-ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей - сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды. Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет