Жоғары жүйке қызметі және оның жастық ерекшеліктері Жоспар



бет1/10
Дата02.06.2023
өлшемі113,5 Kb.
#98201
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4-5 лекция 3


№ 4-5 дәріс: Жоғары жүйке қызметі және оның жастық ерекшеліктері
Жоспар:
1. Жоғары дәрежелі жүйке қызметі туралы жалпы түсінік.
2. Шартты рефлекстердін тежелуі және жас ерекшеліктері.
3. Шартты рефлекстердің пайда болуы мен тежелуінін жас ерекшеліктері.
4. Жоғары жүйке әрекетінің топтары.
5. Тіл. Бала тілінің дамуы.
6. Ес. Бала есінің дамуы. Эмоция, оның түрлері, физиологиялык негізі.
7. Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшелігі.
1 сұрақ Жоғары жүйке қызметі туралы жалпы түсінік
Адамдардың үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары жүйке қызметі (ЖДЖҚ) деп аттайды. ЖЖҚ ағзаның күрделі мінез-қылығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Үлкен ми сыңарлары қыртысы, қыртыс асты ядролы, аралық ми құрылымдары оның морфологиялық негізі болып саналады. ЖДЖҚ ағзаның сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жоғары жүйке қызметтері: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
Жоғары жүйке әрекетін түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жұмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбиелеуге болады.
Жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізі шартты және шарттсыз рефлекстер болып табылады. И.П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп болгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде ағзаның тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері аркылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезенде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет