Тірек сөздер: тіл, тіл білімінің салалары, фонетика, тіл дыбыстары, дыбыстық жүйе, фонетиканың салалары, сипаттамалы фонетика, тарихи фонетика, физиологиялық фонетика, фонология. Тіл білімі – лингвистика



Дата24.05.2022
өлшемі17,92 Kb.
#35516
Байланысты:
лекция 1


1-дәріс. Тіл білімінің салалары. Фонетика және оның салалары
1. Тілдердің шығуы.
2. Тіл білімі және оның салалары.
3. Фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала.
4. Фонетиканың салалары.
Тірек сөздер: тіл, тіл білімі, тіл білімінің салалары, фонетика, тіл дыбыстары, дыбыстық жүйе, фонетиканың салалары, сипаттамалы фонетика, тарихи фонетика, физиологиялық фонетика, фонология.
Тіл білімі – лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика.
Тіл білімі
(тілтаным, лингвистика, языкознание)
 
Фонетика Лексика Грамматика Стилистика
Сөзжасам
Морфология
Синтаксис
Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды.
Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын түркітану (тюркология). Славянистика (славянтану), германистика (германтану) т.с.с. зерттейді.
Фонетика (гр. phone «дыбыс, дауыс, тон терімсөзі/термині), қазақша А.Байтұрсынұлынан бері дыбыс жүйесі деп айтылып келеді – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия. Тілші-ғалым А.Салқынбай дыбыс жүйесінің бірліктерін былайша жүйелейді:
- Дыбыстар дыбыс тіркесін (тіркесімділігін) құрайды.
- Бір немесе бірнеше дыбыс тіркесіп буын құрайды.
- Бірнеше буын ырғақты топ құрайды.
- Бірнеше ырғақты топ фраза құрайды (Салқынбай А. ҚҚТ. А., 2008)
Сонда:
дыбыс – буын – сөз – сөз тіркесі – сөйлем – мәтін
жүйесіндегі ең алғашқысы да, маңыздысы да дыбыс болып шығады.
Фонетиканың негізгі зерттеу нысаны – табиғатта кездесетін әртүрлі дыбыстар емес, адамның сөйлеу тіліне тән лебіздік (речь) дыбыстар. Лебіздік дыбыстар – табиғи тілдің материалдық көрінісі, өмір сүру формасы, таңбалануы.
Зерттеу мақсатының ерекшелігіне қарай фонетика іштей бірнеше түрге бөлінеді. Сипаттамалы фонетика (синхрондық, кейде статистикалық деп те аталады) лебіздік дыбыстардың белгілі бір кезеңдік даму жүйесін қарастырады. Атап айтқанда, дыбыстардың айтылудағы ерекшеліктері, М.: Мектеп, колледж, ЖОО-да оқытылатын қазіргі қазақ тілі фонетикасы осы түрге жатады.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың қалыптасу, даму тарихын айқындайды.
Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді.
Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф, палатограф, рентгенограф) көмегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.
Физиологиялық фонетика – тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді.
Фонология немесе функционалды фонетика тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993.213-217-бб.

  2. Кеңесбаев С. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А., 195. 219-223 бб.

  3. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А., 1999. 3-18 бб.

  4. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. 259-260 бб.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет