Тірі материя жағдайының химиялық байланыс табиғатына тәуелділігі



Дата14.10.2023
өлшемі1,48 Mb.
#114856

Тірі материя жағдайының химиялық байланыс табиғатына тәуелділігі

Тексерген: Перизат Талғатовна

Орындаған: Тобахан Бексұлтан

Тобы: 111А

Жалпы медицина

Тірі материя дегеніміз не?

  • Эволюция барысында жинақталған генетикалық ақпараттарды бере отырып, өздігінен өркендеуге қабілетті организмдер жиынтығы. Тірі материяда молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық түрлік және биосфералық - биогеоценоздық құрылым деңгейлері болады. Физиология алғашқы аталған бес деңгейге тән тіршілік заңдылықтарын зерттейді.

Тірі материя деңгейі

  • Молекулалық деңгей
  • Жасушалық деңгей
  • Ұлпалық
  • Популяциялық
  • Ағзалық немесе организмдік

Тірі материя деңгейлері

  • Молекулалық деңгейде биологиялық маңызы зор химиялык қосылыстардың организмнің өсіп-дамуындағы, нәсілдік ақпараттарды сақтап-қалдыруындағы рөлі мен тірі жасушалардағы зат алмасу, энергияның түрлену және басқа құбылыстардағы маңызы зерттеледі.

Two Content Layout with SmartArt

  • Жасушалық деңгей жасушаның құрылым принципін зерттеп, әр түрлі мүшелер мен ағзалардағы жасуша аралық физиологиялық-биохимиялық және құрылымдық-функционалдық, байланыстарды анықтайды.
  • Ұлпалық және ағзалық деңгей ұлпалар мен мүшелердің құрылысын, қызметін, әрекет механизімін, табиғатын, эволюция мен жеке даму зандылықтарын зерттеумен айналысады.
  • Популяциялық - түрлік деңгей организмдік деңгейден өзінің мерзімдік және ауқымдық сипатымен ерекшеленеді. Кез келген организм тіршілігінің ұзақтығы генетикалық бағдарламамен шектеледі. Өзінің өсіп-даму мүмкіндігін тауысқан соң организм өледі. Популяция тіршілігі қолайлы жайдайда мерзіммен шектелмей, ұзаққа созылады.
  • Ағзалық деңгейінде жеке индивидуумда байқалатын үрдістер мен құбылыстар, олардың түрлі мүшелері қызметіндегі үйлесімдіктің сыры, әртүрлі экологиялық жайдайға бейімделу механизмдері зертгеледі.
  • 1891ж Петербургте М.В. Ненцкий бірінші биохимиялық лабораторияны ашты. Гемнің құрылысын зерттеп, гемоглобин мен хлорофиллдың ұқсастығын тапты.
  • ХХ ғасырдың бірінші жартысында биохимияның жаңа салалары –адам биохимиясы, медициналық биохимия, жануар, өсімдік, микробтар және вирустар биохимиясы қалыптасты.
  • 1925ж Харьковте А. В. Палладин бірінші биохимия институтын ашты. Адамзаттың қазіргі кезеңдегі назары биохимиялық ғылымдар алдына тіршілік құбылысының мәнін анықтау, органикалық дүние дамуының биологиялық заңдылықтарын ашу, тіршілік физикасы мен химиясын, зат алмасу, тұқым қуалаушылық жөнінде бірқатар басты- басты міндеттер қойып отыр.

Химиялық тәуелділігі:

  • Өсімдіктер, жануарлар және ұсақ ағзалар жасушаларының йод химиялық құрамы ұқсас. Тірі ағзалар жасушаларының құрамына өлі табиғатта кездесетін 70-ке жуық химиялық элементтер кіреді. Бұл тірі және өлі табиғаттың ортақ екенін дәлелдейді. Жасушалардағы элементтер мөлшерінің қатынасы әр түрлі, сондықтан элементтерді бірнеше топтарға бөледі. Макроэлементтерден: оттегі, көміртегі, сутегі және азоттан біріші топ түзіледі. Кейде оларды органогендер деп атайды. Олардың жасушалардағы массасы шамамен 98% және барлық ағза заттардың негізін құрайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Жалпылай келе біздің тірі ағзамыз, қарапайым тілде айтатын болсақ химиялық элементтермен комплементарлы, себебі жануар жасушасы Менделеев ашқа барлық дерлік элементтер бар екенін зерттеген. Себебі ағза элементтер, көмірсу оттекпен әрі әртүрл органикалық және бейорганикалық заттармен өсіп жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет